Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 16888 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 03:49

Сырға Қарагөз. САММИТ: «Орыстан досың болса, айбалтаң қасыңда болсын»...

Дүниені дүбірлетіп  ұлы жиын өтті. Астатөк қазекең өресі биік өркениеттің сақылдаған стандартына сай етіп САММИТ қонақтарын «достойно» қарсы алды.  «Каденің»  талайын көрген кәнігі аріптестеріміз де қазақтың қонақ күтісіне тамсанып тарасты...

Атымтай жомарттығымыз бен бітімгершілік миссиямызды төрткүл дүниеге паш еткен осы саммитте «Орыстан досың болса, айбалтаң қасында болсын» деген нақыл сөз еріксіз есіме түсті. Мақсат-мұратымыз бір, стратегиялык әріптеспіз деп айғайлап жүрген ресейліктердің  көрсеткен осы жолғы  «дүдәмәл қылығы» қытығымызға тиіп қана қоймай, «жау жоқ деме жар астынданың» астарын барлап, абайлайтын уақыт жеткенін ескерткендей болды. Нағыз достық уақытпен шыңдалып, жеңілісте емес, жеңісте сынға түседі. Сол сыннан көршілеріміз  оңбай сүрініп, арам пиғылдарын байқамай сездіртіп алды.

Ресей басшысы Дмитрий Медведев пен сыртқы істер министрі Сергей Лавров саммит отырысында бірер сағат кана болып кетіп қалды. «Gzt.ru»:«Саммит жұмысына қарны ашқан Дмитрий Медведев, оның қорытындысы тиімсіз болатынын бірден байқап, сол күні-ақ қайтып кетті», - дейді. Сонда Медведев мырза САММИТ басталмай жатып, қорытынды құжатты күтпей, оның жұмысы тиімсіз болатынын қайдан білді екен? Әлде тиімсіз болғанын іштей қалады ма?  Ал, Лавров мырза грузин телеарналарының тілшілеріне: «Ешқандай декларация қабылданбайды» деп кесіп айтты. Сондағы сұсты кескінін көрсеңіз!

Саммит бітпей жатып, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары «Не прорыв, а провал», «Миротворческий провал» деп жарыса жазысты. Мәселен, «Известия» газеті «Астана саммиті үмітті ақтамады» деп жазса, «Московский комсомолец» «Қазақстан бір жылда ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен кезеңде түк бітірген жоқ», - деген уәжге келді. «Коммерсантъ» «Назарбаевтың бітімгершілік миссиясынан түк шықпады. Астана декларациясы тек бос құжат күйінде қалды», - деген мәлімет таратты.

Декларация қабылданып, әлемнің 56 елінен жиналған  өкілдер дуылдап-шуылдап қол соғып жатқанда,  міз қақпай, ыздиып жалғыз орыстар ғана отырып алды. Жарықтық орекеңдер ду қол шапалақ соғуға да жарамады-ау. Хиллари Клинтонның өзі «Қазақстан сөз жоқ бұл аймақта көшбасшы ел. Оның көшбасшылық рөлі нығая түскенін АҚШ қолдайды және оған әлем мүдделі», - деп кетті емес пе? Әлде 19 жыл бұрын уысынан шығарып алған ТМД елдерін әлі де «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстағысы келетін Ресей аймақтатағы бір мықты «ойыншыны» әлем мойындай бастағанына қызғанышпен қарайды ма?

Батыс баспасөзі «Әлем Қазақстанды әйгілі комик Бораттын фильмі арқылы таныса, енді қазақ елі туралы жер-жаћанға тараған жаңсақ пікірге нүкте қойылды» деп жазды. Іргелес отырған  орыстар осындайда қолдаудың орнына, жаппай тырнақ астынан кір іздеуге көшті.

Қазакстан - Ресейдің ақпараттық экспансиясына ұшыраған ел. Олардың арам хәм көреалмаушылык пиғылдары солардын ақпаратымен қарын тойғызып отырған бізге тайға таңба басқандай айырықша көрініп қалды.

www.masa.kz сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2124
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2533
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2261
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1641