Сенбі, 27 Сәуір 2024
3384 0 пікір 7 Мамыр, 2018 сағат 11:43

Ресейде наразылық акциясында 1600-дан астам адам ұсталған

"ОВД-Инфо" ақпаратына сәйкес, Ресейде наразылық акциясында 1600-дан астам адам ұсталған. Оның ішінде Мәскеуде 703, Санкт-Петербургте 233 адам ұсталған.

Полиция мәліметіне сәйкес, оппозиционерлер акциясына бірнеше мыңдаған адам жиналған, олардың 800-ден астамы ұсталған. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуде 300, Санкт-Петербургте 200 адамды полиция алып кеткен.

Мәскеуде Пушкин алаңында оппозиция лидері Алексей Навальныйды ұстаған.

Тікелей эфир кезінде полиция Настоящее Время тілшісі Алексей Александровты ұстап, кейін босатқан.

Мәскеу, Петербургте тілшілердің хабарлауынша, полиция бұл жолы өте қатаң әрекет еткен. Тіптен көшеде жәй кетіп бара жатқан адамдардың өздерін тұтқындаған.

"Новоя газета" фототілшісі Михаил Гребенщиковты да кәсіби қызметі барысында суретке түсіріп жүрген жерінен полиция ұстап әкеткен.

Abai.kz

0 пікір