Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
4508 148 пікір 7 Ақпан, 2018 сағат 11:19

Қазақстанда діндарлар мен дінге сенбейтіндерге тіл тигізгендерге айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстанның дін істері жөніндегі министрлігі діндарлар мен дінге сенбейтіндерге тіл тигізгендерге айыппұл салатын бап енгізгісі келеді. Заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында депутаттар мұндай өзгерісті қолдады.

Қазіргі заңдарда "діни сенімге тіл тигізгендерге" қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірақ атеистер туралы ештеңе айтылмаған. Заң жобасында діндарларға немесе дінге сенбейтіндерге дінге қатысты тіл тигізгендерге 50 айлық есептік көрсеткіш — 120 мың теңге ($370), ал заңды тұлғаларға 481 мың теңге ($1483) айыппұл салу қарастырылған.

Азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі вице-министр Берік Арынның айтуынша, осындай ұсыныс мәселені басқа да дін өкілдерімен талқылау кезінде туындаған.

Оның пікірінше, дінге сенбейтіндер қазір дінге қатысты пікірін көрсетуден қорқып қалған.

"Сену немесе сенбеу - азаматтардың өз құқығы және еркіндігі", — деді Берік Арын.

Министрлік ұстанымын заң жобасы талқыланған жиынға қатысқан мемлекеттік орган қызметкерлері мен депутаттар қолдады.

Abai.kz

148 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2253
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2606
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2594
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1693