Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 10 Қаңтар, 2011 сағат 10:54

Air Astana басшысы Алматыда екінші әуежай салу мәселесін қарастыруды ұсынды

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостер Алматыда екінші әуежай салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

«Бәріміз осы қаланы, әуежайдың қалай орналасқанын жақсы білеміз, бұл проблема бізге таныс, өкінішке орай ол өздігінен шешілмейді, үнемі алдымыздан шығып отырады»,- деді П.Фостер дүйсенбі күні көлік және коммуникация министрлігіндегі (ККМ) алқа отырысында.

Оның пікірінше, «болашақта бұл проблеманы шешудің жалғыз жолы балама аэродром туралы мәселені қарастыру болады».

«Естеріңізде болса, 10 жыл бұрын қаланың солтүстігінде Қапшағай жолының бойында жаңа аэродром салу туралы мәселе көтерілген болатын. Осы жоспарға оралатын уақыт келген сияқты»,- деді П.Фостер.

Еске сала кетейік, ККМ-нің алқа отырысында депутаттар Air Astana компаниясы жолаушыларға рейстерінің кешігуі және ұшақтардың ұшуы туралы дер кезінде ескертпейтінін айтқан болатын.

Air Astana - «Самұрық-Қазан» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен ағылшынның BAE Systems компаниясының ( 51% және 49%) бірлескен кәсіпорны.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2493
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678