Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
3452 5 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 10:15

Енді Kazakh TV қырғыз тілінде хабар таратады

Қазақстандық Kazakh TV телеарнасы 1 мамырдан бастап қырғыз тілінде хабар тарата бастайды, деп хабарлады "Хабар" агенттігі.

Бұл телеарна бұған дейін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде хабар таратып келген.

Агенттіктің хабарлауынша, HotBird 13, AsiaSat 5, Galaxy 19, Kazsat 2/3 спутниктері арқылы әлемнің біраз еліне тарайтын Kazakh TV телеарнасының 450 бағдарламасы мен жобасы қырғыз тіліне аударылған, сонымен бірге қырғыз тілінде редактор, режиссер, журналистер жұмысқа алынған.

Телеарнаның халықаралық ақпарат бөлімінің продюсері Рейна Досалиеваның айтуынша, Kazakh TV күзден бастап өзбек тілінде жүгіртпе жолдар пайдалана бастайды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2032
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2469
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2049
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1592