Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2874 0 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 08:50

Түркіменстанда президенттің кітабы бойынша фильм түсіріле бастады

Түркіменстанның Дашогуз аймағында ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов кітабының желісі бойынша көркем фильм түсіріліп жатыр. Көркем картинаға түсуге жергілікті бюджеттік мекеме қызметкерлері тартылған.

"Түркіменстан - Ұлы Жібек Жолының жүрегі" деп аталатын фильмді түсіру жұмысы екі аптадан бері жалғасып жатыр.

Дереккөздің хабарлауынша, фильмді түсірушілер жергілікті бюджеттік мекеменің қызметкерлерін түсіру жұмысына қатысуға мәжбүрлеп жатыр. "Адамдар күні бойы қыс кезінде далада жүруге мәжбүр", - дейді Дашогузда тұратын өнер қайраткерлерінің бірі.

Қалада мектептің бірінде жұмыс істейтін мұғалімнің айтуынша, фильмнің түсіру жұмысына үш бірдей ауданның қызметкерлері тартылған. "Жүз шақты киіз үй тікті. 50 түйені дайындады. Бюджеттік мекеме қызметкерлері қазір көшені қардан тазарту, киіз үйлерді тігу секілді қара жұмыспен айналысып жүр", - дейді мұғалім.

Фильм жұмысына қатысып жүргендерге тәулігіне 40 манат (шамамен 11.3 АҚШ доллары) қаламақы беріледі екен. Ал күнделікті түсірілім алаңына бару үшін олар жол шығынын қалтасынан шығарады.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің "Түркіменстан – Ұлы Жібек жолы жүрегінде" деп аталатын кітабының тұсау кесер рәсімі биыл қазан айында өткен.

2017 жылдың ішінде президенттің жеті бірдей кітабы жарық көрді.

Abai.kz

0 пікір