Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2682 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 11:21

Түркия ЭЫҰ аясында Жібек жолын жаңғыртуды ұсынады

Стамбул. 23 желтоқсан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Түркия президенті Абдулла Гүл Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) саммиті барысында ЭЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге ұлы Жібек жолын жаңғыртуды ұсынды.

«Мыңдаған жылдар бойына құрылықтар өзара әлемдік сауда желісін орнатқан, біз сол сауда маршруты - Ұлы Жібек жолы қайтадан жаңғырғанын қалар едік», - деді А. Гүл бейсенбі күнгі саммитті ашу кезіндегі құттықтау сөзінде.

Түркия президенті Жібек жолын жаңғырту ЭЫҰ мемлекеттерінің ұжымдық көркеюіне орасан зор үлес қосатынына сенімді.

«Ол қуат, сауда, коммуникациялар, көлік дәлізі болуы тиіс», - деді ол.

«Осыған байланысты транзиттік көлік жөніндегі шектеулі келісім өте маңызды болып табылады. Оны іске асыру қажет», - деп ол мемлекет және үкімет басшыларына үндеу тастады.

Одан басқа, А. Гүл ЭЫҰ мемлекеттерін Сауда және ынтымақтастық банкіне қосылуға шақырды.

Аталған банк өзінің жұмысын 2008-ші жылы бастады. Оның жұмысында қазір Ұйымды құрушы мемлекеттер - Түркия, Иран және Пәкстан бар.

«Біз Банк ЭЫҰ жобаларын қаржыландыруда маңызды үлес қосады деп күтудеміз», - деп атап көрсетті Түркия президенті.

Еске салсақ, Экономикалық ынтымақтастық ұйымын (ЭЫҰ) Иран, Пәкістан мен Түркия 1985-ші жылы құрған және ол Дамудың аймақтық ынтымақтастық ұйымының мұрагері. Ол өзінің жұмысында 1985-ші жылы жоғарыдағы үш мемлекет қол қойған Измир келісімінің негізінде қабылданған Жарғыны басшылыққа алады.

1992-ші жылы оның құрамына Әзербайжан, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан кірді.

ЭЫҰ-ның алдыңғы саммиті 2009-шы жылы Теһранда өткен.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600