Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2858 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 21:07

Александр Народецкий. Қазақтар бастарынан кешкен зұлматты ұмытуға жақын

 

Егер  қазақтар 1932-33 жылдары аштықтан қырылған жүздеген мың алыс-жақын туғандарының әруақтарын еске алғысы келсе, онда бұл шараны олар өз Отанында емес, тек Украинаға келіп өткізген  болар еді. Неге бұлай? Мүмкін, біраз уақыт өткен соң мұндай нәрсені  біреулер сандырақ деген болар. Бірақ, бүгінгі шындық мынадай: Қазақстанда  Ұлы  аштық қырғыны жайлы айтуға іс жүзінде тиым салынған.

Қараша  айының соңғы аптасы қалыптасқан дәстүр бойынша украиндықтар үшін Аштық қырғынын еске алу күні ретінде атап өтіледі. Украинаның ең мәртебелі саналатын жоғарғы оқу орны  -  Киев-Могилянск  Академиясында жұртшылық алдында  «1932-33 жылдардағы Украинада болған Аштық қырғыны жайлы Мемлекеттік Қауіпсіздік Қызметінің құжаттары сөйлейді» деген кітаптың тұсаукесері болып өтті. Бұл кітапта  Украинаның Қауіпсіздік Қызметінің (1930-1980) құпиялары ашылған құжаттарының Аштық жайлы толық тізімі қамтылған, бірінші рет басылып шығарылған, мазмұны қысқаша түрде берілген алғашқы басылым.

 

Егер  қазақтар 1932-33 жылдары аштықтан қырылған жүздеген мың алыс-жақын туғандарының әруақтарын еске алғысы келсе, онда бұл шараны олар өз Отанында емес, тек Украинаға келіп өткізген  болар еді. Неге бұлай? Мүмкін, біраз уақыт өткен соң мұндай нәрсені  біреулер сандырақ деген болар. Бірақ, бүгінгі шындық мынадай: Қазақстанда  Ұлы  аштық қырғыны жайлы айтуға іс жүзінде тиым салынған.

Қараша  айының соңғы аптасы қалыптасқан дәстүр бойынша украиндықтар үшін Аштық қырғынын еске алу күні ретінде атап өтіледі. Украинаның ең мәртебелі саналатын жоғарғы оқу орны  -  Киев-Могилянск  Академиясында жұртшылық алдында  «1932-33 жылдардағы Украинада болған Аштық қырғыны жайлы Мемлекеттік Қауіпсіздік Қызметінің құжаттары сөйлейді» деген кітаптың тұсаукесері болып өтті. Бұл кітапта  Украинаның Қауіпсіздік Қызметінің (1930-1980) құпиялары ашылған құжаттарының Аштық жайлы толық тізімі қамтылған, бірінші рет басылып шығарылған, мазмұны қысқаша түрде берілген алғашқы басылым.

Кітапта сонымен бірге, атаулық  және географиялық индекстері  берілген. Атаулары бар бөлімде Аштық қырғындарының есімдерімен қоса бұл зұлматты ұйымдастырушы-өкілдер  -  судьялар, прокурорлар, партия, кеңес белсенділерінің аттары жазылған. Сонымен бірге құпиялық белгіден алынған УССР  КГБ-ң жазбалары мен хабарламалары берілген. Бұл жазбаларда Ұлы  аштық қырғыны жайлы ақиқатты сыртқа шығармаудың әдістері мен оған қарсы күрес түрлері тәптіштеп жазылған.

Кеңестік Украинаның заманындағы арнаулы қызмет орындарының идеологтары жүргізген (барлық  одақтас республикаларда сол кезде жүргізілген) осы жұмысты қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік аппараты айнытпай қайталап отыр. Қазақ даласында болған Ұлы аштық қырғыны жайлы ақиқат  ҰҚК-ң жеті қабат жер астындағы терең сандығында жатыр. Тіпті, президенттің жеке мұрағатының өзінде аштық  құрбандары жайлы деректердің біраз шеті ашылып қалуы мүмкін. Әйтсе де, президенттің басқару заманында кеңестік режим жасаған  бұл зұлматты  бүгінгі биліктің әшкерелемесі анық. Неге? Әлде, қылмыс жалғасып жатқандықтан ба?

Еске алу шараларының ең басты күні   -   27 қарашада украиндық бұқаралық ақпарат құралдарында елдегі атақты саяси қайраткерлердің жұртшылыққа үндеулері жарияланды. Бұл үндеулердің өн бойында қайраткерлердің  Ұлы аштық қырғынын атап өтуге басты қарсы кісі (ресейлік идеологтардан кейінгі)  -  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаған сөздері де бар екен. Бұл кісі қазақ ұлтының тарихында оның басынан кешкен ең зор, сұрапыл зұлмат жайлы бірден-бір айтқызбаушысы, үндетпеушісі болып отыр. Қандай күш, әлде қорқыныш па, неге екені белгісіз бұл кісіні өз халқының, өз туғандары мен қандастары кешкен қырғын зұлмат жайлы оны үндетпей отырғанын білмейміз.

Сірә, осы кісіге арнап Виктор Ющенко мына сөздерді айтса керек: «Өз халқыңнан, төл тарихыңнан, өз болашағыңнан қорқып қажеті жоқ. Ұлы аштық қырғыны жайлы біздің жадымыз  -  елімізді рухани мешеуліктен құтқаратын ғаламат  рухани шипа, ем. Оның ең  үлкен маңыздылығы сонда, бұл  -  әрбір  боздақтың тағдырына түсетін сәулелі дұға».

Украинаның бүгінгі президенті  Виктор Януковичтің мына сөзі Назарбаевқа арналмаған деп қалай айтуға болады: «..Ұлы аштық қырғынында қырылғандардың алдында тағы да басымызды иеміз. Елімізде мұндай қара түнек, сұмдық зұлымдықты енді  ешуақытта болдырмауға уәде береміз».

Юлия Тимошенконың жұрт алдында айтқан мына сөздері Қазақстан президенті жеке өзімен өзі қалғанда оның ойына келетін болар. «1932-33 жылдары орын алған  Аштық қырғыны  -  сталиндік режимнің біздің халқымызға қарсы жасаған сұмдық зұлымдығы, ХХ ғасырдағы ең ғаламат трагедиясы. Адамдардың өз бойындағы еркіндікке ұмтылуын сындырмақ болған кеңес басшылығы оларға қарсы ең сұмдық жазалау әдісін  -  жасанды аштықты қолданды. Оба індетіне ұқсаған азық-түлікті тәркілеумен а

йналысатын арнайы «қызыл керуендер» бригадасы бүкіл елді аралап, артында азап, қайғы және өлім қалдырды».

Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев мұндай жазалау әдістерінің тек Украинада ғана емес, Қазақстанда да жүргізілгенін жақсы біледі. Бұл жәйттерді  қырылған әруақтарын еске алуға рұқсат ала алмай отырғандар да жақсы біледі. Аштық қырғындарына арналған ескерткіш  қоямыз деген уәде де орындалмай отыр.

...Қарашаның 27-і сенбісінде Киевтегі  Михайлов алаңындағы Аштық құрбандарына қойылған ескерткішке мыңдаған адамдар ағылып келе бастады. Олар бұл жерде «Жадымызда сақтаймыз» деген шырақ жағу ғибадатын өткізді. Бұл шара тек қана Украинада ғана емес, шет елдерде де жалғасын тапты. Еске алу шаралары Австралияның  - Канберра, Аделаида, Перт, Сидней, Брисбен, Мельбурн және Ньюкасл қалаларында өтті. Шырақтар  Ереванның Сурб Зоравар шіркеуінде, Грецияның Афины, Малакас қалаларында, Римнің орталық алаңында жағылды. 27 қарашада шырақтар Канаданың  қалалары  -  Ванкувер, Оттава, Гамильтон, Ошав, Сент-Кетеринс, Торонто және Виндзорда жағылды. Бұл акция сонымен бірге Португалияда, Сербияда, АҚШ-а, Францияда, Хорватия мен Чехияда өтті.

Тек екі ел ғана, Украинамен пара пар аштық қырғынын басынан кешкен -  Ресей мен Қазақстан үн шығармады. Бірақ, халықтың зары мен мұңына қарсы қамал соғу өте қауіпті. Қазақтың санасының терең түбінде жатқан шер мен мұң күндердің бір күнінде бұл қамалды бұзып шығады. Биліктің ондай селге қарсы шығар күші болмайды. Әруақтарды ұмыттыруға  ешкімнің көнбесі анық.

 

Қазақ қасіреті

Бұл  өлеңді  өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдары  Қазақстанға  жер  аударылған  жас  орыс  қызы  Татьяна  Невадовская  жазған.

Сол  кездегі  қазақ  даласындағы  Ұлы  аштық  қырғынын  көріп,  оған  көкірегі  қарс  айырылған, көргенін   қарапайым      шумақтарға   түсірген  жас  қыздың өлең  жолдары еріксіз   тұла  бойды  шымырлатады.

Қазақтың  қасіретін  көріп  көкірегі  қам  болып қан  жылаған,  қазақтың  қайғысына  ортақ  болған  Татьянаның  бұл  өлеңі әлі  күнге  дейін  қазақ  тіліне  аударылмаған  екен.

Абай заманындағы Татьянаның әні қазақ даласында еркін қалықтаған болса, кеңес заманындағы Татьянаның зарлы мұңын ешкім ести алмапты.

Сазгерлер  мен   жыршыларымыз  осы өлеңді лайықты   мақаммен  әнге  қосса,  артық  болмас.

Т.Невадовская

Кім тартады бұл зұлматтың зауалын?

Наурыз еді, шуақтанып Күн тұрған

Дала оянып, тіршілікке ұмтылған.

Ашаршылық қасіреті жадымда

Қазақтарым бастан кешкен түн тұман.

 

Қазағым аш, аш иттей боп ұлыған

Ісіп-кепкен, тым қайғылы, қиын хал.

Өліп жатыр, бұратылып аштықтан,

Күйінемін, менің тәуір күйім бар.

 

Аш нәресте шырылдайды ыңылдап,

Ана шіркін сәбиімен бір жылап.

Қос емшегін тоқпақтайды қолымен,

Есі шығып, «сүті жоқ» деп тұр жылап.

 

Бейшаралық халін көріп ананың,

Көкіректі езгілейді нала мұң.

Ашаршылық апатының құрбаны,

Аяп тұрмын мына сәби баланы.

 

Өлік сасып жатыр мына далаңыз,

Ашаршылық, жоқ қой саған шарамыз.

Құйған жаңбыр, суық жел мен аязда,

Жансыз дене мұз боп қатқан, қараңыз.

 

Шөмеле тұр айдалада жиналған,

Сабақтары шірік тартып уланған.

Бір жас сәби содан масақ іздеп жүр,

Нәзік қолмен сүртіп көзін суланған.

 

Көрінеді қабырғасы ырсиып,

Іші ісініп, сыртқа шыққан тырсиып.

Ұқсамайды тірі адамға сұлбасы,

Тірі аруақ, адам емес, құр сиық.

 

 

Бейшаралар түңілген бұл өмірден,

Қар астынан жем іздеді қолымен.

Жаратқан-ау, жан азабын тартардай,

Жазығы не, түсінбеймін соны мен?

 

Төзе алмаймын мен мынандай сұмдыққа,

Арашашы бола алмадым мұңдыққа.

Қандай жауыз ашаршылық әкелген,

Алас ұрдым, көзім жетпей шындыққа.

 

Егін бітті ел шүкірлік етерлік,

Нан мен шай да, темекі де жетерлік.

Ауа-райын сылтау етіп сандалса,

Ондай былшыл болар нағыз есерлік.

 

Келді үкімет, тәркіледі астықты,

Етті зорлық, жасап елге қастықты.

Көмілусіз қанша сүйек шашылды,

Соны ойлап суарамын жастықты.

 

Айтшы, үкімет, бұл не қылған мазағың?!

Көз алдымда тартып жанның азабын.

Малын алып, үйсіз-күйсіз қалдырған,

Ажал құшып қырылуда қазағың.

 

Ен даланы жайлағандай жын-пері,

Түк қалдырмай тұл еткен кім бұл жерді?

Ашаршылық зұлматына күні ертең

Жауапкер деп тарта аламыз кімдерді?

 

Көшпелі ел ен даланы жайлаған,

Малын бағып, қыс соғымын сайлаған,

Дихандыққа бейім емес қазақты,

Кім ажалдың аранына айдаған?

 

Кім оларды сұм ажалға тап қылған,

Қырып-жойып, жаппай ажал таптырған,

Маң далада мал өсірген қазақтың

Шат көңілін, жайлы өмірін жоқ қылған?

 

Көкіректе көп болып тұр сауалым,

Бұл зұлматтың кім береді жауабын?

Мен сұраймын, айтыңдаршы ағайын,

Кім тартады бұл зұлматтың зауалын?!

Аударған  Сағат  ЖҮСІП,  Нұрадин  ҚАНАТБАЕВ

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір