Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Рухани жаңғыру 3799 0 пікір 3 Мамыр, 2018 сағат 15:15

Алматы облысында қос басылымның ғасырлық мерейтойына орай айтыс өтті

Жетісу өлкесінің тума дарын жас ақындары арасында айтыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңірдегі меншікті тілшіміз. 

Ақындар айтысы Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайында» өтті. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Өңірлік коммуникациялар қызметі мен «Өлке тынысы» ЖШС бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ғасыр-ғұмыр» тақырыбындағы айтысқа облыстың әр өңірінен 18  жас жүйрік бақ сынады.

Оқушылар айтысын Сарқан мен Жамбыл ауданы атынан сөз додасын Сәлімхан мен Ақбота бастады. Айтар ойлары анық, әзілдері жарасымды шәкірттер қыз бен жігіт айтысының тамаша үлгісін көрсете білді.

Сөз сайысында екі жұп қос газеттің өткен  тарихына тоқтала отырып, атаулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, жас ақындар  қазақ  дəстүрін дәріптеп, салтын сыйлайтын өнер сүйер қауымына кестелі жыр, сүбелі сөз сайысын сыйлады.

Айтыс ерекшелігі суырыпсалма ақындар жас  болса да қоғамдағы өзекті мәселелерді ашып, қозғай білді. Сөз саптау шеберлігі мен шешендік өнері бір-бірінен өтетін 9 жұптың тартысы көпшілік жас буынға естен кетпес көңіл-күй сыйлады. Бастысы қазақ баспасөзінің қос қанаты болған газеттерді жырға қосты. Оқушылардың  айтқан сөздері де орамды болды, мәселен, жігітеріміз қыздарға қорған, елге орман болсын дегені айтысты ажарландыра түсті.

Өсе келе мықты сөз шешендері шығады деп сенім артқан әділқазылар жыр мүшайрасын терең қиыстырылған әзілдер ерекшелендірді,- деп атап өтті.

«Айтыс - мәні-мағынасы жоғары дүние. Айтыс болғаннан кейін оның деңгейі болады. Бұл сайысқа келген балалардың да деңгейі, дайындығы әртүрлі. Осы тұрғыда Райымбек ауданынан келген Диана есімді ару қызды ерекше атап өткім келеді. Ол қыздың дайындығы өте жоғары деңгейде, тілі құнарлы,сөз саптауы мәдениетті», - деп саралады қазылар алқасының төрайымы Забира Сайдильдина.

От ауызды, орақ тілді ақындардың өнері, сөз  саптаулары бағаланып айтыс қорытындысы бойынша  бас жүлдені Ерқұлан Риза, I орынды Жағалбайлы Диана, II орынды Сәлімхан мен Ақбота, ал III орынды  Мақсатбек Бауыржан, Айым Асылбекқызы, Мырзәлі Жүсіпәлі  өзара бөлісіп алды.  Жеңімпаздарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

6 сынып оқушысы Ерқұлан бұл жүлденің ұстаздары Айтуған Жетебаев пен Аяулым Жұмабекқызының арқасында қол жеткізгендігін айтып, алғысын білдірді.

«Алдымен айта кетерлігі бүгінгі дода аса тартысты өтті. Ерекше көңіл –күй бойымды кернеді. Қазақ қоғамына қажет ойлар мен парасатты пікірлер тиегі ағытылды. Жас ақындар да ойларын ашық айтып, тақырыпты аша білді деп ойлаймын. Осындай жырларын жаңбырша жаудыратын, тартымды айтыстар әлі де ұйымдастырылса», - деп сөзін түйіндеді бас жүлде иегері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2032
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2469
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2049
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1592