Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2362 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 09:53

Нұра Матай. Бергейдің берері, Сергейдің сенері жоқ...

Күні кеше елбасы елді индустрализациялау жоспарының қалай іске асып жатқанын көріп және жаңадан сексен (!) кәсіпорынның ашылуына ақ батасын берді. Әр аймақтың әкімі президентке облыстағы индустрализациялау жоспарының қалай орындалып жатқанын баяндап берді. Қызық осы жерден басталды.

Президент Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченкодан еңбек өнімділігінің нақты көрсеткішін айтуды сұрағанда, Секең қара басып күмілжіп қалды. Бар айтқаны: «Еңбек өнімділігі аз. Бірақ бар» деген қысқа жауап болды. Оның өзін екілік алған баладай әзер айтты. Ал, президент Секеңді «Аймақтағы еңбек өнімділігінен хабарың жоқ, демек жұмыс барысын қадағаламайсың» деп екі аяғын бір етікке тықты. Сергей не десін, күмілжіп қала берді.

Баспасөз бетіндегі сындарға былқ етпейтін Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев бұл жолы әдбен састы. Президент Бергейді аймақтағы шағын және орта бизнестің дамыта алмай отырсың деп сынға алды. Президент: «Сен индустрияны дамытумен айналыспайсың. Жылына 25 миллионға дейін қаражат бөлінеді. Бәрі бар - өнеркәсіп жоқ. Мұнай мен газ сенің шаруаң емес. Онымен айналысатындар бар», - деп облыстағы отандық бизнесті дамытуға саусағын қимылдатпағандығын Бергейдің бетіне басты. Ақыр соңында елбасы Атыраумен салыстырғанда мұнайы да, газы да жоқ Ақтөбені Бергей Рысқалевқа үлгі етті.

Тағы бір жаңалық. Президент қызметтерін пайдаланып, бизнестің аяғына тұсау болып жүрген қаржы полициясы қызметкерлерінің әрбірін аты-жөніне дейін білетіндігін айтып, Бас прокуратура мен ІІМ-не елдегі кәсіпкерлердің құқығын қорғауды тапсырды.

Шыны керек, мұның бәрі біз үшін үйреншікті нәрсе. Бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, нақты іс жасалмаса да ол үшін ешкім айыпты болып шыққан емес. Бүгінге дейін. Бәлкім ертең басқаша болар...

Ал, осыған дейін тек қызметінен алып тастау «жазасы» беріліп келеді. Қызметінен кеткен әкім-қаралар жұмыссыз қалмайды. Төгіп ішіп, шашып жеп шайқап жүреді. Араға уақыт салып тағы бір жылы орынға қонжия қалады. Сөйтіп, баяғы әдетіне қайта басады. Жауыр болған, жалықтырған сценарий. Мұны біз президенттің назарына түсіп, сынына ұшыраған Сергей Дьяченко мен Бергей Рысқалиевтің жөнінен айтып отырмыз. Себебі, біздің биліктің мызғымас дәстүрі бойынша, әуелі ел ішінде ауыс-түйіс туралы әңгіме гулейді. Сосын бірқатар адамдар жоқ жерден елбасының сынына ұшарайды. Жаңа пайда болған адамдай. Өмірінде тұңғыш рет өзі басқарған аймақтың ісін сәл-сәл ғана ақсатып алғандай. Құдды аяғы жоқ ертегі дерсің.

Енді, көрде тұрыңыз, сынға іліккен Секең мен Бекең орын ауыстырулардың алғашқысы болатын шығар.

Ал енді жеке кәсіпкерлерді жем қылуды ата дәстүріне айналдырған мына қаржы полициясының кейбір қызметкерлері туралы президенттің айтқаны баяғыдағы «Әрбіреуіңді қолыңнан сүйреп сотқа апара аламын» деген сөзін еске түсіреді. Кеше ғана Талдықорған қаласында ала дорбаға айналған мемлекеттік туды қорғай алмай, оған байланысты заңды қадағалай алмай отырған Бас прокуратура мен ІІМ-гі отандық бизнеске араша түсіп, қамалды қорғаны болады дегенге сенім аз. Көрерміз. Президенттің сөзі мен оның қалай орындалғанын.

Айтпақшы, кеше ғана ақтық сапарға аттанған Құдайберген Сұлтанбаевтың «Домбыра қазақтың өзі сияқты неге болса да көнгіш. Қандай ән тартсаң да келе береді» деген сөзі жоғардағы болған жайттарды ойлағанда еске түсіп отырғаны...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 380
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 198
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 212
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 210