Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
3323 8 пікір 7 Мамыр, 2018 сағат 12:46

Президент Назарбаев қырғыз және армян басшыларымен сөйлесті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен және Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында,  Назарбаев пен Саркисян Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады.

Қазақстан президенті  армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде, сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.

Ал Қырғызстан президентімен екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тараптардың өзара ықпалдастық мәселелері жайлы сөз етті.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1691
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1377
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1309