Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Дат 5976 14 пікір 5 Ақпан, 2018 сағат 14:40

Қарт майдангер: "Сталин сауатсыз, қаңғыбас еді"

Бұл - Василий Иванович дейтін орыс майдангері екен. Біраздан бері әлеуметтік желінің Ресейдегі тұтынушылары осы қарияның Иосиф Сталин жайлы сөздерін талқылап, таратып жатыр.

Мамырдағы жеңіс шеруі кезінде блогерлерге соғыс жайлы сөйлеп тұрып ол Сталиннің сауатсыз басшы болғанын айтыпты.

Не керек, қазір Британия мен Франция бірлесіп түсірген «Сталиннің өлімі» атты кинокартина пост-кеңестік елдерде қатаң цензураға ұшырап, кинотеатрлардан алынып тасталды.

Сатиралық комедия жанрындағы сол туындыны көруге көпшілік зар болдық. Сюжеті мынадай:

Қандықол Сталинді жерлеу рәсімі аяқталысымен, КСРО тағына талас басталады. Тақталасқа түскен бақталастардың бірі – Никита Хрущев болса, екіншісі – Лаврентий Берия.  Бұл екеуі политбюроның кәрі сүйек, қу бас, ышқыры тоқтамайтын ылғи шалдарын өздеріне қаратпаққа жанталасады. Ол аз дегендей, Сталиннің балалары: Света деген сәусәлімін бірі, Василий деген нәкөсін екіншісі айналдыра бастайды. Өзіне қаратпаққа, әрине. Сөйтіп, бұл екеуінің таласына Сәбет армиясын басқарған Георгий Жуков араласады. Ақырында Хрущев пен Жуков ауызжаласып жүріп, Берияны ығыстырып шығарады. Оқиға осылай өрбиді.

Бұл картина Ресейде, Беллоруссияда және Қазақстанда көрсетілген жоқ.

Енді жаңағы Василий Иванович дейтін шалға қайта оралайық. Пост-кеңестік елдер ауқымында Британдық сюжеттің жайы қызу талқыланып жатқан бұл тұста Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Василий Иванович дейтін біреу шығып, бүгінгі Кремльдік элита пір тұтатын Сталинді сауатсыз қаңғыбасқа теңейді. Тіпті, сол соғысты бастаған қандықол қарақшы деп пікір айтады.

Біз әлгі әлеуметтік желіні шарлап кеткен орыс тіліндегі бейжазбаны қазақшаға қотарып беруді жөн көрдік. Бұл - да пікір.

«Маған алғыс айтудың қажеті жоқ. Не үшін?! Біз және біздің армия бүкіл әлемге масқара болдық. Қолбасшылықты қайдағы бір қаңғыбас, сауатсыз Слатинге тапсырып қойдық. Сондықтан, біз осыншама шығынға ұшырадық. Біздегі адам шығыны неміс аримясынан әлдеқайда көп болды. Тіпті, Екінші дүниежүзілік соғысты Стаилин иттің өзі бастады», - дейді Василий Иванович.

Бейнежазбаны түсіріп тұрған жас блогер майдангерден сол соғыста Сәбет армиясы қалай жеңгенін сұрайды.

«Біз соғыста жеңген жоқпыз. Соғыс аяқталған соң, Сталин марапат алудан бас тартып: «мен соғыста жеңілдім. Парадты қабылдай алмаймын. Жуков, сен қабылдап аласың» деген болатын.

Нағыз батырлар – Покрышкин, Қажыгұлов, міне, олар шынайы соғысты. Бізде нағыз батырлар аз болды.  Біздің арамыздан Сталинді атып немесе буындырып өлтіруге дәті жететін, Наполеон секілді Сталиннің қолынан қолбасшылықты тартып алып, әскер басқаратын нағыз батырлар табылмады. Егер сондай адам табылған болса, мұнша адам шығына болмас еді. Екінші дүнижүзілік соғыс болмайтын еді», - дейді майдангер.

Ол ол ма, сол соғыстың тұтынауына негізгі себепші болған Сталин мен Гитлердің айырмасы жоқ дейді ардагер.

«Сталин бастады ғой. Сталин ғой, немістермен бірге Польшаға шабуылдаған. Сталин Урал маңында 40 мың офицерді атты.  200 мың поляк элитасына кіретіндерді қырып салды. Мен секілді соғыс ардагерін енді кездестірмейсіз. Мүмкін сендерге шындықта айта алатын мыңнан бірі жолығып қап жатыр», - деп түйіндейді пікірін Василий Иванович.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

14 пікір