Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
4298 3 пікір 19 Желтоқсан, 2017 сағат 14:25

Жылдың қорытынды айтысы Алматыда өтеді

Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы шаһарында «Тәуелсіздікке тарту» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Оған еліміздің әр өңірінде жыл бойы өткен айтыстардың жеңімпаздары, алаштың ақиқатын айтып, төл өнеріміздің мәртебесін асқақтатып жүрген азулы, арқалы ақындар қатысып, жылдың қорытынды айтысын жасайды.

Еліміздегі кіл жүйріктер қатысатын дүбірлі додада ақындарымыздың көрермендерге ұсынары мол болмақ. Сондай-ақ, айтулы айтыскерлерді де бұрынды-соңды болмаған тосын сый күтіп тұр.

Жыр сайысына Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Мейірбек Сұлтанхан,  Рүстем Қайыртай, Шалқарбай Ізбасаров, Мұхтар Ниязов, Иранғайып Күзембаев, Серікзат Дүйсенғазы,  Дидар Қамиев, Қалижан Білдәшев,  Хазірет Бердіхан, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов сияқты жылдың ең үздік ақындары қатысады.

Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Ұйымдастырушы: Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағы.

Айтыстың бас бәйгесі бес миллион теңге.

Уақыты: 2017 жыл, 29-30 желтоқсан, Сағ: 15:00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да)

Билеттер Студенттер сарайының кассасында сатылуда.

Байланыс телефоны:  274  2062,  8778 778  0719

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1770
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1391