Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3540 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 08:23

Қойшыбек Мүбарак. Қытайдағы қандастарымыздың Қазақстанның болашағы жайлы ойлары

«Сен қазақ» сайтында арғы беттегі қазақтар қазақстанның келешегі туралы талқы жасаған екен. Төменде соған көз салалық. (http://senkazak.com/bbs/viewthread.php?tid=59035&extra=page%3D4) елдің жердің қамын жейтін ағайындар алыстағылардың ішінде де молынан кезгеді. Тіпті, кейде олар осы үшін бас қатырады-ау дейтін көкелерімізден артық ойламаса, кем ойламасы хақ. Бәлкім біздің мүйізі қарағайдай көкелеріміз айта алмай жүрген мәселелерді арғы беттегі ағайын ғаламтордың бетінде айтып отырған шығар. Не десеңізде, арлы Алаш баласы біраз уақыттарыңызды шығарып бір рет көз қырын сала кеткендеріңіз артық болмаса керек-ті.

Қазақстан құдіретті ел бола алмайды

Какаша:

- Құдіретті ел болудың төрт негізгі шарты:

1.      Жан саны елу миллионнан кем емес

2.      Жер ауданы 500 мың шаршы километрден артық (теңіз аумағы қамтылады)

3.      Экономикалық қуаты әлемде алдыңғы 20 орынға кіреді

4.      Өнеркәсіптенген, осызаманданған мемлекет

Бұл шарттарға сай келетін мемлекеттер: Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Бразилия, Үндістан, Ұлы Британия, Франция»

Көкше:

«Сен қазақ» сайтында арғы беттегі қазақтар қазақстанның келешегі туралы талқы жасаған екен. Төменде соған көз салалық. (http://senkazak.com/bbs/viewthread.php?tid=59035&extra=page%3D4) елдің жердің қамын жейтін ағайындар алыстағылардың ішінде де молынан кезгеді. Тіпті, кейде олар осы үшін бас қатырады-ау дейтін көкелерімізден артық ойламаса, кем ойламасы хақ. Бәлкім біздің мүйізі қарағайдай көкелеріміз айта алмай жүрген мәселелерді арғы беттегі ағайын ғаламтордың бетінде айтып отырған шығар. Не десеңізде, арлы Алаш баласы біраз уақыттарыңызды шығарып бір рет көз қырын сала кеткендеріңіз артық болмаса керек-ті.

Қазақстан құдіретті ел бола алмайды

Какаша:

- Құдіретті ел болудың төрт негізгі шарты:

1.      Жан саны елу миллионнан кем емес

2.      Жер ауданы 500 мың шаршы километрден артық (теңіз аумағы қамтылады)

3.      Экономикалық қуаты әлемде алдыңғы 20 орынға кіреді

4.      Өнеркәсіптенген, осызаманданған мемлекет

Бұл шарттарға сай келетін мемлекеттер: Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Бразилия, Үндістан, Ұлы Британия, Франция»

Көкше:

- Бұдан кейінгі әлемде құдіретті ел дейтін ел болмайды, өйткені әр бір жеке тұлға бір-бір құдірет боп тұрады. Келешекте адамның орыны білім арқылы да, ақша арқылы да өлшенбейтін болады. Тек тірі тұрғаны үшін өлшенеді. Тек сен тірі тұрады екенсің, сені тірілер көреді. Тірілер көрген екен сен барсың. Сен бар екенсің сен сол тірілерге бір қауіпсің. Сондықтан келешек бір ел тұлғасынан емес, бір адам тұлғасынан да бір-бір қауіпті құдірет».

Какаша:

- Қазақстан егер басқа ұлттарды қабылдамаса немесе көршілермен одақ түзбесе, ең ұзағанда тек Канада мен Австралия сияқты үшінші қатардағы мемлекет қана бола алады».

Айтолды:

- Құдіретті ел ең алдымен жан санымен емес әділетті саяси жүйесімен, азаматтар үшін жайлы жасалған мүмкіндіктерімен алда болуы керек. Көкше көкем сөздеріне де келісемін, келешекте адамдардың санасы алға басады, ұғымдар өзгереді, мемлекетет дегендей саяси бірліктің мәнінде де өзгерістер болуы мүмкін тіпті, қазіргі мәндегі мемлекет те жойылуы мүмкін...

Какаша:

- Қазіргі 15 миллион қазақ екі еселену үшін ең кемінде 40 жыл уақыт қажет, бұл әлемдегі ең тез қарқын, бірақ соның өзінде біз 2050 жылға барғанда  әрең 30 миллионға жетеміз. Ал қазақ 50 миллионға жету үшін әлі де 70-80 жыл уақыт қажет. (Іс жүзінде қазақтардың өсу қарқыны өте төмен, сондықттан, бұл өреге уақытында жете алмаймыз.)

Айтолды:

- Сосын жан санын арттыру керек болса, басқаларды қазақтастыру керек. Сол канада, Австралияда негізінен шетелден азамат кіргізіп жан санын арттырып жатыр емес пе. Қазақтарды алып болғасын, Қазақстан да осындай жолды талдайды. Сол кезде шетелден келгендерге қойылатын тіл жөнінде талап қай тілде болса, мәселен қазақ тілінде болса сөйтіп қазақтастыру арқылы жан санын арттыруға болады.  Қазақтардан кейін түркі тілділер болуы керек. Түркі тілділер үшін қазақ тілін игеру, орыс, ағылшын тілін игеруден оңай келеді.

Какаша:

- Бай мемлекет пен құдіретті мемлекет  екі басқа ұғым. Үдістан кедей, бірақ, ол Канададан құдіретті есептеледі. Израйльия экономикасы шалқыған мемлекет, бірақ ол Ираннан, Түркиядан құдіретті емес. Израйль жан саны 7 миллион, Түркия: 75 миллион, Иран: 68 миллион адам.

Айтолды:

- Канадаға ағылшын, французшадан талап етілген толымдылыққа жету керек. Қазақстан мен іргелес Ресей де содай шетелдіктерді сіміретін мемлекет болады, орыс тілділерді талғамы алдымен Ресей болады әрине, Қазақстан сол кезде талапқа қазақ тілін бекітіп, көршілес һам мәдениеттес түркілерден азамат жинау арқылы, жан санын арттыруда ресеймен бәсекелесе алады.

Қабық:

- Осы ғасырдың соңына барғанда Қазақстанға ағып кірген татарлар, өзбектер, түрікмендер сияқты түркі ұлттары қазаққа сіңіп кіріп қазақ ұлтын құрайды, соымен ұлттық жан саны сол кездегі түрік ұлтының жан санына асып түсіп түркі тілдес ұлттардың ішіндегі жан саны ең көп ұлт - қазақ ұлты болады деп тұспалдауға болады.

Найман:

- Қазақтың жан саны көбеймей отыруындағы маңызды себеп, Қазақстанның мидицина саласы өте нашар жағдайда екендігі айтпасақта белгілі ғой, байтал түкіл бас қайғы нарық заманында, қазақ отбасыларының бәрін 4-5 баладан туып, өз еліне үлес қосу деген шынтуайтынын айтқанда бекер қиял ғана. Әрине, аналарға болған қамқорлық қаражатын заңды түрде қамтамасыз ете алса, Алла бұйырса 30 миллион санға да жетіп қаламыз, бұдан сырт дінді күшейтіп дәріптеу осындайда аса маңызды.

Жай:

- Қазақтың жан саны көбеймей отыруындағы маңызды себептердің бірі, көп санды қазақтардың ауылда тұрғандығында, олар қалаға қарай ойысу барысында қаладан жұмыс табу, үй алу, қала тұрмысын кешіру үшін қаржы топтау сияқты мәселелерге дөп келіп отырғандықтан олар саған шұбыртып бала тауып, оларды асырап жеткізу мүмкін емес, сондықттан осы мәселелерге мемлекет жауап таба алуы керек.

Какаша:

-          Белгілі көлемдегі жан саны болмаса бәрі бекер, қазақтар қазір қоршау астында жасап жатыр. Батысында 450 миллион еуропа одағы, терістігінде 140 миллион Ресей империясы, шығысында 1,4 миллиард қытай, түстігінде 100 миллион парсы жұрты жатыр. Осыншама қалың халықтардың арасында Қазақстан үшін жан саны ерекше маңызды, әйтпегенде жұтылып кетері сөзсіз.

Найман:

- Қазақ пен өзбектің о бастағы жан санында айырмашылық бар;

1. Қазақ елінде орысша ойлайтын жаһандану идеясы өзбекстаннан күшті, себебі, қазақ жерінің орыстану кезеңі өзбек жерінен ерте басталған;

2. Қазақ елі қазір экономикалық өркениет басқышында тұр, ортау бұржуазияның халық арасындағы салыстырмасы өзбектерден әлде қайда көп, экономикалық тұрмыс ритімі өзбектен тездеу, бұл балалы болу арманы бар отбасыларды және жастарды кешеуілдетіп отыр.

3. Діні мен ділі басқа немістерді бұл араға әкеліп қоныстанудың қажеті шамалы, қазақ жері немістер сықылды дара тұлғалы мәдениет ошағы емес.

Банды78:

- Қазақстан қазір тек жан санын көбейтумен айналыспай экономика, ғылым-техника, оқу-ағартуды жалғасты басты орынға қойып дамытуы керек. Ең алдымен күшті, дамыған елдер қатарынан орын аулы, бұл шартты орындамай тұрып, яғни жүрмей тұрып жүгірем деудің өзі қатер, ішкі олқылық, шекара қорғаныс, халық тұрмысы сияқты мәселелерде уағында шешім тауып, заң-түзімді күннен-күнге бекемдеп, атқаруды күшейтіп отыруы қажет, бүйтпегенде қалғанының бәрі бас қайғы болып жүрер...

Аттылы:

- Какашаның айтқаны ойға қонымды. Дұрыс, Қазақстанның жан санын көбейту - Қазақстанды құдіреттендіру деген сөз. Ол үшін шеттегі қандастарды жинаумен қатар қыпшақ тілді туысқан халықтарды да өзімізге сіміруіміз керек. Айталық, қарақалпақ, айырқалпақ, ноғай, башқұрт, татар... сияқты тілі өте жақын, болмысы қазаққа жуық халықтар қазаққа, қазақ болуға керек. Тіпті кере болса куботамен әкелу керек. Ал, бәз біреулер айтқан, Қазақстан оралмандарға  жағдай жасамады дегенге келіспеймін. Тәуелсіздік алғаннан бері миллионнан артық қандастарымыз отанға оралды, тек бір бөлімі ғана үйлесе алмай қайтып кетті, оларды да түсінуге болады, туған жерін, туыс-туғандарын қимай қайта қайтқан шығар, әйтпесе оларға қарамай қойып кеткен емес. Ал кері қайтып Қазақстанды жамандайтындарды түсінем, олар қоғамға, ортаға үйлесе алмайтын, жігерсіз, қырсыз жандар. Әрине, жұрт болғасын олардың  ішінде бұндай болады. Оған таң қалмаймыз.

Какаша:

- Бұл қазақ елін жамандау кмес, қайта оның кейбір кемшіл жақтарын талқыға салғандық, мәселені мойындамаған адам оны қалай шешпек.

Ал бас туралы айтқаныңызды қабылдамаймын,

Жан саны аса маңызды қазақ мемілекетінің ұзақ болашақтық мүдесі үшін саясатты кеңірек ұстауға неге болмасын.

Мысалға Түркия елін алайық бұл елдің кезінде тең жарымын курт, армен, грек сияқты ұлттар ұстаған екен, бырақ Мұстапа Ккамалдың саясатының арқасында солардың денін түріектерге сіңіріп қазыр әлеуетті мемілекетке айналып отыр.

Қазақтар тарихта көптеген жат халықтарды қабылдап өзіне сіңіріп отырған, моңғол, арап, кидан.

Қаракөк:

- Қазақстан күшті де құдіретті мемлекет бола алады. Бұл көз алдағы тарихи даму орайын игере алмауында жатыр. Какаша айтқандай жан саны мәселесі расында мемлекет қауіпсіздігіне, ұлт қауіпсіздігіне және ел іші базары арқылы экономиканы дамытуға тиімсіз жақтары басым. Расында шешуге тиісті мәселе көп. Алайда, біз бірлікте ойланып көрейік, қытай жоспарлы туыт жүргізді, бұның мақсаты дамуға кедергі болатын жан саны мәселесін жақсы шешті. Егер еркін тууға қоя берсе Үндістан сияқты иадролық қаруы бар, елі кедей болушы еді. Біз Үндістанды құдіретті деп айтсақ болмайды. Өйткені оның экономикалық даму үстінде, алайда сол ақшалар кімнің қалтасына түсуде, Үндістан әлі 300 миллион халқы кемсітуге ұшырайды. Мұсылмандар мен буддистер арасында үнемі аянышты қырғындар болып тұрады.

...

Бұл пікір алмасулар арғы беттегі болсын, мейлі бергі беттегі болсын бар қазақтың бір қазақ екендегін әйгілейді.

Алаш ұлдары аман болсын, Абайшыл ағайындар аман болсын.

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1213
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1111
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 846
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 991