Сенбі, 4 Мамыр 2024
2916 0 пікір 17 Мамыр, 2018 сағат 09:40

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Душанбені азаматтық қоғам кеңістігін кеңейтуге шақырды

Үкімет өз азаматтарының өмірінде шешуші рөл атқарады, "бірақ даналықты бағындыру мүмкін емес", - деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысының адам құқықтары жөніндегі көмекшісі Эндрю Гилмор.

Эндрю Гилмор азаматтық қоғам кеңістігін кеңейтуге шақырды, делінген 16 мамырда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңсесі таратқан баспасөз хабарламасында.

Гилмор бастаған БҰҰ делегациясы 15-16 мамырда Тәжікстанда болды. Делегация мүшелері тәжік үкіметінің мүшелерімен кездесті. Гилмор қоғамдық және адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдерімен, Тәжік ұлттық университетінің студенттерімен жүздесті. Бұл кездесулерге журналистер шақырылған жоқ.

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі адам құқығын қорғаушылар, журналистер, адвокаттар және басқа да тұлғалар өздерінің маңызды жұмыстарын ешқандай кедергісіз, қорқытып-үркітусіз атқару керектігін, олар қажетсіз әкімшілік тексерулер мен қудалаулардан қорықпауы керектігін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1132
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1034
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 888