Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2174 0 пікір 7 Желтоқсан, 2010 сағат 05:35

Үкімет БЭК құру бойынша келісімдер пакетін қабылдады

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Үкімет бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) құруға бағытталған 17 құжаттан құралған келісімдер пакетін қабылдады.

«17 келісімді 4 топқа бөлуге болады. Бірінші топ – келісілген экономикалық саясат жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған келісімдер. Бұл - бәсекелестікті қорғаудың бірыңғай қағидалары туралы, табиғи монополияларды реттеудің бірыңғай қағидалары туралы, келісілген макроэкономикалық саясат туралы, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық субсидияларын берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімдер», - деп мәлім етті экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова сейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, құжаттардың екінші тобына капитал мен қызметтер қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған құжаттар кіреді.

Үшінші топ – жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған келісімдер. Бұл – жұмыскер-мигранттар мен олардың отбасыларының мәртебесі туралы келісімдер, үшінші елдерден заңсыз миграцияға қарсы тұру туралы келісімдер.

«Келісімдердің төртінші тобы тараптардың табиғи монополияларының қызметтеріне және инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл - темір жолдар саласын, мұнай және газ құбырлары саласын реттейтін келісімдер», - деді Ж.Айтжанова.

Аталған келісімдер 10 желтоқсанда Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекет басшыларының мемлекетаралық кеңесінің отырысында қаралады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2124
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2534
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2261
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1641