Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3277 0 пікір 9 Қаңтар, 2011 сағат 23:08

Ғаббас Қабышұлы. Біздің неміз көп?

Құдайдың бізге тәуелсіздікті бұйыртқаны жүдә жақсы болды-ау! Қарқ етіп байып қалдық. Ежелден алтыны көп ел бай делінсе, бізде одан басқамыз да жетіп жатыр. Мәселен:

1. Ұлы ақын. Ұлы жазушы. Ұлы сыншы. Ұлы саясаткер. Ұлы дипломат. Ұлы саяхатшы. Ұлы күйші. Ұлы әнші. Ұлы спортшы. Ұлы ата. Ұлы ана. Ұлы әке. Ұлы ұл. Ұлы қыз. Ұлы перзент...  Ал Ұлы көсем - болсын-болмасын өз алдына! «Ұлы»  деген анықтама әсіресе Жазушылар одағы өткізетін салтанатты-салтанатсыз жиын-тойларда көп айтылады. Мысалы, кеше қалам ұстап өткендерден бүгін қалам ұстап жүрген  Ұлылар  пәленбай есе көп! Уәйдә!

2.  Кемеңгер...  О, бізде тірі Ұлылардай тіп-тірі Кемеңгерлер де бар! Көргілеріңіз келсе, кітап дүкендерінен  «Қазақтың кемеңгерлері» делінген нән плакат-суреттерді сатып алыңыздар. Егер мен бірдеңе сезсем, қазіргі бары - кейін шығарылатындардың оннан бір бөлігі. Бұл бөліктегі Кемеңгерлеріміз: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев, Олжас Сүлейменов, Нұрсұлтан Назарбаев, Тоқтар Әубәкіров! Бәрекелді ме?..  Мен, мәселеңки, алғашқы алтаудың жөнін білемін, ал соңғы төртеуінің жөнін әлі білмеймін. Тоқтарды айтсақ, оның, Кемеңгер болмаса да, жүрек жұтқан Батыр екені авиациядан, космонавтикадан хабары барларға жақсы мәлім. Ұшқыш-сынақшы шеберлігі мен батылдығы үшін «Совет Одағының Батыры» атағын екі-үш рет берсе де, тіпті көптік етпейді де екен, е, мейлі, бір рет бергендеріне және «Қазақстанның Халық қаһарманы»  делінгеніне шүкіршілік!

Димекең туралы  әзірше ештеңе айтқым келмейді, білетінім: бір басына жетерлік ағаттығы болғаны.

О. Сүлейменов ше?  Баспасөзде жазылғанындай, тәуелсіздіктің екінші жылында-ақ «қазақ ұлтының қайта түлеуіне» («возрождение казахской нации») қарсы шыққаны, орыс тіліне мемлекеттік мәртебе берілуін талап етіп жүргені, «Невада-Семипалатинск» акционерлік қоғамының қаржысын талан-таражға салғаны, кеше ғана: «1932-1933 жылдардағы аштық жөнінде ештеңе жазбады» деп қазақ әдебиетін, ақын-жазушыларымыздың өлісінің аруағын, тірісінің өзін қорлаған көргенсіздігі үшін кемеңгер ме?! Әлде биліктің          Е. Ертісбаевтан кейінгі екінші бұлбұлы болып: «қазақта шекара болмаған, қазіргі шекарасында мемлекеті болмаған» дегені үшін бе?

Осындай сорақылықты көрген маған: сірә, қазақтан кім-кімді кемеңгер ету мәселесін суретші Бұқарбаев Әбдімәлік мырза шешеді екен, деген ой келді. Портрет-суреттерді салған - сол. Әй, шешсе шешер-ақ, себебі оның: «Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік силығының лауреаты» деп  басталған атақтарын тізіп шығу үшін  сүтпісірім уақыт керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1919
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2023
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1693
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515