Сенбі, 27 Сәуір 2024
3823 1 пікір 30 Қазан, 2017 сағат 09:03

Өзбекстан төл мессенджерін іске қосады

"Өзбектелеком" жуырда Uzphone деп аталатын төл мессенджерін іске қосуды жоспарлап отыр, ол Telegram, Skype, Viber және WhatsApp мессенджерлерінің аналогы болады.

Қазір бұл мессенджер альфа-сынақтан өтіп жатыр, ол арқылы хабарлама жолдап, телефон соғуға болады, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

"Ол әзірге жаппай қолданысқа шыққан жоқ. Екі айдың көлемінде бета-сынақ деңгейіне өтеміз. Келесі жылы оны ресми түрде көпшілікке таныстырамыз", – деді "Өзбектелеком" компаниясы филиалының директоры Марат Фаттахов.

Болашақта, шамамен бір жылдан соң қосымшаны смарт-телевизорлармен және бақылау камераларымен байланысқа шыға алатындай етіп жетілдіріледі. Компания бір уақытта 1 млн қолданушыға қызмет көрсетуге әзір.

Бұған дейін республикада әлеуметтік желілердің "Одноклассники" және Facebook аналогтары жасалған, бірақ олар өзбекстандықтар арасында аса танымал бола қойған жоқ.

Abai.kz

1 пікір