Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3363 0 пікір 28 Қаңтар, 2011 сағат 04:28

Жұмамұрат Шәмші. Жун Го – нағашысына тартпаған жиен

Жақында мен Талдықорған қаласында тұратын досыма барған едім. Көршісі - Хау Ин деген қытай. Бір қызығы, қызығы емес-ау қасіреті оның әйелі Жанар - қазақ қызы. Қазағы қалың, ұлттың ұясы мен ұяты саналатын оңтүстік өңірінен. Қытай азаматына тұрмысқа шығып, отбасын құрғанына он шақты жыл болыпты. Өздерінің айтуына қарағанда, 1998 жылы Алматының «Болашақ» базарында қаңтардың қақаған суығында танысыпты. 1998 жылы 21 наурыз күні Сарыағаш ауданында дүрілдетіп тойын өткізіпті.

Жанар Хау Иннің Қытайдың Шанхай қаласында әйелі, қызы бар екенінен кейін хабардар болыпты. Жанардың да бұрынғы күйеуімен дәм-тұзы жараспаған. Бұрынғы күйеуінен Нұржан есімді ұлы бар. Қытай мемлекеті шетелді «еңсеруге» аттанған азаматтарына қомақты қаржы бөледі. Сол елде тұрақтап, тамырын жайып біржола қалуы үшін. Хау Ин сондай қаржының арқасында екі қабатты коттедж тұрғызып, тұрмысын жақсартып алыпты. Хау Иннің Жанардан Жун Го деген ұлы дүниеге келген, Жун Го қытай тілінен тікелей қазақша аударсаң «Таза қытай» деген мағынаны білдіреді. «Ұлым қазақтарға сіңісіп кетпесін», яғни «түбіріңді, қытай екеніңді ешқашан ұмытпа» деп ұқтық мұны біз. Қытайлықтардың нәрестеге ат қоюында да өзіндік саясат бар.

Жун Го мен Нұржан орыс мектебіне барады. Нұржан жетінші, Жун Го екінші сыныпта оқып жүр. Қытай, орыс, ағылшын тілдерінде керемет сайрағанымен, екеуі де қазақшадан мақұрым. Жун Госы бар болсын, қаны қазақ Нұржан да енді түбірінен біржола ажырап қалады. Міне, қазақтың қызын алған қытайлық күйеу баланың «хикаясы». Соған қарағанда Хау Ин «жаман күйеу» болмай тұр ғой, әйтпесе «қайынсақ» болар еді. Оны айтасыз, «жаман жиен» - Жун Го да түп нағашысына тартпаған болды ғой. Қазақ «жиен ел болмас» деп осындайға байланысты айтқан болар?!.

Басқа елде сол жердің ұлттық тілінде сөйлемесең, нан тауып жей алмайсың. Осыдан-ақ қазақ тілінің қандай дәрежеде екендігін шамалауға болады. Сырттан келгендерге тосқауыл қоятын заң да жоқ. Жат жұрттан келгендердің Қазақстанның азаматтығын алуы үшін мемлекеттік тілді меңгеруі міндетті емес! Хау Иннің бар арманы - Қазақстан азаматтығын алу. Оған мемлекеттік тілден мақұрым екендігі кедергі бола алмайды. Өйткені, әйелі Жанар Қазақстанның тумасы. Ең бастысы некеде. Басқа ұлтқа «үйленбесін» деген заң жоқ. Ендеше, Хау Ин көп ұзамай Қазақстанның азаматы қатарын толықтырып шыға келеді. Қара да тұр. Егер тілін қазақ тіліне қарай сындырса, мемлекеттік қызметтің де ауылы алыс емес. Тіпті «тележұлдыз» болып кетуі де ықтимал.

Қытайда он жыл емес, одан көп уақыт тұрсаңда азаматтық алу дегенің қиямет-қайым. Қанша жерден некеде тұрсаң да, үш жылдан кейін елден қуып шығуға тырысады және мерзімінде шықпасаңыз полициямен қолыңа кісен салып, шекарадан асырып жібереді. Елдің заңы махаббатыңа пысқырмайды да. Ғашықтық жырлардан сусындаған Қазақ елі ғой, «махаббатқа» ұлттық мүддені жығып беретін. Соңғы кездері оң жақта отырып қалған қаракөздер «бақытын» басқалардан тауып жатыр. Қытай дейсің бе, араб дейсің бе, түрік дейсің бе, африкалық дейсің бе, корей дейсің бе, әйтеуір «құлақтан тепкеніне» «құлай салады». Туған мемлекетінен пана таппаған серілер қазақ қызының ғана емес, Қазақ елінің құшағынан да рақат тапқысы келеді. Қыздарын қиянатқа қимайтын алаш жұрты күйеу баласын да алақанына салып әлдилейді әлі күнге шейін. Алайда, сол «әлдидің» ақыры ұлттық мүддеде ұтылыс тауып, «көпұлттылықтың» іргесін қалап жатқанын сезбейді-ау. Жатжұрттық күйеу балалар ертеңгі күні мемлекеттік тұрғыда енші сұрамасын деңіз, масқараның көкесі сонда болады.

«Семья - шағын мемлекет». Қауға сақал Карл Маркстің осы айтқанына сүйенсек, қазақ отбасының тағдырына тықыр таянды. Қызын  жатжұртқа ұзатқан «шағын мемлекет» өзінің ішкі-сыртқы бағыттағы қарым-қатынасын да қайта қарауына тура келеді емес пе? Қытаймен құдандалы болған соң, олармен достық рәуіштегі байланысты түзуге мәжбүр. Барыс-келіс көбейген сайын құдды мыңжылдық құдасындай ақжарылқап көңілін танытып бағады. Құданың елі Құдайдың жұмағынан керемет көрінеді содан кейін. Бұл өз кезегінде іргелі мемлекеттің саясатына да әсер етеді. Жігіттерін «ұшы-қиыры жоқ далаға» «жолсапарға» жіберіп отырған қытайлықтардың да бір бармағы ішіне бүгулі. Қазақ шаңырағын бөлшектегені - мемлекеттік жүйеге сына қаққаны.

«Отан - отбасынан басталады» десек, қазіргі кезде қыздың қай жұртқа ұзатылғаны да маңызды. «Махаббат» есепке құрылатын мына заманда, оған басқалар мемлекеттік тұрғыдан мән бере бастаған сәтте, Қазақ елі де өзінің пайым-түсінігін саралағаны абзал. Қыздың қас-қабағына қарап, күйеу баланың көңілін жықпаймыз деп жүріп, іргелі мемлекеттің уығы қолдан сырғып түсіп, Алаш шаңырағын қиратып алмайық та, ағайын.

«Нұр Астана» газеті

0 пікір