Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
3754 0 пікір 3 Мамыр, 2018 сағат 08:34

Тәжік ақыны әрі бұрынғы оппозиционер Бозор Собир АҚШ-та көз жұмды

Эмиграциядағы танымал тәжік ақыны, кезінде оппозициялық лидер болған Бозор Собир 79 жасында Құрама Штаттарда көз жұмды. Бозор Собирдің жесірі Гулчехра Собир күйеуінің 1 мамырда Сиэтла ауруханасында қайтыс болғанын хабарлады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Собирдің денесін туған еліне жеткізіп, Душанбеге жерлеуді дипломаттарға тапсырған.

Собир поэзиясы 1970-1980 жылдары танымал болды. Ол 1980 жылдардың соңында Совет лидері Михаил Горбачевтың қайта құру реформасынан кейін, Тәжікстанның демократиялық партиясы қатарына кіреді.

Собирдің өлеңдері бүгінгі күні ағылшын, неміс, испан және орыс тілдеріне аударылған. Бозор Собирдің шығармалар жинағы Ауғанстанда және Иранда жарық көрген.

1993 жылы Тәжікстанда Азаматтық соғыс кезінде Собир ұсталып, әлеуметтік араздық туғызды деген айыппен сотталған. Бірақ ол түрмеде тоғыз ай отырып, халықаралық құқық қорғаушылардың көмегімен бостандыққа шықты. Осыдан кейін ол АҚШ-қа көшіп кетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2079
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600