Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2833 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 09:22

Нұра Матай. Шаршатпаймыз деп, зорықтырмасаңыздар болды...

Президенттің өкілеттілігін ұзарту туралы ұсыныстардың биылғы жылғы жанкешті жарысына жаңа есімдер қосылды. Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов елбасының өкілеттілігін 2020-ншы (!) жылға дейін ұзарту керек деген бастама көтеріп отыр. Ерекеңнің өз ойына өзі сеніп кеткені соншалық, Өскемен қаласы әкімдігіне желтоқсанның оны күні  «ерекше» бастаманы қолдаушы ынталы топ құру жөнінде өтініш түсіріп, дәл қазір еліміздің әр өңірінен қақаған қысқа, жақындаған Жаңа жылға қарамай, билікке деген шексіз махаббаттарына адал 850 (!) адам президенттің өкілеттілігін ұзарту үшін республикалық референдум өткізу мәселесі бойынша, белсенді топты шұғыл түрде құрып, оның алғашқы отырысын өткізіп те жіберіпті.

Жиынға сонау Еуропадан ат арылтып елгезек елші Олжас Сүлейменов те екі өкпесін қолына алып жетіпті. Олжекең сайлау сияқты шараларға мемлекеттің қаржысын сайлауға шашуға қарсы екен. Президентіміздің одан да маңызды жұмыстары бар, соларды жасауына бөгет болмайық деп сайрап отыр. «Тіпті, сайлау өткен күннің өзінде  оның қортындысы белгілі. Сондықтанда да сайлауға ақша ысырап ету жөн емес», депті. Бұл сөз белсенділердің жанына жағып кеткені соншалықты дүркіретіп қол шапалақтап жіберіпті.

Шығыста Назарбаевты сайлауға түсірмеудің шаруасын шыр-пыр болып қорғаштап жатқанда бұған парламенттің қабырғасынан Зағипа Балиева да үн қатты. Депутат ханым президенттің өкілеттілігін 2020 жылға дейін емес, 2030 жылға дейін бір-ақ ұзарту керек деп салды. Зағипа ханым сайлау өткізуден әбден зәрезап болса керек.

Жиын әлі жалғасып жатыр. Жарыса берсе, 2040-шы, 2050-ші дегендердің де шеті көрініп қалар. Қазақ деген кең халықпыз ғой...

Жалпы алғанда, биылғы жыл президент Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту ұсыныстарының жылы болды. Байдосов деге ақтөбелік ақсақал байқаусыз да емес, бағыттап тұрып жарысты бастап кеп жіберген. Содан жыл бойы аракідік «бәлен жылға дейін отыра берсін», «өмір-бақи отырсын» деген жалынды бастамалардан құлақ тұнды. Бір қызығы бәрі - халықтың қалауы осы дейді.

Ақыры, ауыздары ақ көбіктеніп Нұрсұлтан Әбішұлының ел басқару мерзімін созайық дегендердің «дұғасы» жердегі «құдайдың» құлағына жетіп, Елбасы туралы арнайы заң қабылданып тынып еді. Енді міне, 2011-нші сайлау жылы жақындаған кезде бұл тақырып жанданып, жалауланып тағы шықты.

Біздің білуімізше, Елбасымызды сайлауға түсірмеудің екі бірдей жоспары жасалып жатыр-мыс. Біріншісі, президенттің өкілеттігін 2020-ншы болмаса 2030-ншы жылға дейін ұзартатын, оны халықтық сайлауға түсіртпейтін референдум өткізу. Екіншісі - Конституцияны өзгерту арқылы президент сайлауын парламентке тапсыру. Яғни парламенттің рөлін күшейтіп, демократиялық биліктің бар екенін паш ету. Осы екі жолдың қайсысының іске асатынын алдағы қаңтардағы «Нұр-Отан» партиясының құрылтайында не болмаса одан кейінгі президенттің жолдауынан білетін болармыз. Осы екі жолды қолдап отырған ықпалды саяси күштер де жоқ емес.

Сонымен, не керек, 2011-нші жылдың басты жаңалығы Азиада емес, президенттің өкілеттілігін ұзарту жөніндегі жарыстың нәтижесі болатын түрі бар. «Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайтыны» рас болса, Ақорда іске әлден кірісіп кеткен секілді...

Президент қай жолды таңдаса да, Сыдықов пен Балиеваның есептері түгел болар. Мысалы, Ерекеңнің түсіне кейінгі кезде Есілдің сол жағалауы жиі кіріп жүрсе таң қалмаймыз. Ертеңдері биліктегі ауыс-түйіс кезінде Ерекең Жұмағұловтың  жанына жайғаса қала ма?! Болмаса Алматы не Астанадағы ірі ұлттық университеттің біріне барып отыра ма, кім білсін...

Балиева демекші, соңғы бірер аптада «Время» газетінде «бұ кісі министр кезінде мемлекет қаржысын дұрыс пайдаланбады» деген әңгіме көп айтылып жүр. Бюджеттің ақшасын асағандардың аяқтары көктен келіп жатқанын көріп отырған Зағипа Балиева белсенділік танытып, орнынан атып тұрмағанда қайтеді енді?! Депутатқа да жан керек болар, сірә...

Бір соқыр айтыпты ғой көреміз деп...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2049
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2478
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2066
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1598