Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 22 Қараша, 2017 сағат 02:28

Астанада қылмыс көрсеткіші азайды

Астана полициясы қоғамның тәртіп бұзушылыққа «нөлдік төзімділігін» қалыптастыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Абай ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері шамамен 93 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде ұсақ бұзақылық 4 мыңнан аса, тыныштықты бұзу бойынша 6 мыңнан аса, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу 18 мыңнан аса, қоғамдық орындарда темекі шегу 15 мыңнан аса, абаттандыру ережесі бойынша 21 мыңнан аса, қоғамдық орындарда басқа адамдардың мазасын алған 2171 факті тіркелген. 236 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«ІІБ-ның басымдыққа ие бағыты қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтын алдын алу. Жыл басынан бері Астана көшелерінде, қоғамдық орындарда және де адам көп жиналатын орындарда қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге байланысты 217 жүйелі рейд жүргізілген», дейді ведомство хабарламасында.

Рейд барысында 10 659 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Полицияның ақпаратына сәйкес, қаламызда қоғамдық тәртіпті сақтауға күн сайын 1,4 мыңнан астам полиция және Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері шығады.

Өткен аптада Астанада 750 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырған кезде 22 пайызға азайғаны байқалады. Астана қалалық ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіровтің айтуынша, қалада тіркелген қылмыстың басым бөлігін сырттан келген азаматтар жасайды.

«Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен19 қылмыстың беті ашылды. 1,9 мыңнан астам (1949) әкімшілік құқық бұзушылық пен 608 ЖҚЕ бұзу фактісі анықталды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалада тіркелген қылмыстардың басым бөлігін өзге өңірлердің азаматтары жасаған», - деді Астана әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіров.

Департамент бастығы 15 қарашада елордада 12 кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған БҚО, ШҚО және Ақмола облыстарының тұрғындары ұсталғанын айтты. Бұған қоса, элиталы көліктерді ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті.

Айта кетейік, бүгінде Астанада 983 шетелдік азамат пен (оның 336 алыс шет елдерден, 647 ТМД елдерінен) 1,3 мыңнан астам (1359) ҚР азаматы уақытша тіркеуде тұр. Тұрақты тіркеуге 2724 ҚР азаматы алынды. 85 шетелдік пен 27 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы аталған аралықта еліміздің өзге аймақтарынан және басқа елдерден келген 37 адам жасаған қылмысы үшін қамауға алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2203
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624