Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1871 0 пікір 7 Желтоқсан, 2010 сағат 05:50

2012 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан БЭК шеңберінде мемлекеттік сатып алуларды электрондық форматта ғана өткізетін болады

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Арсен Бектасов. 2012 жылдың 1шілдесінен бастап Қазақстан БЭК шеңберінде мемлекеттік сатып алуларды электрондық форматта ғана өткізетін болады, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев сейсенбі күні үкімет отырысында мемлекеттік сатып алулар туралы келісімнің жобасын таныстыра отырып.

«Келісім күшіне енгеннен кейін (БЭК құру шеңберінде әзірленген мемлекеттік сатып алулар туралы келісімнің жобасы - ҚазТАГ)мемлекеттік сатып алулар электрондық форматта ғана жүзеге асырылады деген шешім қабылданды. 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап (келісімге) Қазақстан Республикасы қосылады. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық үш ел үшін ұлттық режим қамтамасыз етілуге тиіс», - деді Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, Ресей мен Беларусь электрондық түрдегі мемлекеттік сатып алулар әдісіне 2012 жылдың 1 қаңтарында көшеді.

Сондай-ақ, келісім келісімге қосылған елдерде бір сайт құруды қарастырады, оған мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат орналастырылады. Сонымен қатар, келісім заңдарға және сатып алулардың шарттарына жеткізушілер бойынша өлшенбейтін және әкімшіліндірілмейтін талаптарды енгізуге тыйым салады.

«Егжей-тегжей жазылған келісім мемлекеттік сатып алулар нарығындағы ашықтық пен тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп есептейді қаржы министрі.

Жалпы алғанда, РФ-да мемлекеттік сатып алулардың көлемі $120 млрд, Беларусьта  $7 млрд, Қазақстанда $14 млрд құрайды, деді министр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2198
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2584
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2521
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1684