Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2997 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 13:26

Тұрсын Жұртбай. Жалған ғылым қазақтың миын шырмап, шайтани өрмек салып жатыр

Өткен ғасырдың аяғында қазақ халқы тәуелсіздік алды. Осы та­рихи оқиғаның бел ортасында жүрген зиялы азаматтардың бірі өзіңіз. Сұрайын дегенім - тәуелсіздік таңы атқанда қазақ қандай еді, сана қалай қабылады және қоғамдық топтардың ықпалы жайлы айтып берсеңіз?

- Қазақ тәуелсіздік алар тұста қоғамдық құрылым үш топқа бөлініп тұрды. Біріншісі - еліміздің тәуелсіз болғанына жан-тәнімен қарсы және ұлттық идеяның жандануына түршіге қарайтын, кеңестік империяға көзсіз беріліп, алаңсыз қызмет еткен, өзі һәм бала-шағасы құлдықтың игілігін әбден көрген қазақтар. Бұлардың көбі мемлекеттік тұтқада болғандар. Бір қызығы бұл топтың үрім-бұтақтары әлі де мемлекеттің биік орындықтарында мығым отыр. Қазанның құлағы қолдарында, қоғамды қалай бұрғысы келеді, солай бағыттайды.

Екінші топ - қазақ зиялылары. Соның ішінде - қоғамтану саласындағы белсенді зиялылар. Соның ішінде - Жазушылар одағы. Өйткені, тәуелсіздік идеясын қаламгерлер көтере білді, және соны дәріптеді, жол көрсетті. Жазушылардың сол екпіні 2000 жылға дейін ентікпей келді. Қазірдің өзінде нағыз Алаш идеясы сіңген кейбір қайраткерлер белсенділігін жоғалтқан жоқ.

Өткен ғасырдың аяғында қазақ халқы тәуелсіздік алды. Осы та­рихи оқиғаның бел ортасында жүрген зиялы азаматтардың бірі өзіңіз. Сұрайын дегенім - тәуелсіздік таңы атқанда қазақ қандай еді, сана қалай қабылады және қоғамдық топтардың ықпалы жайлы айтып берсеңіз?

- Қазақ тәуелсіздік алар тұста қоғамдық құрылым үш топқа бөлініп тұрды. Біріншісі - еліміздің тәуелсіз болғанына жан-тәнімен қарсы және ұлттық идеяның жандануына түршіге қарайтын, кеңестік империяға көзсіз беріліп, алаңсыз қызмет еткен, өзі һәм бала-шағасы құлдықтың игілігін әбден көрген қазақтар. Бұлардың көбі мемлекеттік тұтқада болғандар. Бір қызығы бұл топтың үрім-бұтақтары әлі де мемлекеттің биік орындықтарында мығым отыр. Қазанның құлағы қолдарында, қоғамды қалай бұрғысы келеді, солай бағыттайды.

Екінші топ - қазақ зиялылары. Соның ішінде - қоғамтану саласындағы белсенді зиялылар. Соның ішінде - Жазушылар одағы. Өйткені, тәуелсіздік идеясын қаламгерлер көтере білді, және соны дәріптеді, жол көрсетті. Жазушылардың сол екпіні 2000 жылға дейін ентікпей келді. Қазірдің өзінде нағыз Алаш идеясы сіңген кейбір қайраткерлер белсенділігін жоғалтқан жоқ.

Үшінші топ - тәуелсіздікке немкетті қараған, терең түсінбеген, яғни ойына кіріп-шықпағандар. Жаңа заманда алып-сатарлықпен бетпе-бет келіп, бірден дүние қуып кеткен­дер. Бұлардың қалталары да, беттері де қалың, жүрек қатпарына ыстық қан жүгірмеген, суық. Қай мемлекетте өмір сүрсе де бәрібір, ақша тапса болды, алдына келгенді қарпып қалғаннан өзге мақсат жоқ. Ессіз ашкөздер. Ол әдеті өлсе де өзгермейді. Өйткені, олардың тұтыну қабілеті ерекше жетілген. Аран мен тәбеттен басқа ештеңе жоқ. Қазір бұлардың да дәурені жүріп тұр.

Міне, біз тәуелсіздікке осындай бір-біріне үйлеспейтін мүдделер мен пиғылдар тоғысқан түрде келіп кірдік.

- Дұрыс айтасыз, расында біз тәуелсіздікті жырым- жырым жыртық кеппен қарсы алдық. Жоғарыдағы сіз атап өткен топтардың дәл қазіргі тірлігі һәм бет алысы қалай боп жатыр. Әсіресе жойдасыз жемқорлар мен алыпсатарлардың ұлттына жаны ашып, бет бұратындай түрі көріне ме?

- Бірінші топ жаңа айттым, мемлекеттік тұтқада әлі отыр. Тәуелсіздік кезінде ер-тоқымын ауыстырып, қайта мініп алды. Бұлар баяғы екпінмен мемлекеттің бетін көк тайғақ мұз секілді бүркеп, жауып алған. Бұрын бұл мұз өте қалың еді. Өткен жылғы доктрина жайлы таласта мұздың беті ептеп жұқарды. Ұлттық рух, ұлттық идея деген бұлардың қаперінде жоқ болатын. Қазір мұздың бетінде тұрақ таппай сырғанап жүрген халықты байқап қалды. Ал, халықтың арасынан мемлекеттің иесі ретінде, титулды ұлт ретінде өзіне не керек екенін, қандай құқы болу керек екенін, біліп соны жоқтаушылар шығып келеді. Былайша айтқанда намысы барлар. Одан кейін не істеп, не қойғанын білмейтін және ештеңемен шаруасы жоқ, қарны тойса болды, ав­тобуста екі құлағын бітеп алып, басы изектеп, жынды қой секілді бұралаңдап отырған бейбақтар...

Ал, шын мәнінде жойдасыз жемқорлар мен алаяқ алыпсатарлардың қазаққа беті бұрылды деп айту қиын. Алда-жалда біреуі қазаққа пайдалы бір іс істеп жатқан сияқты көрінеді, ал шындығында ол уақытша ұпай түгендеу болып шығады...

Бұдан да өткен үлкен қауіп - сол тоқсаныншы жылдары, ұлттық мүдде, алаш жайлы айтып белгілі бір деңгейге дейін бедел жинап, белгілі бір деңгейге дейін билік тұтқасын ұстап, халыққа танымал болған зиялылар бар. Бұлар осы уақытқа дейін «алаштатып» келсе, қазір билікке қызмет етуге көшті. Аузында Алаш, қолындағы қаламмен доктринаны жазып отыр. Екеуі бір- біріне қарама қайшы. Алаштың идеясы қайда? Доктрина қайда? Доктринаның идеясы - бұрынғы патшалық Ресей бекіткен отар­лау саясатының мазмұны. Енді осы екеуін қалай біріктіруге бо­лады? Ең өкініштісі, ең қауіптісі - осы. Мұндай жалғандық пен жасандылық саяси дағдарысқа алып баратын жол. Тіпті саясатты былай қойғанда ғылымның өзі жалған жолға түсіп кетті.

- Онда ең үлкен қауіп осылар деңіз... Бұлардың барлығы зиялылар емес пе?

- Ең алдымен, зиялы кім? Соны біліп алайық. Қазір біраз адамдар зиялы қауым жоқ деп жүр. Соны айтып отырған адамның өзі зиялылар есебіндегі адам. Ал, айтып отырған сөзі зиялының сөзі емес. Менің ойымша Абай айтқан, Шәкәрім айтқан талап, яғни, білімнің түпкі мақсаты - ар ғылымын игеру. Бақастықпен ғылым үйреніп, білгенін бақастыққа пайдаланып өмір сүретіндер бар әрине. Алайда зиялының бәріне ортақ ар ойының таразысы деген бар. Бұл дегеніміз - жүріс-тұрысын, пайымын, білімін, арымен есептестірген, арымен сәйкестендірген адам. Зиялы болу үшін доктор, профессор болу міндетті емес, жүрегіне иман ұяласа, иманның жолымен жүрсе, әр қадамы ізгілікті ұстанып, игілікті іс қылса, сол адам - зиялы.

- Тұрсын аға, сөзіңізді бөлейін, қазақ зиялысына қатысты ең басты кемшілік не?

- Басты кемшілік - қазақ зиялыларының ойын бытыратып, ісінің берекесін кетіріп жүрген таза қазақы дәстүрлер мен ұғымдар. Әуезов айтады екен «коммунизмге қазақтың қонақжайлығымен қоса рушылдығы да еріп ба­рады» деп. Қонақжайлығы коммунизмге керек-ақ, ал рушылдығы - кереғар дүние. Бүгінгі біздің ұлтшыл, тарихшыл, өзінше озық ойлы интеллигенттердің жеткен өресін қараңыз: аузында - әлемдік өркениет, ойында - өзі, істегені - рудың мүддесі. Олар осы рулық жүйені, өмір сүрудің формасы секілді қабылдайды. Атақ алуға, дүние жинауға, қызметке отыруға пайдаланатынқоғамдық құрылым. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі тура осыған негізделген. Егер соның бір жерінен сетінеп кетсе, бәрі қирайды. Со­дан қорыққандықтан олар барынша ұйымшыл, барынша бірлікшіл, барынша ұраншыл!

Бір оқиға есіме түсіп отыр. Бірде Балуан Шолақтың ескерткіші ашылып, соған барғанбыз. Үлкен дастарқан үстінде өзім дауысын тәуір көретін әнші Аяз Бетбаев деген жігіт ән салды. Әлгі жігіт жырын төгілтіп келді де «Күн көсемге ерейік, үйсін болып бір жүрейік!» деп төрде отырған үйсіннің бір беделді адамына қарап домбырасын қағып-қағып тоқтады. Қасымда арлы қаламгер Жарылғап Бейсенбай отырған, сол кісіні түртіп «біз не ғып отыр­мыз мұнда?» деп сөйлеуге ұмсынып едім, Жақаң «шырқын бұзбай-ақ қой!» деді. Ал әлгі бұлбұл дәл сол жерде марқұм Ақселеу, Рымғали ағамыз, ғалым Қойшығара отырғанын түйсінбейді тіпті. Әбден үйсіндердің ортасында салып әдеттенген әнін ешқандай қымсынбастан сай­рап отыр. Ол жігітті оңаша шақырып «қазақтың әншісі атанып ел алдында жүрген азаматсың ғой, қазақтың басын біріктіруге үгіт жасай жүр, оңашада үйсін болып алсаң да жетеді» деп айтайын десем ретін таппадым. Енді сіздердің журналдарыңыз арқылы айтудың сәті түсіп отыр.

Міне, қазақ зиялысының көкірегіндегі жарықшақ осы. Бұл мемлекеттік деңгейден облыстық, облыстық деңгейден аудандық, аудандық деңгейден ауылдық деңгейге дейін саты-саты бойынша шынжырланып қалған. Әр сатының өз ерекшеліктері бар. Әркім өз саласында, өз мүмкіндігінше басқа рудың адамын маңына бас- тырмайды. Қазақты қазақ ретінде емес, ру ретінде қарастырады. Сырттан келіп жатқан қандастарымыздың кең байтақ қазақ жерінің жұмыршағына батып, сіңбей жүргені де содан. Бізде осы рулық негіз күнкөріс көзіне айналып үлгерді. Енді бұл пиғыл түзелмейді. Пиғыл түзелмей - пейіл түзелмейді. Пейіл түзелмей - иман түзелмейді. Иман түзелмей - іс түзелмейді. Іс түзелмей - қазақ түзелмейді. Міне, мәселенің астары қайда жатыр.

- Жоғарыда біздің ғылымның өзі жалған жолға түсіп кетті дедіңіз, мұны қалай түсінсек болады?

- Нұрлан Темірғалиев деген профессор, ғалым бар. Сол кісі: «Қазақстан ғылымы біртіндеп бойын жалған ғылымға үйретіп келеді, бұл өте қауіпті» деген еді. Қазір жалған ғылымға бой үйретті емес, жалған ғылымды зерттеу басталды. Ол жалған ғылым қашанға дейін созылады? Бір күні беті ашылып, түкке жарамсыз боп шығады ғой. Сонда шын ғылым ілгері кетеді, біз адасып айдалада қаламыз. Жалған ғылым мен шын ғылымның арасының қаншалықты алшақ екенін сонда білеміз. Өкінішке орай, мынау жаратылыстану ғылымы - нақты ғылым ғой, соның өзі жалған, саясиланған бағыт ұстанып кетті. Қаптаған академик дүниенің сырын түсіндіріп бере алмайды. Қаптаған заң ғылымының докторы заңның бір бабын түсіндіріп бере алмайды. - Заң демекші, осындайда ойға оралады, біздің елдегі қабылданған заңдардың көбі ұлттық мүддеге сай емес дейді, бұл не сөз?

- Қазақстанда мың заң болса, соның тоғыз жүз тоқсан тоғызы қазақтың мүддесін көздемейді және түсініксіз. Бір Конституцияның өзін түсіндіру үшін неше рет конституциялық кеңес құрады. Халыққа емес, заң маманда­рына түсіндіру үшін. Жоғарғы сотымыздың деңгейіндегі кадрларға дейін тәптіштеп, бір ай түсіндіретін бұл қандай заң? Заң деген дәстүрге, ұлттық танымға негізделуі керек емес пе?!. Біздікі оған негізделмеген көшірме заң. Көшірме болғанда да, жең ұшынан жалғасуға, күштінің мүддесін қорғап қалуға негізделген қайдағы-жайдағы қарақшылардың қазынасын жасыратын мемлекеттердің заңын көшіреміз. Әйтеуір көшіргесін, дұрысын көшіру керек еді. Мысалы, ағылшындардың тыйым заңын алсақ, қазақ ұлты көптеген мәселеден айығар еді. Француздардың тіл туралы заңын алсақ қазақ тілі мәселесі бір-ақ жылда шешілер еді. Немістің экономикадағы заңын алсақ, үш жылдың ішінде нәтижесін көрер едік. Өкінішке орай олай етпедік!

Өзгені былай қойғанда өткенде ғана «Діни наным, сенім бостандығы туралы» жаңа заң қабылданып «беталды діндерді тіркеуге тыйым салынады екен» дегеннен кейін сол заңның үлгісін оқып көрсем, 1822 ж., 1866 ж., 1867 ж., 1886 ж., 1889 ж., 1891 ж., 1992 ж., 1997 жылдарғы Ресейдің миссионерлік қаулысының көшірмелері. Формасы басқа, сол үлгі. Онда Ислам дініне кедергі қоюдың барлық шарттары жасалған. «Мешіт ау­данда, облыста, сосын республикада бекітілу керек!» делінген. Енді қараңыз, мысалы, сонау шеттегі Жаңаөзендегі бір ауыл мешіт салғысы келді дейік, ауыл бекітеді, аудан бекітеді, облыс бекітеді, Алматыдағы ҚМДБ-ына жібереді, сосын олар Астанаға Әділет министрлігіне жіберіп, жауап күтеді...

Көрдіңіз бе, тек мешітке рұқсат алу үшін кем дегенде үш ай сарпалдаң сапарда жүруің керек. Ол қағаз ҚМДБ-да бір ай жатады. Министрлік қарап, бекітіп, жауап бергенше төрт ай, бес ай кетеді. Қаншама уақыт, қаншама жүйке, қаншама ақша! Бұл рұқсат алу үшін ғана шыққан тер. Енді соған ақша бөліп, мешіт салам деп тұрған адам күтіп отыра ма?! Оны тағы архитектуралық кеңес бекітуі керек. Шеттегі бір ауылға бір мешіт салуды осынша қиындататын не бар?!

- Аталмыш заң нақты миссионерлік бағытта болса, ол заңды қабылдайтын мемлекеттік органға барып көрсетпедіңіз бе?

- Бардым, пікір алмасу болды. Заң шығарушы жердегі депутат, сенат достарыма қолдағы заңның баптары мен байырғы Ресейдің шоқындыру ту­ралы миссионерлік қаулысын салыстырып отырып, статьяларының астын сызып отырып, көрсетіп бердім. Таң қалып отыр. Сонда оны кім жазды? Сол заңдарды білетін адам жазды. Білетін адам кім? Шоқындырушы. Оның міндеті не? Исламды жек көрінішті етіп көрсету. Түрмеден қашқан кім? Мұсылман! Қылмысы әшкереленіп жатқан кімдер? Мұсылмандар! Теледидар мен газеттің айтатыны осы. Қысқасы, мұсылман мемлекетіндегі басты жау - мұсылман! Не деген сорақылық! Мұсылманшылыққа жаулық тарихтан бері аз болып келе жатқан жоқ... Хижаб киген қыз көрсе тітіркеніп тұратындар бар. Оның неге кигенін де түсінбейді.

Әнеу күні тарих ғылымдарының докторы бір досым: «хижаб кигендер­ге француздар қарсы боп жатыр ғой...» дейді маған. Мен айттым: «Сіздің миыңыз теріс айналып кеткен бе, жоқ әлде Францияда отырсыз ба, немесе христиан ба едіңіз, біз қазақпыз, мұсылманбыз ғой!» деп. Міне, жалған білім иесінің түсінігі.

- Қысқасы, қанша білімді ғалым болса да, ақиқатты білмейтіндер көп қой...

- Әрине, Абай айтады: «Ғылым арқылы Аллаһтың бір екеніне көзі жеткен адам шын мүмин» деп. Ендеше, мұсылмандықтың хақ жолын көрсету үшін теңіздей білім керек. Имам бауырла­рымыз жұртты кешке дейін тозақпен қорқыта бермей, Құран арқылы дүниенің сырын түсіндіруге талпынса және дүңк етіп, дүрсе қоя бермей, шариғатты сүйіншілеп жеткізсе...

Діни білім алған азаматтардың көбі қадыми мен жәдиттік көзқарасты айыра алмайды. Абайдың «мен аңсаған жаңа оқу келді!» деп қуанғаны осы жәдиттік бағыт. Құнанбай «жас молданың оқуы ұғынықты екен» деп бұрынғы молда­сын Кәмириддин деген жас молдаға ауыстырып, үш жыл оны қолында ұстап, балаларына шариғат айттырады. Ақыры ояздар Кәмириддинді Баянауылға қуғындап жіберді. Баянға барған соң осы молдадан Қаныш Сатбаев, Әлкей Марғұландар оқыды, шәкірттерінен жиырма жеті академик шықты! Қазақстан ғылымының тұтқасын ұстаған солар болды. Өйткені олар ақиқат діннен сусындап өсті ғой. Дүниенің сырына дұрыс бағытта көз жүгірте алды...

Қазіргі қазақтың көз алдында қаптаған бояулар. Оқиды - түйсінбейді. Естиді - ұқпайды. Біледі - істемейді. Миына шынайы ақылдың тамшысы тамса сіңбейді, домалап түсіп қалады. Жалған ғылым қазақтың миын шырмап, шайтани өрмек салып жатыр. Ондай адамға иманның нұры түссе, көкірегіндегі менмендікке шағылып кері қайтады.

- Тұрсын аға, ғалым ретінде еліміздегі «Білім және ғылым туралы» Заңға көңіліңіз тола ма?

- Жиырма жылдай жоғары оқу орындарында дәріс оқып келемін. «Білім және ғылым туралы» заңдардың бұрынғысы және кейінгілерімен толық та­ныспын. Оның ішінде қазақ ұлтының мүддесімен санасқан заң баптары бір- екеу ғана. «Жалпыға ортақ білім беру керек» деген баптан басқа баптар менің ақылыма онша қона бермейді. «Осындай заңды қабылдағанда өздерің біліп отырып, іштей қарсы бола отырып, неге қабылдайсыңдар» деп, қатысты адам­дардан сұраймын ғой, сонда әлгілердің айтатыны: «басқа амал жоқ». Сөйтсек, ғылым, білім, дін, құқық жөнінен төрт жүзден астам халықаралық келісім шартқа баяғыда қол қойып тастаған екенбіз. Заңның мына жағын қазаққа қарай бұрсаң, Францияда ма, әйтеуір бір халықаралық ұйым атып тұрып: «жоқ, олай емес, былай болу керек, баяғыда қойған қолдарың бар» деп шыға келеді екен. Мына заңды түртпектеп, бір сөзін өзгертсең Нью-Йорктан неме­се Иерусалимнен... тағы біреулер өре түрегеледі. Осылай шегелеп тастаған.

- Бұның ішіндегі ең сорақысы қайсы бап?

- Бұның ішіндегі ең сорақысы - кредиттік технология. Қазақстанға кредиттік технологияны кіргізу - сауатсыздықтың басы. Кредиттік техноло­гия дендеп кірген сайын сауатсыздық қаулап өседі. Сөйтіп сауатсыз маман­дар пайда болады. Сауатсыз мамандар шыққаннан кейін сауатсыз ұлт пайда болады. Көбейту кестесін білмейтін балалар мектеп бітіріп жа­тыр. Қауіп пе? Қауіп! Абайдың бетін ашпаған бала орта мектепті алтын медальға бітіріп жатыр. Қауіп пе? Қауіп! Абайдың бетін ашып керегі жоқ, тесттің сұрағына қарай дайындалса бол­ды. Ұлттық талғам жоқ. Ахмет Байтұрсыновтың кім екенін білмейтіндер университетте жүр.

Біздің жоғары оқу орындарында дәріс беретін тарихшы­лар, бүгінгі заман тарихшылары - Алашқа деген көзқарасты тек қана жеккөрінішпен түсіндіріп, қазақтың тәуелсіз авто­номиялы мемлекеті болмаған деген пікірді оқулыққа кіргізіп, студенттердің миына сіңіріп жатыр. Өткенде, университет­те студенттер екіге бөлініп, талас жүргізіпті. Бір тобы «Алаш болған, қазақ территориясын анықтап берген, олар автономия жариялаған» десе, екінші жағы «Алаш деген жоқ, тәуелсіздік деген болған жоқ. Алаш қазаққа қарсы жұмыс істеген», - деп, екі күн бойы үлкен аудиторияда пікірталас өткізген екен, ақыры мен барып «арашашы» болдым.

- Қазақ ғылым-білімінің ұлттық іргетасын қалаған осы алаш азаматтары емес пе?

- Бәрін емес, біреуін ғана айтайын. Біреуін ғана емес, біреуінің бір ісін ғана айтайық. Егерде, дәл сол кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ тiлi мен әдебиеттану ғылымының негiзiн салмаса, бiз бұл күндерi бастауыш пен ба­яндауышты - «бастаушы» мен «қостаушы», анықтауыш пен толықтауышты, «айқындаушы» мен «толықтырушы», зат есiм мен сын есiмдi - «негiздi есiм» мен «түр-түс, қимыл есiмi» деп атап жүрер ме едiк, кiм бiлсiн. Ал, шылау мен үстеудi, етiстiктi қалай атарымызды бiр Аллаһтың өзi бiлсiн. Тiл ұғымның тазалығы үшiн күрескен алашордашыл Ахаңсыз есептiң төрт амалына - алу мен қосуға, бөлу мен көбейтуге ат тауып көрiңiзшi. «Алынғыш, қосылғыш, көбейгiш, бөлiнгiш» деп оттап жүрмесімізге кiм кепiл?!.

Қазір жоғары оқу орындарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін бітірген студент роман оқуды білмейді. Журналистиканы бітіргендер Шерханмен Камалдың жазысқан хаттарын өмірінде оқып көрмеген. Өткенде маған бір тележурналист келіп «Абай туралы айтыңызшы!» дейді, мен «Абайдың несі туралы айтайын?» деймін. Әлгі қыз «Сіз ақынсыз ғой, айтып беріңізші!» деп сызылады. Ақыры оны «кімнен не туралы сұрайтыныңды біліп алып кел!» деп жолға салдым. Ондайды біздің жас журналистерден, әсіресе, кейінгі жылдары көп көрем. Бұл дегеніміз - жаттанды білім алған, жасанды тәрбие көрген, не өзіне, не өзгеге сенбейтін жалтақ өмір сүруге мәжбүр ұрпақ өсіп келеді деген сөз.

Менің бір немерем бар, бірінші сыныпқа енді барды. Онға дейін сан­ды жаңа біліп жүр, сол балаға Американың бәленбай деген математигінің, бәленбай деген заңы бойынша сабақ оқытпақ. Оны ата-ананың өздері де білмейді. Баланың өз жасына қарай көтерер салмағы болмай ма?! Сөйтіп ғылымнан адастырады. Ғылымның міндеті өзіңше ойлауды, өз бетіңше мәселені шешуді үйрету. Әуелде бір нәрсені толық түсінбеген бала, өмірбақи ештеңе түсінбей тек жаттаумен өтеді. Ал, жаттанды ғылым дегеніміз - жалған ғылым.

- Немереңіз қазақ мектебіне барады ғой?

- Әрине! Енді қайда барады?

- Біздің білуімізше қазіргі қазақтар балаларын ағылшынша, қытайша оқытуға талпынып жатыр. Бұл олардың саяси қырағылығы ма, әлде...

- Мұның бір ғана қырын сөз етейік. Абайда «...ісі сөзіне, сөзі иманына сай болмаса, одан без!» дейтін мазмұнда тағылым бар. Мына сіз айтып отырған мәселе осы. Қазіргі қазақтың миы мен ойының, сөзі мен ісінің арасындағы байланыстар са­налы адами байланыс емес, шайтанның өрмегі. Мұның басты себебінің бірі - «заманға күйлеу». Заманға қарай бейімделу. Заманды билеу емес, заманға илену. Өткен тоқсаныншы жыл­дары Абайдың өлеңін оқығаннан гөрі, көшеде «арзан зат сата­мын!» деп орысшалап айғайлап тұрғаның әлде қайда тиімді бол­ды. Міне, сол кезде көшеге әйелдер шықты, үйдегі балаға әйел күлше әкеп берді. Әйелдің ойы көшеде көргенінен аспады. Сөйтіп, отбасында әйел билік алды. Ол жалпыласты. Үй ішіндегі еркектің беделі жойылды. Ал, әйел тәрбиелеген бала әкесі миллионер болса да тыңдамайды. Ондай еркекте әкелік мыс болмайды. Анасы қай мектепке берем десе, баласы сол мектеп­ке барады. Міне - тәрбие. Үлкеннен қымсынған қызды көрдің бе? Көшеде етегі ашық жүрген қыздар әке тәрбиесін тыңдап өскен қыз ба?! Олай ем-е-с! Шаңырақта еркектің беделі қалпына келмей, отбасы түзелмейді. Әке қақы қалпына келіп, отбасындағы адамдар орындарын таппаса, қоғам түзелмейді. Өкінішке орай, мұндай жағдайлардың көбі біздің өмірімізге тән құбылыс.

Әңгімелескен Ұларбек Нұрғалымұлы

«namys.kz» сайты

 

0 пікір