Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3545 0 пікір 31 Қаңтар, 2011 сағат 07:20

Референдум өткізу бойынша түзетулер Конституцияның баптары мен нормаларына сәйкес келмейді – КК

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Конституцияға ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту бойынша енгізілген түзетулер Конституцияның баптары мен нормаларына сәйкес келмейді, деп мәлім етті Конституциялық кеңестің (КК) төрағасы Игорь Рогов.

«Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң Конституцияның 1 тармағының 2 бөлімімен ұйқаспайды және Конституцияға сәйкес келмейді», -  деді И.Рогов дүйсенбі күні отырыста шешімді жариялай отырып.

КК басшысы бұл шешімді түсіндіру барысында парламент қабылдаған заңды зерттеу барысында президенттің өкілеттіктерін ұзартуды қарастыратын норманың заң бойынша дұрыс енгізілмегенін айтты.

«Аталған заңның 1 тармағынжа ҚР президенті - Елбасының президенттік өкілеттіктері қандай мерзімге ұзартылатыны жазылмаған. Мұндай ұзарту бір рет немесе бірнеше рет жасалатыны немесе мемлекет басшысының сайлауға қатысудан толығымен бас тартып отырғаны түсініксіз. Осы конституциялық норманың нақты баяндалмауы іс жүзінде Конституцияда қарастырылған мемлекеттік және қоғамдық институттардың дисбалансына алып келуі мүмкін», - деді И.Рогов.

Сондықтан «ел президентінің парламент қабылдаған заңға қатысты күмәні дұрыс болып шықты», деді ол.

Осылайша, қабылданған түзетулердің Конституцияға сәйкес келмейді деп тану оған қол қойылмайтынын және оның күшіне енбейтінін білдіреді.

«Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес, президент Конституциялық кеңестің қаулысына бір айдың ішінде наразылық білдіруге құқылы екенін атап өту керек. Осылайша, референдумның тағдырын тек мемлекет басшысы ғана шешеді», - деді КК төрағасы.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Н. Назарбаев жұма күні парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысының өкілеттіктерін референдум арқылы ұзарту бойынша шешімді КК қорытындысынан кейін қабылдайтынын айтқан болатын.

«Бұл мәселеге қатысты жағдайды жақсы білесіздер. Мен 2012 жылы президент сайлауына қатысуға дайындалып жүргендіктен, парламенттің референдум өткізу бойынша ұсынысын кері қайтарған болатынмын. Парламентконституциялық өкілеттіктерін пайдалана отырып, Конституцияға өзгертулер енгізу туралы заң қабылдады. Мен заңның Конституцияға сәйкестігі мен заңдылығын тексеру үшін оны Конституциялық кеңеске жолдадым. Ақырғы шешім осыдан кейін қабылданады», - деді Н. Назарбаев жыл сайынғы жолдауын жасау барысында.

Мемлекет басшысының парламент қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бойынша өтініші Конституциялық кеңеске 14 қаңтарда түсіп, 17 қаңтарда өндіріске қабылданған болатын.

ҚР Ата заңының 73 бабының 3 тармағына сәйкес, Конституциялық кеңеске ақырғы шешім шығаруға берілетін уақыт өтініштің КК-ге түскен күннен бастап бір ай болып есептеледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 206
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 99
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 95
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 50