Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2658 0 пікір 6 Қаңтар, 2011 сағат 04:55

Назарбаев православиелік қазақстандықтарды алдағы келе жатқан – Рождествомен құттықтады

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев православиелік қазақстандықтарды алдағы келе жатқан – Рождество мерекесімен құттықтады.

«Қымбатты отандастар! Біздің елдің православтік христиандары мен барша қазақстандықтарды жарқын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», - делінген бейсенбі күні «Казахстанская правда» газетінде жарияланған құттықтауында.

Мемлекет басшысы Рождество мерекесі - Рождество – ізгі үміттер мен жақсылықтардың мерекесі. «Ол адамдарды игі істер жасауға, құдайдың өсиетімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылуда бастарын біріктіреді», - делінген елбасының құттықтауында.

Ол «осы мәңгілік құндылықтар, әсіресе, түрлі сенімдегі және эт­ностағы адамдар достық ауа­нын­да өмір сүретін Қазақстанда ерекше құрметтеледі», деп атап көрсетті.

«Біздің бірлігіміз бен ынты­ма­ғы­мыздың арқасында Қазақстан ырғақты дамуын жалғастыруда. Еліміздің халықаралық арена­дағы беделі нығая түсуде.

Қазақстан Ұйымға мүше елдер мемлекет және үкімет бас­шы­ларының тарихи мәнге ие Астана Саммиті заңды қоры­тын­ды­сы болған ЕҚЫҰ-дағы төраға­лы­ғын табысты жүзеге асырды», - деді ол.

«Өткен жыл Қазақстандағы Орыс Православие шіркеуі үшін есте қа­лар­лық оқиғамен ерекшеленді. Астанада Мәскеу және Бүкіл Ресей Пат­риархы Кирилл болып қайтты. Ол елордада Ор­талық Азиядағы аса ірі Успен кафедралды соборын сәуле­лен­дірді. Бұл сапар біздің еліміздегі православие және ислам қауымы ара­сындағы ізгілікті қарым-қаты­нас­ты нығайтуда ма­ңызды қадам болды», - деп есептейді мемлекет басшысы.

«Рождество жарқын мерекесінде ізгілікті істері мен ой-ниеттері Отанымыздың дамуы мен өркен­деуіне үлес қосып келе жатқан республиканың барлық православие азаматтарына ризашылық сөзімді айтқым келеді», - делінген құттықтауда.

Елбасы құттықтауының со­ңын­да барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бейбітшілік пен игілік тілей келіп, әр от­ба­сында бақыт, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік салтанат құр­ға­нын қалайтынын жеткізеді.

2005-ші жылы заңнамаға енгізілген өзгертулерге сай, Қазақстанда мұсылман күнтізбесімен атап өтілетін Құрбан айттың алғашқы күні мен 7-ші қаңтарда атап өтілетін - православтік Рождество - демалыс күні деп саналады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2158
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534