Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 10 Қаңтар, 2011 сағат 09:31

Қуаныш Сұлтанов, депутат. Әнұранды білмейтіндер әлі де бар

Жоғарғы палатаның жалпы отырысында Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов бір топ әріптестерінің атынан Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Онда былай делінген:

Жоғарғы палатаның жалпы отырысында Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов бір топ әріптестерінің атынан Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Онда былай делінген:

«Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында бірден-бір ескерілуге тиісті маңызды шаралардың бірі - мемлекеттік рәміздер туралы конституциялық заңының орындалу барысына байланысты болмақ. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында, ол заңға соңғы өзгерістер енгізгенімізге бес жыл толады. Заңда рәміздерге құрмет көрсету арқылы қазақстандық азаматтардың өз Отанына деген құрметін, сүйіспеншілігін, патриоттық рухын тәрбиелеу бағытында Үкімет, әкімдердің нақты шаралар қабылдап, жүзеге асырылуы көзделген. Игілікті істер атқарылуда. Алайда күнделікті өмірде рәміздерге байланысты келеңсіз жағдайлар да ұшырасып жатады.
Көптеген азаматтар әлі күнге дейін мемлекеттік Әнұранның мәтінін білмейді. Салтанатты жиындарда бұқара көпшіліктің, тіпті мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері де өз дауыстарымен қосылып Әнұран айтуға үйренбеген, әдеттенбеген. Барлық ұжымдарда, ел жиналған көпшілік шараларда таспаға жазылған фонограмма ойнатылады. Көпшілік, тіпті ант беретін мемлекеттік қызметкерлердің өздері де Гимнге жәй «ән» деп қарайды. Олардың ішінде кейбіреуі заңды не мүлде оқымаған, не мойындамайды. Мәселен, бір ірі шенеунік өзі қатынасып отырған мәртебелі жиынның ашылуында, Әнұран ойналған сәтте, қолын кеудесіне қоюды парыз санамағанын өз көзіммен көрдім. Сондай шенеуніктердің «күшейіп», көбейіп кеткені соншама, олар өздерін заңнан жоғары қойғысы келетін болуы керек.
Жақында Қазақстанның гандболшы қыздары Азия чемпионатында жеңіске жетіп, көрермендерді қуантты. Өкінішке қарай, олардың құрметіне Әнұран орындалғанда, жеңімпаз қыздар қатар тұрып, заңның талабына сәйкес, не Туға мойын бұрмады, не қолдарын жүрек тұсына қоймады. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған сәттегі сурет баспасөзде жарияланды. Онда Дәулет Тұрлыханов, тағы басқа екі адам ғана қолдарын кеудесіне қойды, ал қалған 23 аспортшы өз беттерінше қарап тұр. Бұл жағдай, әсіресе, қазақ елінде өтетін қысқы Азиада ойындарының қарсаңында көпшілік көңілін алаңдатары хақ. Жас ұрпақты, жас спорт шеберлерін отаншылдыққа, өз Отанының патриоты болуға қалай тәрбиелемекпіз ?
Ежелден Америка азаматтары өз Әнұрандарын сөзімен айтып, жүрек тұстарына оң қолдарын қойып, мақтанышпен тұратындарын бүкіл әлем біледі, әрі соған құрметпен қарайды. Бұл рәсім Бразилия, тағы басқа елдерде қалыптасқан. Баспасөзде Қырғызстан да, Өзбекстан да, өз заңдарына осындай элемент кіргізгендерін отаншылдық сезіммен жазды.
Осыған байланысты, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қатысты өтетін шараларында мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы, олардың халықты, әсіресе, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуде атқарып жатқан нақты жұмысы туралы Үкімет жазбаша түрде жауап беруі қажет».
Еліміздің жоғары палатасының жеті сенаторы қол қойып, Үкімет басшысына жолдаған бұл депуттаттық сауалдың маңызы зор. Шын мәнінде мемлекеттік рәміздердің құндылығын түсінетін уақыт жетті.

Б.Мұратұлы

«Айқын» газеті

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2185
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679