Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3881 0 пікір 12 Қараша, 2017 сағат 02:58

Биыл Алматыда - «Жастар жылы» деп жарияланған

Биылғы жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарияланған еді. Бұған қоса қала шеңберінде «Алматы қала­сының жастарын қолдау жол картасы – 2020» жоспарлы бағдарламасы жасалып, тұсауын кесті. Жақында «Нұр Отан» партиясының Алматы қала­лық бөлімшесінің баспасөз орталығында өткен жиында қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарма­ның басшысы Шыңғыс Бескемпіров «Жастар жылы» аясында Алматыда атқарылған нақты іс-шараларға тоқталды.

Басқосуға «Нұр Отан» партиясы­ның Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Мәди Ахметов, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Баба­мұратов  қатысты.

– Қазақстандағы әрбір үшінші студент Алматыда білім алып жатыр. Сондықтан Елбасының бастама­сымен 2017 жыл Алматыда «Жастар жылы» болып жарияланды. Ең әуелі, бұл жол қартасы негізгі бес бағыт бойынша жұмыс істеуді көздейді. Атап айтқанда, сапалы білім беру, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, мәдени демалысты ұйымдастыру, жас отбасыларына қолдау көрсетіп, оларды баспанамен қамтамасыз ету, – дейді Ш.Бескемпіров.

Әлеуметтік сауалнама бойынша бүгінде 35 жасқа дейінгі жастардың 80 пайызы тұрғын үйге мұқтаж екен. ТҮҚЖБ желісі бойынша 29 жасқа дейін 34 мыңнан астам жастар жеңіл­дік ипотекаға кезекте тұр. Бұл ретте Жол картасы шеңберінде жастар­дың баспана мәселесін шешу — маңызды мәселе.

– «Алматы жастары» деп аталатын бағдарламамен жастарға баспананы жеңілдетілген жолмен жалға беру шарасы қолға алынды. Дәлірек айтқан­да, «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» арқылы несиелеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Жастардың жас деңгейі 35-ке дейін ұзартылып, бағдар­ламаның жүзеге асуы үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы жылдық 5 пайыздық мөлшер­лемемен жыл аяғына дейін 100 жас отбасы баспаналы болады, – деді Ш.Бескемпіров.

Жастардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін биыл студенттер мен жас отбасыларға жатақханалар салу жоба­сы іске асуда. «Жол картасы» аясында 2020 жылға дейін Алматы студенттеріне 12 жатақхана  салу жос­парланған. Жоспарланған 12 жатақ­хананың төртеуінің  құрылысы биыл аяқ­талады.

Жастардың жұмыспен қамтылуы­на да барынша көңіл бөлініп отыр. Ол үшін  жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді. Жұмыс іздеген 2000 жас инновациялық мамандықтарды игеру үшін оқуға жіберілді. Бүгінде Алма­тыда 408 мың 689 жас жұ­мыс­пен қамтылған екен. Деген­мен, қалада  екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар да аз емес. Жұмыссыз жас­тардың саны 18 мыңға жуық­тайды.  Ресми деректер бойын­ша, Алматыда жастар арасын­дағы жұмыссыздықтың деңгейі – 6,7 пайыз. Бұл ретте  «Алма­ты қаласының жастарын қолдау жол картасы – 2020» жос­парлы бағдар­ламасы аясын­да жас мамандарды жұмыспен қамтуға септігін тигізетін бір­қатар бағдарламалар қарас­ты­рылған. Солардың бірі –  «Жастарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту» жоба­сын іске асыру. Мұнда мамандықтың ерекше­лігіне байланысты оқыту мерзімі 1 айдан 3 айға дейін созылады.  Аталған жобада 47 мамандық бар.

Екінші мәселе – «жастар тәжіри­бесін» енгізу. Ағымдағы жылда жас­тар тәжірибесі бойынша 700-ден 2 мың жасқа дейін квотаны көбейту жоспарлануда. Сондай-ақ, тәжірибе  шеңберінде жалақының 38 000-нан 56 000 теңгеге дейін көтерілуі көзделуде. Сонымен қатар, жыл сайын «Назар­баев Университеті» шеңберінде 40 кәсіпкерді оқыту жоспарлануда. Жыл сайын жастар арасында 20 стартап байқауы өткізіледі.

Жастардың уақытын тиімді өткізу  үшін мәдени, спорттық мекемелерді көбейтуге көңіл бөлініп отыр.

– Бұл ретте жастарға арналған Лофт-орталық ашылып, оның база­сында еріктілер, жас кәсіпкерлер, жас суретшілер секілді орталықтар жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, қыр­күйек айында Алатау ауданын­дағы Атлеттер қалашығында жастармен жұ­мыс жасайтын «Алматы жастары» орта­­лығы жұмысын бастады. Әуезов ауда­нында дәл сондай «Бағдаршам» орталығы ашылды, – дейді Ш.Бескем­піров.

Мәншүк Бекбосын

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1919
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2037
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1703
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1520