Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 10 Қаңтар, 2011 сағат 10:43

Қарағанды облысының Шахтинск полициясының ғимаратынан табельдік МТ ұрланды

Қарағанды. 10 қаңтар. ҚазТАГ - Қарағанды облысының Шахтинск қаласы ішкі істер басқармасының (ІІБ) қарулануындағы Макаров тапаншасы ведомствоның күзетілетін бөлмесінен белгісіз жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Облыстық ІІД БАҚ-пен және бұқарамен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы Жанатай Сембеков табельдік қарудың жоғалу фактісін қуаттап, полицейлер сейфтегі тапаншаның жоғалғанын өткен жылдың 30 желтоқсанында ведомстволық нұсқауларға сәйкес күзет дабылы бар арнайы жабдықталған қару бөлмесінде сақталып келген қарулар мен арнайы құралдарды тексеру кезінде анықтағанын жеткізді.

ІІД өкілі «қаруды күзету үшін жауапты қызметкер (полиция офицері - ҚазТАГ) уақытша оқшаулағышқа қамалып, табельдік қарудың жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын» айтты.

Дереккөз тергеу мүддесін алға тартып, салғырттық танытты деп күдіктеліп отырған полиция офицерінің атағы мен қызметін атай алмай, болған оқиға туралы басқа ақпарат бере алмады.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары «бұл жағдайда жауапкершілік сол күні тәуліктік ауысымға кіріскен ІІБ оперативті кезекшісіне артылуы мүмкін» екенін айтты, «қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға кірісетін жеке құрамға берілетін табельдік қару мен арнайы құралдардың сақталуына, беруге және қабылдауға осы адам жауап береді».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2190
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2499
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679