Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2760 0 пікір 21 Мамыр, 2018 сағат 08:54

Қырғызстанның кеден қызметі бұрынғы басшысының үйіне тінту жүргізілген

Қырғызстанның Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы Кубанычбек Кулматов үйінде тінту жүргізілгенін растады.

Кулматов қандай органның өкілдері келгенін, қайсы үйінде тінту жүргізілгенін ашық айтпады. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) ресми өкілі Рахат Сулайманов бұл ақпаратты растамады да, теріске де шығармады.

Жергілікті БАҚ Кубанычбек Кулматовқа қозғалған қылмыстық іске байланысты айып тағылғанын хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша, TBEA компаниясынан мектеп құрылысына деп бөлінген грантты тиімді жұмсамаған. Кубанычбек Кулматов ол кезде Бішкек мэрі қызметін атқарған.

11 мамырда Кубанычбек Кулматовты TBEA компаниясы бөлген гранттың жұмсалуына байланысты тергеуге шақырған.

2014 жылы 386 млн долларға Бішкек жылу электр станциясын модернизациялау жұмысын қолға алған ТВЕА компаниясы 2 млн долларға астанада 1200 орындық мектеп және балабақша салуды да міндетіне алған.

Кулматов 2017 жылдың желтоқсан айында кеден қызметіне қайтадан басшылыққа келген. Ол 2010-2013 жылдары бұл қызметті басқарған. 2014-2016 жылдары Бішкек қаласын басқарған. 2018 жылдың 14 мамырында Кулматов кеден қызметі басшылығынан отставкаға кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1448
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1295
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1050
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1104