Бейсенбі, 20 Маусым 2024
752 2 пікір 21 Мамыр, 2024 сағат 16:23

Қазақстанда жекеменшік мектептер ескертусіз тексеріледі

Сурет: Иллюстрациялық фото

Мектептерде хиджабқа тыйым салу мәселесі жайлы сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  жауап берді, деп хабарлайды Abai.kz.

– Білім беру ұйымдарында арнайы ережелер, заң бар. Біз осы ережелерді ұстанып, оларды орындауымыз керек. Барлық білім беру ұйымдары осы талаптарды орындайды, олар мектеп ережелеріне, жарғыға да енгізілген. Жеке білім беру ұйымдарына келетін болсақ, мысалы, [оқушылардың хиджаб киюі бойынша] нақты шағым келіп түскен кезде біз Атырау облысындағы осындай мектепті жаптық. Сондықтан бұл жұмыс жалғасады. Біз өскелең ұрпақтан ертең табысты тұлғаны қалыптастыруға көбірек бағыттауымыз керек. Сондықтан біз бұл саясатты әрі қарай жалғастырамыз. Кәсіпкерлік кодексі бойынша бізде сигналсыз жеке мектептерді тексеретін құзірет болған жоқ,  тіпті болған кезде де прокуратураның рұқсатымен тексерілетін. Қазір бұл бағытта үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Енді біз барлық білім беру ұйымдарының заңдылықтың орындалуын тексерумен сәйкестендіру үшін кез келген білім беру ұйымдарына ескертусіз кіруге мүмкіндік аламыз, – деді ол.

АҚШ-тың әлем елдеріндегі діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясының баяндамасына түсініктеме бере отырып, Бейсембаев ең бастысы, елдің заңының үстемдігі маңызды екенін мәлімдеді.

Abai.kz

 

2 пікір