Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
3575 9 пікір 8 Ақпан, 2018 сағат 08:54

Ресейлік хакерлер АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп компанияларына шабуылдаған

Ресейлік хакерлер АҚШ қорғаныс министрлігімен әріптес ірі компаниялардың мәліметтерін алған. Зымыран, ұшқышсыз ұшақ және жойғыш ұшақ жасаушы 90-ға жуық қызметкер шабуылға ұшыраған. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Хакерлер нысанаға алған компаниялар арасында Boeing және Airbus, сонымен бірге көптеген ірі фирмалар бар. Қызметкерлердің жарымы хакерлердің жалған хаттарын ашып оқыған. Олардың нақты қандай ақпаратты ұрлағаны белгісіз. Бірақ бұл жобалардың көбісі құпия сақталып келген еді.

Associated Press мәліметіне қарағанда, шабуылға Fancy Bear тобының қатысы бар. АҚШ арнайы қызметі оны 2016 жылы америкалық сайлауға араласты, Кремльге жұмыс істеді деп айыптады. Мәскеу хакерлер қолдауын талай мәрте жоққа шығарған.

Сарапшылар қолды болған мәліметтер Ресейге ұшқышсыз ұшақтар әзірлеуге көмектеседі деп есептейді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2238
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2590
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2553
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1686