Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3225 0 пікір 30 Шілде, 2017 сағат 19:03

«Қазақ елі» анимациялық фильмі халықаралық байқауда үздік атанды

Шілде айының соңында Астанада ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен «Бес құрлық»  балалар фильмдерінің фестивалінде «САҚ» киностудиясының «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды Абай-ақпарат ақпарат агенттігі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық фильмінің режиссері, облыстық Мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры, «САҚ» киностудиясының белгілі сценарисі, режиссер Батырхан Дәуренбековке кинофестивальге белсене қатысып, балалар киносының дамуына ықпал жасағаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті   Елбасы Қорының арнайы жүлдесі мен «Алғыс хаты» салтанатты түрде тапсырылды.

Фестивальдің бағдарламасында Қазақстан, Франция, Нидерланд, Қытай, Ауғанстан, Иран, Тунис, Перу, Үндістан, Мексика, Испания, Италия, Дания, Грузия және т.б.  елдердің шығармашылық топтарының жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, «Бес құрлық»  балалар кинофестивалінің ашылу салтанатына «Оскар», «Алтын глобус» сынды кино өнеріндегі беделді сыйлықтардың иегері, америкалық актер, продюсер, кинорежиссер Николас Кейдж қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1692
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1377
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1310