Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 7 Қаңтар, 2011 сағат 10:31

Астана және Қазақстан митрополиті және ҚР бас мүфтиі қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

Астана. 7 қаңтар.ҚазТАГ - ҚР-дағы митрополиттік округтың басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александржәне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Орталық Азия мүфтилері кеңесінің төрағасы, бас мүфти Әбсаттарқажы Дербісәлі қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады. Құттықтаулардың мәтіні жұма күні ресми баспасөзде жарияланды.

«Құрметті бауырлар, Қазақстан жерінің тұрғындары! Сіздерді шын жүректен жарқын мереке - Құдайымыз және құтқарушымыз Иисус Христостың Рождествосымен құттықтаймын!», - делінген митрополит Александрдың құттықтауында.

«Құдай еліміздегі конфессияаралық және ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді дамыту жолындағы сенім ісіміз бен еңбегімізді нығайтсын. Христос Рождествосының ұлы мерекесі сарқылмас қуаныштың қайнар көзі болып, әр отбасыға бейбітшілік пен қайырымдылық сыйласын, бәрімізге Құдай өсиет еткен мәңгілік құндылық - бір-бірімізді жақсы көру керектігі туралы еске салсын», - деп тіледі митрополиттік округтың басшысы қазақстандықтарға.

ҚМДБ басшысы Әбсаттар қажы Дербісәлі Рождествоға орай құттықтауында Қазақстан жеріндегі ислам мен православиенің көпжылдық мықты достығы қазақстандықтардың рухани саулығында, патриотизмге тәрбиелеуде, азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды қызмет атқаратынын атап көрсетті. «Гуманизм, жақыныңның қайғысына ортақтасу, жарқын болашаққа үміттену бізді күшті етіп, өмірдің мәні туралы ойландырады. Бұл рухани мұра деген тірексіз қоғамның толыққанды дамуы мүмкін емес екенін көрсетеді», - деп есептейді Қазақстанның бас мүфтиі.

2005 жылдың желтоқсанында қабылданған түзетулерге сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар - православ Рождествосы мереке, демалыс күндері болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2149
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1778
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533