Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Рухани жаңғыру 6163 27 пікір 20 Қазан, 2017 сағат 10:04

Көшбасшымыздың көрегенділігі

Көшбасшымыздың көрегенділігі «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жалпақ жұртқа жариялағанда тағы да айқын көрінді. Бұл мақалада ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге ертеңге ерекше дара жол нұсқап берді. Ұшырасар сан соқпақтарға ұрынбай, қалай өту керектігін айқындап, жоспарлап тізбектеп берді.

Бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, еліне деген үндеу өсиеті деп түсінген жөн шығар. Өйткені, жіпке тізілген моншақтай етіп жасауға тиісті қыруар шаруаларымыздың маңызы мен мәнісін, оны жүзеге асырудың жолдарын айқындап берсе, екінші жағынан бұл өскелең ұрпаққа деген өлмес өнеге.

Ғаламданудың жаhандық жүйесіне еніп, XXІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін де атап айтты.

Елбасымыз бұл бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың бірнеше принцптерін ұсынды.

Елбасымыздың ұлттық бірегейлікті сақтауға шақыратын үшінші қағидасы – жанымызға жақын, өлгенімізді тірілтуге, өшкенімізді жандыруға бағытталған.

Ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті.

Осы орайда әрбір Қазақстан азаматы – өз шама-шарқы, өз деңгейінде осы бағытта аянбай еңбек ететін болса, ертеңіміздің нұрлы болатыны – ақиқат.

Ата сүйегіндегі қасиеті бала бойына қантамырлары арқылы Алладан аманат етілсе, өткен мен ертеңнің арасындағы айнымас байланыс орнайды. Біздің халық бұл орайда ешқандай да ұлы үрдістен қол үзбеген халық.

Мен, өнер адамы ретінде рухани жаңғырудың тікелей мәдениет пен әдебиет майталмандарының еңбегі арқасында алға жылжитынын сеніммен айта аламын, және бұл орайда бағдарламалық мақаладағы жұмыстардың біздің тараптан атқарылып жатқандығын да айтқым келеді.

Қай кезеңде де ұлттық руханият ел назарынан тыс қалмауы керек. Бұл біздің рухани жаңғыруға жасаған қадамымызға ілгерілеу сыйлайтын үрдіс.

Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындыруға талпынайық.

Нұрсәт Бейсеқожаев, Оңтүстік Қазақстан Облыстық Ш.Қалдаяқов

 атындағы филармония директоры  

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2445
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2036
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1588