Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2690 0 пікір 10 Қаңтар, 2011 сағат 02:53

Бастамашыл топ президент Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту жөніндегі референдумды қолдаған 3,6 млн-нан астам қол жинады

Семей. 8 қаңтар. ҚазТАГ - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдумды қолдағандардың қолдарын жинаушы бастамашыл топ қазақстандықтардың 3,6 млн қолын жинады. Бұл туралы бастамашыл топ жетекшісі, Семей мемлекеттік университет ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.

«8-ші қаңтарда республикада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдумды қолдаған 3 млн 600 мыңнан астам қол жиналды. 100 мыңнан астам қол жинау парақшалары өңделу үстінде», - деді Семейдегі сенбі күнгі рифингте Е. Сыдықов.

Оның айтуынша, бастамашыл топ әр түрлі әлеуметтік топтар мен аймақтардың жүргізіліп отырған акциядағы белсенділіктеріне талдама жасап отыр. «Барлық жерлердегі қол жинау қарқыны шамамен бірдей. Бірақ Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласының тұрғындарының белсенділігі ең жоғары екенін атап өтуге болады.  Тек Рождество мерекесі күні қалада 1,5 мың қол жиналды», - деп топ жетекшісі нақтылап өтті.

Референдумды қолдау жөніндегі қол жинау тағы үш күнге созылады. Бастамашыл топ оның қорытындысын 11-ші қаңтарда 15 сағатта жариялайды. «Болжам бойынша біз 4 млн-нан астам қол жинауымыз керек. Біз күн сайын өзіміздің бастамамыз республика халқының қолдауына ие екендігіне көзіміз жетіп отыр. Қазақстан халқы өз лидеріне терең сенеді. Және біз референдумды өткізуге тырысамыз», - деді сенбі күнгі брифингте Семей педагогикалық институт проректоры Михаил Панин.

Қол жинау жөніндегі батмашыл топ АҚШ елшілігінің ҚР Конституциясын бұзбауға шақырған үндеуіне деген қандай көзқарас танытады деген сауалға Е, Сыдықов, мемлекеттік құрылым мәселесін елдің халқы шешуі тиіс деген пікір білдірді.

«Әрбір мемлекет әлемнің кез келген мемлекетіндегі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты өз пікірін ұстануға құқығы бар. Бұл олардың құқығы. Бірақ мемлекеттік ішкі проблеманы осында мекен ететін халқы елдің Конституциясы шеңберінде шешуіне тура келеді. Біз, бастамашыл топ, өз республикамыздың Негізгі заңын бұзып отырған жоқпыз. Біз әр азаматқа өз құқығын пайдалану мүмкіндігін беріп отырмыз. Американдықтар менен не қалап отыр? Біз бастама көтеруімізге болмай ма? Мен мұны түсінбеймін», - деп мәлім етті ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2184
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679