Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
3161 0 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:30

Өзбекстан колледждерінде оқу ақылы болады

Өзбекстан колледждерін ақылы оқу жүйесіне көшіріп жатыр. Осындай қаулыға президент Шавкат Мирзияев қол қойған.

Осы уақытқа дейін тоғызыншы сынып бітірген оқушыларды колледжге тегін қабылдап келген еді.

Дегенмен мектептерді 2018/2019 жылдан бастап 11 жылдық оқу жүйесіне көшіруіне байланысты, колледждер қызметін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

Қаржы министрлігі жыл сайынғы шығынды есептеп, колледжде оқу ақысын белгілеуі тиіс.

Бұнымен қоса халықтың кейбір әлеуметтік топтарына тегін оқу сақталады. Мысалы, жағдайы нашар отбасыдан шыққан балалар көпсалалы колледждерде тегін оқиды, деп хабарлады Podrobno.uz.

Бұған қоса, мемлекет тегін оқуға грант орындарын бөледі. Бюджет есебінен оқығандар аймақта кем дегенде үш жыл жұмыс істеуі керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар