Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2882 0 пікір 6 Тамыз, 2017 сағат 18:12

Тіл фестивалі аясында Жайдарман жастары өнер көрсетеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы негізінде
Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп, Тіл фестивалі аясында халықаралық «Жайдарман» ойынын өткізеді.

«Жайдарман»  ойындары  жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткіл мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған және қазақстандықтар сүйіп көретін телевизиялық жоба ретінде қалыптасты. «Жайдарман» алаңының мектеп жасындағы жеткіншектермен қатар студенттерді, жұмысшы жастарды қоса алғанда   200 мыңға жуық таланттыларды топтастырғаны көңіл қуантады.

Бүгінде Президентіміздің рухани жаңғыру жөніндегі тағдыршешті үндеуін жастармен ұштастыру мақсаты пайда болды. Осы үндеудегі – ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы туралы бөлімдер – ең алдымен, қазақ жастарына бағытталған ұстаздық ақыл мен талап деп түсінеміз. Сонымен қатар жобаның EXPO-2017 күндері кезінде өткізілуі оң резонанс тудыратындығына сенімдіміз.

Жобаға Қазақстан, Ресей (құмық, ноғай, балқар, қарашай, татар, башқұрт, хакас), Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан (өзбек, қарақалпақ), Әзірбайжан елдерінен  10-нан астам  команда қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны: Астана қаласы "Астана" концерт залы

Басталуы:      2017 жылғы 25 тамыз  сағ.: 18:30-де 

Жобаны «Қазақстан» ұлттық арнасы эфирінен көрсету жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2242
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2597
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2561
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687