Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Анық-қанығы 6750 3 пікір 22 Желтоқсан, 2017 сағат 08:31

Bilimland cынға жауап берді

Хабар арнасында өткен «BILIM» бағдарламасына қатысқан Айман Сағидулла (http://khabar.kz/kz/m-ra-at/ba-darlamalar/item/71478-bilim) БжҒМ өкіліне арнайы үндеу хат тапсырған болатын. Үндеу хат  «Abai.kz» ақпараттық порталында  (13 желтоқсан, 2017 жылы) жарияланды. Bilimland ұжымы мұғалімдер көтерген мәселелерге байланысты жауап беруді жөн көрді. 

Құрметті ұстаздар, жарияланған ашық хатта bilimland туралы бірқатар пікірлеріңіз айтылған екен.

Біріншіден, хатта «Әр пәнді жеке-жеке шығарса» деген ұсыныс айтылған.

Платформаға кірсеңіздер «Курстар» деген айдармен әр пәнге жеке-жеке берілген материалдармен таныса аласыздар. Сосын пәнге кіріп тарау бойынша  сабақ тақырыптары негізіндегі интерактивті сабақтарға кіре аласыздар, яғни әр пән бойынша ресурс платформада жеке берілген.

Екінші, «Бірақ осы жеке серіктестік облыстық білім басқармаларына кірген-кірмеген мектептер туралы ақпаратты жіберіп рейтинг шығарып отырады» деген мәлімет берілген.

Bilimland осы заман талаптарына сай мұғалімдерге көмекші құрал болу керек деген оймен жасалған. Біздің ұйым өз ресуртарының қолданыс аясын анықтап, ұстаздар мен оқушылар сұраныстарын зерттеу мақсатында рейтинг жүргізіп отырады. Мектеп мұғалімдеріне қосымша жұмыс жүктеу немесе ресурсты пайдалануға міндеттеуге жол берілмеуі тиіс.

Үшінші, «Осы компанияның электронды оқулығы бағдарламамен сәйкес емес» деген пікір айтылған. Ұжым ресурстары қосымша оқу құралы, қосымша материал ретінде ұсынылады. Бірақ барынша ҚР білім беру бағдарламасын негізге алып, халықаралық стандарттарға сай білім беруді көздейді.

Төртіншіден, хатта «Қазіргі кезде АКТ деген сылтаумен мектептегі информатика пәні мұғалімдеріне көп жұмыс міндеттеліп отыр» деген ой айтылады. Сабақта инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану мұғалімнің уақытын үнемдеуге, сабақты қызықты, тартымды етіп өткізуге, оқушыға толыққанды әрі жан-жақты мәлімет беруге көмектеседі. Ал платформа ресурстарын сабақта пайдалану немесе пайдаланбау мұғалімдердің өз құзіретінде. Бүгінгі күнде әлемдік тәжірибе инновациялық технологиялар мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану, сабақты қызықты әрі тартымды ететінін дәлелдеді. Біздің ұжым да осы тәжірибеге сүйеніп, ұстаздар қауымына және оқушыларға шын көңілден қолдау көрсетсек деген ізгі ниетте.

Алдағы уақытта біздің ұжым айтылған сын-ескертпелерді ескеріп, осы мәселелерді шешу бағытында жұмыс жасайды. Bilimland ресурстарын пайдаланып, пікір білдіргендеріңіз үшін рақмет айтамыз.

Bilimland ұжымы

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2158
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534