Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2726 0 пікір 9 Қаңтар, 2011 сағат 22:54

Мұхтар Шерім. Көлеңкем қайтыс болды...

Баяғы өткен заманда, билiктегiлер аманда, көлеңке мен адам дос болыпты. Бiрақ, адам қайда барса, көлеңкесi қыр соңынан қалмайды екен. «Мен сенiң адал досыңмын!« деп, өзiнше арбайды екен.

Адамның азан шақырып қойғанаты- Мыжбан екен.

Бiр күнi Мыжбан асығыс келе жатып, көлеңкесiн басып кетедi.

- Кешiр, көлеңке,-дейдi.

- Баса бер, бәрiбiр мен сенiң көлеңкеңмiн,-дейдi ол.

- Мен қазiр бiр жерге кiрiп шығатын едiм...

- Қайда?

- Президенттiң қабылдауында боламын.

- Жақсы болды ғой, елбасының көлеңкесiмен танысып қалар едiм.

- Жоқ, мен сенi қалдырып кетуге тиiстiмiн. Мен ол кiсiнiң алдында өтiрiк ақпар беремiн. Ал, сен бiрдеңенi бүлдiресiң.

-Мен сенiң кiшкентай кезiңнен келе жатқан көлеңкең емес пе едiм? Немене, сенбейсiң бе?Қайдағы бiр қайыршының көлеңкесi емес, облыс әкiмi Мыжбан Мәндiрбаевтың көлеңкесiмiн ғой.

- Бауырым, көлеңкем менiң, сен осы жерде қала ғой,-деген Мыжбан сәл жүрiп едi, көлеңкесi қыр соңынан қалмай қойды.

- Қал, қалсайшы!

- Қайтiп қаларымды да бiлмеймiн.

- Iшiңе бiр тебемiн!

- Мейлi!

- Үстiңе тұз себемiн!

- Мейлi!

- Басыңды жұлып аламын!

- Мейлi!

- Үстiңде билеп, тұрып аламын!

- Мейлi.

Мыжбан бiр қадам аттап едi, көлеңкесi iлесiп келедi екен.

- Әй, көлеңке!

- Не?

- Оңбаған көлеңке екенсiң!

- Өзiң де оңбағансың. Оңбағанның көлеңкесi оңбаған болады ғой.

- Қолыңды кесiп тастаймын.

- Өз қолыңды қалай кесесiң?

- Шалбарыңды шешiп тастаймын!

- Көшеде тұрып шалбар шешкен шенеунiк көрсем, көзiм шықсын!

- Мен сенiң аяқ-қолыңды байлап тастаймын!

- Қолыңнан келмейдi!

- Бетiңдi лайлап тастаймын.

- Өзiң бiл.

- Сен бар ғой, сен өте жағымпаз көлеңкесiң. Мен жүрсем жүресiң, күлсем күлесiң, билесем билейсiң, басымды имесем имейсiң.

- Көлеңкелеп көп қой көкетай! Өзiң сияқты жемқорлардың көлеңкелерi құрметтi көп көредi екен. Сен өзiңнiң көлеңкеңнен көп нәрсенi қызғанасың. Не iсдедiм мен? Бұрын тыриған арық едiң, мен де iлмиiп жүрдiм. Қазiр бетiң табақтай, қарның қабақтай, мойының бөренедей, қолдарың бөденедей болды. Мен де сондаймын. Бәрi сiздiң арқаңыз.

- Кет деймiн!

- Кетпеймiн!

- Жоғал!

- Қалай?

- Көзiме көрiнбе! Сенсiз де өмiр сүремiн!

- Менiң кiндiгiм...

- Немене, кiндiгiң?

- Кiндiгiм сiзге байланып қалған.

- Сен өзi... менi тыңдаудан қалып барамысың. Былай тұр министр ханымның көлеңкесi келе жатыр.

Мыжбан министр ханыммен қол берiп амандасып, сәл-пәл бөгелдi. Ханым кеткен соң:

- Иттiң көлеңкесi!-дедi.

- Сонда сiз итсiз ғой?

- Әй, неге министр ханымның көлеңкесiнiң үстiне жатып аласың? Ұят қайда?

- Ендi... Күн ту сыртымыздан шығып тұрған соң құшақтасып қалдық.

- Ендi министр ханым не ойлайды? Көлеңкем үшiн кешiрiм сұрауға мәжбүр боламын ғой. Бiр жақсы кiсiнiң, менi өсiрген кiсiнiң құдашасы едi. Неғып тұрсың?

- Не iстеуiм керек?

- Кетпейсiң бе?

- Қайда?

- Байға?

- Мен... Мыжеке, мен ұрғашы көлеңке емеспiн ғой. Көлеңкенiң ар-намысын аяққа таптамаңыз.

- Президенттiң алдында не деп сайрайтынымды ұмытып тұғанымды қарашы! Бәрi сенiң кесiрiңнен! Мемлекеттiк бюджеттiң бүйiрiн тесiп жегенiмдi, мемлекеттiк нысандар орындалмаса да, қаржысынан кесiп жегенiмдi. Қалай жасырамын? Өткенде президент келгенде мен көрiктi жерлердi ғана аралатып едiм.

Ол көлеңкесiмен керiлдесiп тұрғанда, өзге бiр облыстың әкiмi Әпек жолығып қалды.

- Неғып тұрсың состиып?-деп сұрады ол.

- Е, мына көлеңкем қайтыс болып, соған қайғырып тұрмын,-дей салды ол.

- Жағың қарыссын, сiз тiрi тұрғанда мен де тiрiмiн, сiз iрi тұрғанда, мен де iрiмiн,-деп салды көлеңке.

- Мыжеке, естiмедiң бе? Осы жолы президент сенi қызметiнен босататын көрiнедi,-дедi Әпек.

Бұл сөздi естiгенде Мыжбанның миы iстемей қалды. Бетi сазарып, көздерi аларып, құлап бара жатты... Жүрегi тоқтап қалды... Құлап бара жатты...

- Хош бол, менiң көлеңкем!-деп айтып үлгерген едi, көлеңкесi де қарап тұрмай:

- Мен сiзбен бiрге өлемiн!-дедi.

Шынында да көлеңкесi iртiк-iртiк болып өлiп қалды. Ал Әпектiң көлеңкесi қайтыс болған көлеңкеге көңiл айтып бара жатты...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1911
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2008
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1682
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1514