Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3046 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 13:37

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Бекболат Тілеуханға жауабы!

Күні кеше Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан үкіметтен Дарвиннің эволюциялық теориясының мектептерде оқытылуына тыйым салуды етті.

Әсіре діншілдер мен креационистердің ғылымға шабуылы үдеп бара жатқанға ұқсайды. Күрес қарапайым үй ішіндегі әңгімеден парламент мінберіне дейін жетіп отыр. Бұл өте қауіпті тенденция!

Осыған орай біздер осыдан үш жыл бұрын Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы қабылдаған «Білім берудегі креационизмнің қаупі туралы» атты қарарды аударып бергенді жөн санап отырмыз.

«Абай-ақпарат»

 

 

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының № 1580/2007 қарары

«Білім берудегі креационизмнің қаупі туралы»

1. Бұл қарардың басты мақсаты дінге күмән туғызу немесе оған қарсы күрес жүргізу емес, себебі діни сенім бостандығы бұған жол бермейді. Оның мақсаты - ғылым мен білімді діни сеніммен ауыстыру әрекеттерінен сақтау. Діни сенім мен ғылымды айыра білу қажет. Олар бір-біріне қайшы келмейді және бір-бірімен бейбіт өмір сүре алады. Ғылымды дінге қарсы айдап салуға болмайды, алайда, діннің де ғылымды жоққа шығаруына жол бермеген жөн.

Күні кеше Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан үкіметтен Дарвиннің эволюциялық теориясының мектептерде оқытылуына тыйым салуды етті.

Әсіре діншілдер мен креационистердің ғылымға шабуылы үдеп бара жатқанға ұқсайды. Күрес қарапайым үй ішіндегі әңгімеден парламент мінберіне дейін жетіп отыр. Бұл өте қауіпті тенденция!

Осыған орай біздер осыдан үш жыл бұрын Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы қабылдаған «Білім берудегі креационизмнің қаупі туралы» атты қарарды аударып бергенді жөн санап отырмыз.

«Абай-ақпарат»

 

 

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының № 1580/2007 қарары

«Білім берудегі креационизмнің қаупі туралы»

1. Бұл қарардың басты мақсаты дінге күмән туғызу немесе оған қарсы күрес жүргізу емес, себебі діни сенім бостандығы бұған жол бермейді. Оның мақсаты - ғылым мен білімді діни сеніммен ауыстыру әрекеттерінен сақтау. Діни сенім мен ғылымды айыра білу қажет. Олар бір-біріне қайшы келмейді және бір-бірімен бейбіт өмір сүре алады. Ғылымды дінге қарсы айдап салуға болмайды, алайда, діннің де ғылымды жоққа шығаруына жол бермеген жөн.

2. Кейбір адамдар үшін діни сенімнің діңгегі болып табылатын Жаратылыс ілімі өмірдің мәні болып табылады. Дегенмен де, Парламенттік Ассамблея креационизм идеяларының біздің білім беру жүйелерінің ішіне ену мүмкіндігі мен бұның біздің демократиялық мемлекеттердің болашақтығы үшін тигізер кеселдері турасындағы алаңдаушылығын білдіргенді жөн санап отыр. Егер біздер қажетті қадамдарды іске асырмасақ, креационизм Еуропа Кеңесі үшін маңызды болып табылатын адам құқықтары мәселесіне қауіп төндіруі ықтимал.

3.  Адамзат эволюциясының табиғи сұрыптау нәтижесінде пайда болғанын теріске шығару мақсатында пайда болған креационизм ілімі ұзақ уақыт бойы тек қана таза американдық феномен болғаны хақ. Бүгін креационизм идеялары Еуропаға жол салып, Еуропа Кеңесі мүшелері болып табылатын кейбір мемлекеттерді қамтып отыр.

4. Басым көпшілігі христиан немесе мұсылман дінін ұстанатын бүгінгі креационистердің басты нысанасы - білім беру жүйесі. Олар өз идеяларының мектептің білім беру бағдарламасына енгенін қалап, сол үшін аянбай еңбек етуде. Алайда, креационизмнің ғылыми дисциплина емес екендігі анық.

5. Креационистер белгілі бір ғылыми салаларда жинақталған білім жиынтықтарын жоққа шығарып, эволюциялық теорияны басқаларымен бірдей интерпретацияның бірі деп түсіндіргісі келеді. Олар ғалымдарға эволюциялық теорияның ғылымилығын дәлелдейтін нанымды дәлел келтірмейсіңдер деп айып тағады. Керісінше, олардың өздері ғылыми дәлел ретінде ұсынған тұжырымдарының бірі де объективті талдауға төзе алмайды.

6. Біздер ғасырлар бойы сұрыпталып, табиғат, эволюция, біздің шыққан тегіміз бен әлемдегі орынымыз туралы ғылыми дәлелденген пайымдарымызды жоққа шығаратын ойлау жүйесінің кеңінен тарап жатқанының куәгеріміз.

7. Бүгінгі күні сенім-наным, әртүрлі идеалдар және ғылым айналысатын мәселелер арасындағы қайшылықтар әлі қатпаған мектеп оқушыларының ойлау қабілетіне теріс әсерін тигізу қаупі бар. «Барлық заттар тең» деген ұстаным тартымды және толерантты болып көрінгенімен, шын мәнінде зиянды болып табылады.

8. Креационизмнің іштей қарама-қайшылығы көп. Мысалы, креационизмнің жаңартылған түрі болып табылатын «парасатты пайым» ("intelligent design") теориясы эволюцияны белгілі дәрежеде мойындайды. Дей тұрғанмен барынша ғылымиланған «парасатты пайым» теориясы өз ұстанымдарымен ғылыми жетістіктер мен білімді ауыстырғысы келеді. Оның қауіптілігі осында.

9. Ассамблея қашанда ғылымның айрықша маңыздылығын айтып, дәлелдеп келеді. Бүгінгі ғылым адамның өмірі мен еңбегін едәуір жеңілдетіп, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Эволюция теориясы ғылыми фактілерге негізделген және оның діни аянға ешқандай қатысы жоқ.

10. Креационизм өз ұстанымдарының ғылыми дәлелденгендігін үнемі алдыға тартады. Шындығында, креационистердің барлық тәсілдері үш түрге бөлінеді:

- таза догматикалық дүниелерді қайталау;

- арнайы бұрмаланған ғылыми деректерді қайталау мен оларды ғажайып суреттермен көмкеру;

- екі-ұш аты шыққан, алайда осы саланың маманы емес ғалымдардың айтқандарын қайталау.

Осы тәсілдерді пайдалану арқылы креационистер көпішіліктің назарын өздеріне аударып, жұртшылықтың басын айналдыруды көздейді.

11. Эволюциялық теория тек қана адамзаттың эволюциясы мәселелерімен шектелмейді. Оны жоққа шығару біздің қоғамдардың дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Егер эволюция принциптерін жоққа шығаратын болсақ, онда адамзатқа қауіп төндіріп отырған қатерлі ісік, СПИД сияқты инфекциялық аурулармен күресті мақсат еткен медицинаның да жетістіктерін жоққа шығаруға тура келеді. Эволюция механизмдерін дұрыс түсінбесек биоалуандылықтың жойылуы мен климаттық өзгерістер сияқты кешенді қауіп-қатерлердің алдын алу, зерттеу мәселелерін шеше алмаймыз.

12. Біздің заманауи әлемнің ұзақ тарихындағы ғылым мен технологияның дамуы ерекше рөл атқарады. Дей тұрғанмен көптеген ғылыми мәселелердің өзінің оң шешімін таба алмауы, соңына дейін шешілмегендігі фундаментализм мен экстремизмнің барлық түрінің кеңінен тарауына жол ашып тұр. Ғылымды үзілді-кесілді жоққа шығару - адам және азамат құқықтарына келіп тұрған ең зор қауіптердің бірі екені анық.

13. Эволюция теориясы мен оның жақтастарына жарияланған соғыс көбінесе діни төзімсіздік формасына еніп, негізінен экстремистік оңышыл радикал топтардың қолымен жүзеге асырылады. Креационистік қозғалыстың бүгінгі күні ықпалды саяси күшке айналғаны хақ. Креационизмді қорғаушылардың демократиялық қоғамның орнына теократияны орнатуға дайындығы осының айқын дәлелі.

14. Бүгінгі күні негізгі монотеистік діндердің барлығы осы мәселеде байсалды ұстанымдарға тоқтаған. Мысалы, Папа Бенедикт XVI-шы, оның алдындағы Папа Иоанн Павел II-шілер ғылымның адамзат эволюциясындағы рөлін мойындап, эволюция теориясының «жай ғана болжамнан үлкендігін» ашық айтып отыр.

15. Біздің қоғамдар мен демократиялық мемлекеттеріміздің болашағы үшін эволюционизмнің фундаменталды ғылыми теория ретінде оқытылуы айрықша маңызға ие болып отыр. Осыған байланысты эволюциялық теория оқу жоспарларын дайындау мен ғылыми дисциплиналарды оқытуда негізгі мәселе болып табылады. Себебі басқа да ғылыми теориялар сияқты бұл теория кез-келген ғылыми тексеруден, зерттеуден өте алады. Эволюция өмірдің барлық саласында орын алып отыр. Қарапайым ғана медицина саласындағы антибиотиктерді көптеп қолдануға шыдамдылық танытып жатқан бактериялар мен ауыл шаруашылығындағы зиянкестердің пестицидтерге еті үйренуінен бастап барлығы да эволюция заңдарының қауқарын дәлелдеп отыр.

16. Еуропа Кеңесі мәдениет пен діннің оқытылуын да маңызды деп есептейді. Сөз және ой бостандығын қамтамасыз ету тұрғысынан креационизм идеяларының басқа да теологиялық діни пайымдармен қатар мәдени және діни білім берудің қосымша бағыты болуына қақысы бар. Алайда, бұл идеяларды қолдаушылар ғылыми білімнің орнын алу әрекеттерінен бас тартуы тиіс.

17. Ғылым біздің бойымызда қатаң ойлау тәртібін қалыптастырады. Ол «заттардың неге пайда болды» деген сұрақтарға жауап бермесе де, олардың қалай пайда болып, қалай дамитынына нақты жауап береді.

18. Креационизм идеяларының өрбуін зерттей келе біздер креационизм мен эволюцинизмнің арасындағы қақтығыстардың интеллектуалдық тартыс деңгейінен баяғыда-ақ асып кеткенін көріп отырмыз. Егер біздер бүгінгі күні нақты іс-шараларды жүзеге асырмасақ, онда еуропа Кеңесі үшін аса маңызды болып саналатын құндылықтарды креационистік фундаменталистер аяққа таптауы әбден мүмкін. Сондықтан Еуропа Кеңесі парламенті депутаттарының басты міндеті - мәселе ушықпай тұрған кезінде көріп, оны шешуге тырысу.

19. Парламенттік Ассамблея Еуропа Кеңесіне кіретін мемлекеттерді, әсіресе білім саласының басшыларын төмендегіге үндейді:

19.1. Ғылыми білімді қорғап оны дамыту;

19.2. Объективті ғылыми біліммен қатар ғылымның негіздерін, оның тарихын, эпистемиологиясын және әдіснамасын дұрыс зерттеу және оқыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлу.

19.3. Ғылымның бүгінгі әлемнің дамуымен тікелей байланысты екенін көрсетіп, оның кеңінен насихатталуына, оған деген қызығушылықтың артуына назар аудару.

19.4. Креационизмнің мектептерде эволюция теориясымен бірдей дәрежедегі ғылыми дисциплина ретінде оқытылмауын қамтамасыз ету. Креационистік идеялар тек қана діни дисциплина ретінде оқытыла алатынын ашық айту.

19.5. Эволюционизмді мектептік оқу бағдарламасының аясында таза, сұрыпталған фундаменталды ғылыми теория ретінде оқыту.

20. Ассамблея Еуропа Кеңесінің мүшесі болып табылатын 27 мемлекеттік Ғылым академияларының 2006 жылы эволюционизмді оқыту қажеттілігі тіралы декларацияға қол қойғанын құптай отырып, қалған мемлекеттердің барлығын осы декларацияны қолдауға шақырады.

2007 жылдың 4 қазаны.

 

Қарардың ағылшын тіліндегі түпнұсқасы мына жерде - http://assembly.coe.int/Main.asp?link=/Documents/AdoptedText/ta07/ERES1580.htm

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1043
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 924
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 686
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 778