Сенбі, 4 Мамыр 2024
2907 0 пікір 21 Мамыр, 2018 сағат 08:50

Ташкентте танымал құқық қорғаушы Уәсила Иноятованы соңғы сапарға шығарып салды

19 мамырда Ташкентте "Эзгулик" ("Ізгілік") құқық қорғау ұйымын басқарған Уәсила Иноятова 62 жасында көз жұмды. Құқық қорғаушыны 20 мамырда астанадағы «Кукча» зиратына жерледі.

Дереккөзге қарағанда, Уәсила Иноятова ота үстінде қайтыс болған.

Өзбекстандық "Эзгулик" ("Ізгілік") құқық қорғау ұйымын басқарған Уәсила Иноятова мақта терімі кезінде тұрғындарды мәжбүрлі жұмысқа жегуге және 2016 жылы қыркүйекте қайтыс болған Өзбекстанның тұңғыш президент Ислам Каримовтің авторитарлық билігі тұсында билік орындарының азаматтарды азаптауына қарсы күрескен.

Соңғы жылдары Иноятова саяси тұтқындардың, оппозициялық белсенділер мен тәуелсіз журналистердің құққықтарын қорғап, түрмедегі тұтқындармен кездесіп, оларға құқықтық және қаржылай көмек көрсетумен айналысты. Халықаралық адам құқығын қорғаушы топтар Өзбекстандағы жағдайды Иноятовадан біліп отырды.

"Уәсила жапа шеккендерді қорғаушы нағыз күрескер еді, енді оның жоқтығы қатты білінетін болды", - деп жазды мамырдың 19-ы күні Twitter әлеуметтік желісіне Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлоу.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1085
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 822
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 956