Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2361 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 11:02

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Petromidia алаңындағы қондырғылардың жұмысы қайта басталғандығы туралы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Petromidia алаңындағы жоспарланған

күрделі жөндеу жұмыстары 1 қарашада табысты аяқталғаннан кейін қондырғылардың жұмысы қайта басталғандығы туралы хабарлайды. Жөндеу кезінде (20 қыркүйек - 1 қараша) жүзеге асырылған инвестицияның жалпы көлемі 43 млн. АҚШ долларын құрады.

Rompetrol Rafinare және Rompetrol Petrochemicals компанияларының (The Rompetrol Group құрамында) жүзеге асырған кең ауқымды жөндеу жұмыстарының нәтижесінде The Rompetrol Group 2011 жылы МӨЗ өңдеу қуатын жылына 5 миллион тоннадан астам шикізатқа дейін, завод және мұнай-химия кешеніндегі операциялар әсері мен қауіпсіздік деңгейін арттыруды жоспарлап отыр, - деп атап көрсетті The Rompetrol Group мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі вице-президенті Алесандру Николчою.

Жөндеу жұмыстары кезіндегі маңызды жобалардың қатарына өндірістік қуатты едәуір арттыруға жағдай жасайтын каталитикалық крекинг қондырғысын қайта технологиялауды, сонымен қатар компрессорларды автоматтандыру және қондырғылар тиімділігі мониторингінің жаңа жүйелерін интеграциялауды жатқызуға болады. Сондай-ақ маңызды жобалар қатарына газды күкіртсіздендіру қондырғысын қайта жаңғырту және күкірт өндіруді МӨЗ өңдеу қуатына сай жылына 5 млн.тоннадан астам шикізат өңдеу көлеміне жеткізу мүмкіндігін де қосуға болады. Мұның өзі күкірт өндіру деңгейін 30% арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жұмыстардың негізгі мақсатының бірі болашақ қондырғыларды МӨЗ операциялық ағымына интеграциялау үшін қажет алғышарттарды құру болып табылады (жұмсақ гидрокрекингті орнату, сутегі өндірісін және күкірт өндіретін жаңа қондырғы орнату).

Бұл жұмыстардың үйлестірушісі - The Rompetrol Group бас мердігері Rominserv компаниясы болды. Сонымен бірге бұл жұмысқа 52 компания және 3.100  адам қатысты. МӨЗ бен мұнай-химия кешенінде 600 жабдықтау және 2.000 мұнай құбырында жұмыстар атқарылды, 400 құрал және құрылғы жөнделіп, 61 жаңа жоба енгізілді.

Күрделі жөндеу жұмысы белгіленген мерзімінде, 1 қарашада аяқталды, одан соң екі компаниялар Тобы операциялық ағымына орай қондырғылар бірте-бірте іске қосылды. Қазір қондырғылар бірқалыпты өндірістік тәртіпке келтіріліп, дұрыс технологиялық деңгейде жұмыс істеуде,- дейді Алесандру Николчою.

Rompetrol Rafinare компаниясының осы жылдың 9 айы ішіндегі шоғырландырылған ақша айналымы*  2,7 миллиардтан астам АҚШ долларын** құрады, бұл  2009  жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17% артық. 2010 жылдың III тоқсанындағы компанияның шоғырландырылған ақша айналымы  906 миллионнан  953 миллион АҚШ долларына артты.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% артық. Сонымен бірге операциялық нәтиже (EBITDA) 3 есе артып, 18 млн. АҚШ доллары деңгейіне жетті.

Ағымдағы жылы Rompetrol Rafinare Румынияның мемлекеттік бюджетінің ірі салық төлеушісі болды. Жергілікті және орталық бюджетке жалпы төлем 1,2 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70% артық.

Қаңтар-қыркүйек айларында экспорттың жалпы көлемі  10% артып, 774 млн. астам АҚШ долларын құрады. Бұл Rompetrol Rafinare Румынияда 2010 жылы экспортер-компаниялар арасында үшінші орынды иеленуіне ықпал етті.

* Rompetrol Rafinare компаниясының шоғырландырылған ақша айналымы Rompetrol Rafinare S.A. және Rompetrol Petrochemicals S.R.L., Rom Oil S.A., Rompetrol Downstream S.R.L еншілес компанияларын, сонымен қатар Rompetrol Logistics S.R.L. (Rompetrol Gas S.R.L. еншілес компаниясымен  бірге) нәтижелерін қоса есептейді.

**Ұсынылған нәтиже әлі аудиттен өтпеген және шоғырландырылмаған, ал есеп Халықаралық қаржы есебі стандарттарына сай әзірленген.

The Rompetrol Group корпоротивтік коммуникация және қоғаммен байланыс департаменті

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

The Rompetrol Group - «ҚазМұнайГаз» - өңдеу және маркетингі» АҚ - 100% еншілес кәсіпорны. Rompetrol - Румыниядағы ірі мұнай-газ холдингі. Оның құрамында үш завод (Петромедиа, Вега, Петрокемикалс), сондай-ақ Европа елдеріндегі (Румыния, Франция, Испания, Молдова, Украина, Болгария, Грузия) 1042 автоматты май құю станциясы бар. Компания Румыниядағы мұнай өнімдері бөлшек саудасының 25%, Франциядағы рыноктың 3,5%, Испаниядағы рыноктың 1,5% иеленеді. Rompetrol қазірдің өзінде Испаниядан Әзербайжанға дейінгі 13 елде қызмет көрсету және трейдинг саласында жұмыс істейді, сондай-ақ Африканың солтүстігінде, Латын Америкасында, Таяу Шығыста жобалары бар.

«ҚазМұнайГаз» - өңдеу және маркетингі АҚ» -  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100 пайыздық еншілес ұйымы. Компания активінде - Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ, Павлодар МХЗ, «Ромпетрол» компаниясы бар. Қызметінің негізгі бағыттары: мұнай өңдеуші активтерді басқару, мұнай және мұнай өнімдерін сыртқа шығару, мұнай өнімдерін сатудың бөлшек сауда торабын дамыту.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2041
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2472
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2054
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595