Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 21 Желтоқсан, 2010 сағат 22:33

Сайлау Байбосын. Бәтима қалай Жәнiбек атанды?

Апайтөс даланың төсiн томпитып тұрған әнебiр биiктiң басына аяңдап шыға қалсаңыз, көкiрегiңiз өзiнен-өзi күмбiрге толып, ән салғыңыз келедi. Мүмкiн сары даланың төсiнде сағымша көшкен кешегi бабаларымыздан әуезi бөлек, бiтiсi биiк небiр әндердiң бүгiнге қалуына осы себеп болды ма екен дейсiң iштей. Шынында да алқа-салқа болған сахара кеңiстiктiң сәнiн асқақтатып "Ардаққа", қияннан қайырып "Қанатталдыға", шалқытып "Шәмсiқамарға" салмасаң, домбыраның шанағын тырналап айтатын ауыл үйдiң алты ауызына әсте үйлеспейтiн сияқты. Кей-кейде Жәнiбектiң әнiн тыңдап отырып, ерiксiз осындай бiр ойға қаласың.

Алматыға барып, "академия" тауыспаса да, алқалы жұрттың ардақтысының арнайы алдында барып дәрiс алмаса да, Жәнiбек өзiн Қайрат Байбосынның шәкiр­тiмiн деп есептейдi. Яғни, рухани шәкiртi, рухани iнiсi деп түсiнген абзал. Сонау кездерде Арқа жерiне өнер сапарымен келiп жүрген Қайрат Байбосынов ағасы қалың елдiң iшiнен домбыра құшақтаған қара балаға ерекше ықыласы ауып, қасына ертiп жүрiп, концерттерде ән салдырады екен. Екеуiнiң арасындағы осы бiр жылылыққа толы аға мен iнiлiк, ұстаз бен шәкiрт­тiк қатынас әлi де үзiлмей келедi...

Былайғы ел мен жұрт екiбас­тұздық деп танығанымен, Жәнi­бектiң кiндiк қаны тамған жер - Баян өңiрiндегi Теңдiк ауылы, атақты Далба төңiрегi. Әрiсi Бұ­қар жырау, берiсi Қаныш Сәтпаев сынды ұлылар топырағын бас­қан аруақты аймақ. Көкдомбақтың биiгiне шықсаңыз, көк­жиегiн аспан көмкерген көл көсiр дала өзiнен-өзi ән салып тұрғандай күй кешер едiңiз. Ендi ше? Ақбет пен Қызылтаудың алқабын дүбiр­летiп, әндi ерттеп, күйдi мiнген Жаяу Мұса мен Жарылғапберлi, Бүркiтбайдың Мұстафасы, Едiрей мен Үшқарадан мақам тартқан Мәди, терiстiк беттегi қалың Дадан Тобықтының шаңтимесi - Шашубай, көк Есiлдi әнмен көмкерген Ғазиз, Көкшенiң көкмойындары Бiржан сал, Ақан серi, Үкiлi Ыбырай, мынау iргедегi әулиелi Ақкөлдiң ән ерекесi Естай, Ертiс бойындағы Байғабыл әншi... Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даланың ән академиясы! Жәнiбек бала да кешегi жүйрiктер секiлдi кезiнде осы академияға құжатсыз қабылданып, тiркелмеген тыңдаушысы болған!

- Менiң атам қойған шын атым - Бәтима, - деп Жәнiбек өзiне тән әдетiмен екi көзiн сығырайтып, ақсия күледi.

- Түсiнбедiм...

- Атам Мәлiктен әкем Хадис жалғыз екен. Хадистен ағам Қазыбек, одан кейiн мен дүниеге келдiм. өспеген тұқым едiк, екi ұл бiрiнiң артынан бiрi туды, елдiң көзi тиiп жүрер деп, атам менiң атымды Бәтима деп, әдейi қыздың атын қойыпты. Қазiр осы уақытқа дейiн елдiң көбiсi менi сол әдетпен Бәтә деп атайды. Бiрақ мен қыр­қымнан шықпай жатып, үйге елге белгiлi Сары молла деген адам келiптi.

- Мәке, туманың бауы берiк болсын, ұл ма қыз ба? - деп сұрайды.

- Қыз бала едi... - деп атам төмен қарапты.

Сол кезде ана жақтан мен бақырып жыласам керек. Елең еткен Сары молла:

- Мынау ұлдың даусы ғой, Мәке, ендi бұдан былай жасырмаңыз, Алла ғұмыр жасын ұзақ қылсын, есiмi Жәнiбек болсын! - деп батасын берiптi. Бiрақ атам өзi өле-өлгенше Бәтимә деп кеттi.

- Есте қалатын әңгiме екен. Ал ендi ауылда туған қазақтың бәрi әншi болып жатқан жоқ, өнерге жақын болуыңның себебi не?

- "Ел iшi өнер кенiшi" деп тегiн айтылмаған ғой. Бала күнiмде бiздiң жақта Бақыт Қырықбаев, Төлеутай Досов, Мақсұт деген әншiлер болды. Соларға қарап отырып, осындай әншi болсам деп армандайтынмын. Шешем Раушан марқұм да құйылтып "Гаухартасқа" салушы едi. Осылардың әсерi бол­ған шығар, бала күнiмнен домбыра ұстап, ән айта бастадым. Бертiн­де әншi ретiнде халыққа танылуыма Екiбастұз қалалық мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi болған Жүрсiн Бәтенов ағамыздың ықпалы зор болды. 1986 жылы Алматыда өткен әншi-термешiлердiң байқауында жүлдегер атанып, елге танылдым. Екi жыл өткен соң тағы да осындай байқаудың жеңiмпазы болдым. Содан кейiнгi жылдары Қайрат Байбосыновпен бiрге Павлодар облысының аудандарын аралап, концерт қойдық. Кеңес уақытында Бүкiлодақтық халық шығармашылығы байқауының екi мәрте лауреаты болдым (кеңестiк кезеңдi қанша жамандасақ та, осындай игi шаралар өтiп тұратын). Осының барлығы менiң өнерпаз ретiнде ұшталып, халыққа танылуыма себеп болды. Ескерусiз қалып жатқан жоқпын, 2004 жылы өнер саласындағы көп жылғы еңбегiм үшiн Мәдениет ми­нистрi­нiң бұйрығымен "Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерi" деген атақ алдым. өткен жылы өзiмдi қадiр­лейтiн ел-жұрттың қолдауымен Жәнi­бек деген есiмiме "сал" деген қосымша жалғанып, ендi ел iшiнде "Жәнiбек сал" атанып жүрмiн. Бұл бiрiншiден, өнер­паз­ға шығармашылық серпiлiс берсе, екiншiден кешегi бабаларымыздан қалған дәстүрдi тiрiлту деп түсiнемiн.

- Қазiр халық әндерiнiң ел iшiнде тыңдалуы қалай?

- өкiнiшке қарай, дәстүрлi әннiң күн санап қадiрi қашып бара жатқанын байқап жүрмiз. Себебi оны түсiнетiн тыңдарманның қатары сиреп барады. Кейiнгi жастардың ықыласы батыс музыкасына ауып кеткен. Қазiр халықтық өнер солтүстiк өңiрлерде насихатқа, қолдауға зәру. Ана бiр жылдары Мұхит әндерiнiң Орал қаласында өткен байқауына қатыстым. өзiңiз бiлесiз, Арқа әндерi мен Батыс өңiрi әуендерiнiң табиғаты екi басқа. Оның үстiне сол жерде мiндеттi түрде Мұхиттың "Айдайын" шырқау керек болды. Шынымды айтсам, мен бiлмеу­шi едiм. Бiрақ бiр түннiң iшiнде осы "Айдайды" үйренiп алып, ертеңiнде орындап, сексен әншiнiң iшiнен үшiншi орынға ие болдым. Бiрақ менiң айта­йын дегенiм бұл емес, сол жақтағы елдiң халық әндерiне деген ерекше ықыласы едi. Шiркiн, бiзде де сондай тыңдарман болса деп армандайсың.

- Жәке, ердiң жасы елуге иек артқалы жатырсың, бұл да бiр белес қой, ресми орындардан қолдау бар ма?

- Әрине, қалалық әкiмдiк, облыстық мәдениет басқармасы қолдау жасап, жаңа жыл өткен соң облыстағы бiрнеше аудандарды аралап, концерт бермек­пiн. Соңғы есеп концертiм нау­рыз айында Екiбас­тұздағы "өнер" мәдениет сарайында өтпек. Халық әнiмiздi тыңдап, содан аз да болса рухани ләззат алса, бiзге одан артық бақыт жоқ.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661