Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
4017 3 пікір 6 Сәуір, 2018 сағат 10:37

Профессор Талғат Теменов сахналаған «ОТЕЛЛО» трагедиясының премьерасы өтеді

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сәуір айының 7 күні сағат:11.00 У.Шекспир «Отелло» қойылымының БАҚ өкілдеріне арналған алдын ала көрсетілімін өткізеді.

Қаллеки театры Астана қаласының 20 жылдығына орай Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменовтің режиссерлігімен сахналанған «ОТЕЛЛО» трагедиясының премьерасын ұсынады.

«Отелло» – драматургияның королі Уильям Шекспирдің шоқтығы биік шығармаларының бірі.

Спектакльдің қоюшы суретшісі – Қазақстанның мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов.

Қойылымның сахна сайысын Ресейден арнайы шақыртылған маман, сахна сайысының шебері Михаил Вишневский қойды.

Бұл трагедия әлемнің барлық театрларында ойналған және репертуарлық қордан ешқашан түскен емес. Қазақ театр сахнасында Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Шәкен Аймановтар кескіндеген Отелло бейнесін бүгінде театрымыздың белді актерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қуандық Қыстықбаев пен Сырым Қашқабаев сомдайды.

Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді. Күншілдік пен қызғаныш – адам нәсіліне тән сұмдық кесапат.

Қойылымға Қаллеки театрының үздік актерлері мен кәсіби мамандары тартылған. Сан алуан тегеурінді интерпретацияға сұранып тұратын күрделі һәм кесек қаһармандарды сомдау театр үшін де, көрермен қауым үшін де рухани мерекеге айналарына еш талас жоқ.

Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Біздің мекен-жайымыз: Ж.Омарұлы көшесі, 47 Б

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар