Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
46 - сөз 3413 0 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 08:46

Бас партия қозғалса...

Соңғы сайлауда парламентке кандидаттары өткен үш партия "Нұр Отан", "Ақ жол", "Ауыл" партиялары қандай мәселе тындырып келеді? "Нұр Отан" өзінің толық күшін көрсете алған жоқ. Басшылығы жиі ауысты, жастар қанаты жыл өткен сайын әлсіреп, саяси мамандар дайындайтын мектеп емес, массовкаға студенттер шығаратын тренерлер орталығы секілді болып кетті. Жас Отандағы көп баланың өздері де массовкадан, КВН нен келгендер. Алма алма ағашынан алысқа құламайтынының нағыз дәлелі.

Ал "Ақ жол" партиясы іштей транзиттік кезеңге қатты дайындалып жүргендей сезіледі. Қазірдің өзінде темір-терсек таратудан бірінші орынды, жылытпамен сыйлаудан екінші орынды бермей тұр. Бүгінгі киіп жүрген тонын да жартылай шешіп дайын отыр. Қандай тонды жамылып, қайсы бет пердені киетінін көзі қарақты ел сезіп жүр. Бірақ айтатынның көбіне значок, алғыс хат т.б. дүние үлестіріп тастады.

"Ауыл" партиясы да ауқымды жобасымен есте қалып, көзге көрініп, белсенділік танытып жүрген жоқ. Әдебиетті қолдауға арналған жобасы жақсы, бірақ ондай жобаны қоғамдық ұйымдарда өткізе алады. Нақты ауыл проблемасын көрсетіп және шешімін ұсынғанын көрмедім, оқымадым.

Р.S. "Нұр Отанға" келген Мәулен Әшімбаев үлкен өзгеріс болатынын айтты. Мүмкін бас партия қозғалса, басқалары да саяси белсенділікті шынайы көрсетіп eл игілігіне жұмыс істер.

Қуаныш Қожабайұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір