Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3079 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 07:07

Интернет-конференция: саясаттанушы Расул Жұмалының жауаптары

Расул мырза, көптен күткен саммитімізде сәтімен аяқталып қалғанға ұқсайды. Қазақстанның ОБСЕ-ге төраға болуына негізінен Марат Тәжин көп еңбек сірген еді. Бірақ, атақ пен абырой Қанат Саудабеавтың қанжығасына байланып кетті. Неге? Әлде, Тәжин Қазақстанды демократияландыру турасында Батысқа көп уәде беріп қойды ма? Сыбан Төре

Жауап: Негізі ОБСЕ-дегі Қазақстанның жұмысын тек бір адамның үлесіне бағынышты етіп қою қисынсыз. Бұл көптеген мелекеттік орындардың, сыртқы істер министрлігінің, шетелдегі  елшіліктеріміздің ортақ жұмысы. Тәжиннің Мадридтегі уәделері болса, оларда алып бара жатқан дүниелерді өз басым байқамадым. Сайып келгенде аталмыш уәделер кезінде Қазақстан ОБСЕ аясында алған міндеттемелерінің қайталамасы ғана.

 

Саммит барысында Назарбаев та, Саудабаев та бір ауыз қазақша сөйлемеді. Саммит "как будто" Ресейдің бір шағын қаласында өтіп жатқандай әсерде қалдық. Неге мемлекет басшылары қазақ тілінде сөйлемеді деп ойлайсыз? Әлде қазақ тілінде үлкен саясат туралы пікір айту мүмкін емес пе? Сырымбет

Расул мырза, көптен күткен саммитімізде сәтімен аяқталып қалғанға ұқсайды. Қазақстанның ОБСЕ-ге төраға болуына негізінен Марат Тәжин көп еңбек сірген еді. Бірақ, атақ пен абырой Қанат Саудабеавтың қанжығасына байланып кетті. Неге? Әлде, Тәжин Қазақстанды демократияландыру турасында Батысқа көп уәде беріп қойды ма? Сыбан Төре

Жауап: Негізі ОБСЕ-дегі Қазақстанның жұмысын тек бір адамның үлесіне бағынышты етіп қою қисынсыз. Бұл көптеген мелекеттік орындардың, сыртқы істер министрлігінің, шетелдегі  елшіліктеріміздің ортақ жұмысы. Тәжиннің Мадридтегі уәделері болса, оларда алып бара жатқан дүниелерді өз басым байқамадым. Сайып келгенде аталмыш уәделер кезінде Қазақстан ОБСЕ аясында алған міндеттемелерінің қайталамасы ғана.

 

Саммит барысында Назарбаев та, Саудабаев та бір ауыз қазақша сөйлемеді. Саммит "как будто" Ресейдің бір шағын қаласында өтіп жатқандай әсерде қалдық. Неге мемлекет басшылары қазақ тілінде сөйлемеді деп ойлайсыз? Әлде қазақ тілінде үлкен саясат туралы пікір айту мүмкін емес пе? Сырымбет

Жауап: Мейлі үлкен саясат болсын, мейлі ішкі саясат, экономика иә ғылым, қандай да салада қазақ тілінің мүмкіндігі, әлеуеті басқалардан артық болмаса, еш кем емес. Бұны қатардағы азамат қана емес, тіл маманы ретінде, бірнеше шет тілін меңгергеннен кейін айтып отырмын. Ал сұрағыңыздың қалған бөлігіне өзіңіз де жауап бердіңіз деп ойлаймын.

 

Саммит өтіп жатыр. Мемлекеттік арналар тыраштанып саммиттің барысы туралы көрсеткен болып жатыр. Мен бірақ ештеңе түсіне алмадым. Мен сондай дым сезбеспін бе, әлде телеарналар ұлық жиын туралы дұрыс хабарлар жасай алмады ма? Сіз не көріп, не түйсіндіңіз? Шырақшы.

Жауап: Саммитте мамандардан басқаларға түсініксіздеу мәселелер, терминдер, түрлі құжаттарға сілтемелер шын мәнісінде өте көп болды. Тиісінше ОБСЕ-ге төрағалық немесе Астанадағы саммиттің маңызды екенін бәріміз білеміз де, бірақ несімен маңызды екенін көп жағдайда аңғара бермейтін сияқтымыз. Бұл түрлі саяси, әлеуметтік немесе экономикалық мәселелерді халыққа қарапайым тілмен жеткізу тетіктері әлсіз екенін білдіреді. Былай қарағанда бізде ақпараттық бағдарламалар аз емес. Бірақ ол жеткіліксіз. Болып жатқан жағдайларды сараптауға, терең ұғынуға бағытталған бағдарламалар, жобалар қажет.

 

Режимы Средней Азии пытаются сдержать радикальный ислам: меряют линейкой бороды, отчисляют студенток за хиджаб, отзывают учащихся из арабских медресе, закрывают мечети. Но число радикалов лишь растет - фанатиков плодят бесправие народов, произвол власти и чудовищная коррупция.

Жауап: Согласен, что фанатиков плодят произвол, бесправие, нищета, прочие негативные факторы. Также как считаю, что одностронние запреты, наказания не в состоянии дать желаемый результат.  Скорее наоборот. С другой стороны, поскольку сам являюсь сторонником традиционного ислама, который существовал в Казахстане 3, 5 или 10 веков назад, не совсем примелю привнесенные извне религиозные традиции, связанные в частности с бородами, хиджабами и т.д. Они больше свойственны ханбалитскому мазхабу, нежели нашему традиционному ханафитскому. Хотя повторюсь, надо действовать не принуждением, а путем просвещения, духовного очищения и уважения к своей исторической самобытности.

 

Назарбаев Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымын реформалау туралы саммит үстінде бір пікір айтып қалды. Қытай бұған қалай қарайды? ШЫҰ-дағы басты фигураның бірі қытай емес пе? Халық Абдолла

Жауап: Саммит барасында Шанхай ынтымақтастық ұйымын реформалау жайында Президенттің айтқанын естіген жоқпын. Тіпті олай болсын делік, несі бар екен? Несіне қисыны болсын болмасын Қытайға әркез қарайлай беруіміз керек? Сондай-ақ қалай болғанда да ШЫҰ секілді көпжақты ұйымдарда шешім ұжымдық деңгейде қабылданады емес пе?

 

Кейбір елге танымал болған адамдар өзінің туған аулына барып еліне қызмет етіп жатыр.Елбасы биылғы жолдауында тіпті "Болашақ"бағдарламасымен оқып келгендерге ауылға бару туралы ұсыныс айтты.Маңғыстауға еңбек етуге келер ме едіңіз?Менше білімді,білікті азаматтар елге керек.Алматы,Астанада ондай адамдар жетерлік деп ойлаймын .Рахмет.

Жауап. Менің «Болашақ» бағдарламасына еш қатысым жоқ. Орта және жоғары білімді Қазақстанда алдым. Ал енді жас мамандардың ауылға бару-бармау мәселесі науқаншылдықпен шешілмейтіні анық. Ол үшін кешенді әрі нақты идеологиялық, қаржылық, басқа да ынталандыру алғышарттары жасалынуы қажет. Өз басыма келсек, саясттанушы болғандықтан, ауылға көшетіндей жоспарым жоқ. Бұл мамандығыммен ауылда не бітірмекпін? Екіншіден, қазіргі айналысып жүрген кәсібіммен еліме көбірек пайда келтіремін деп білемін.

 

Билік қаншалықты қарыштап дамып бара жатырмыз дегенімен, қарапайым халықтың көңіл-күйінде мықты өзгеріс байқалмайды. Бәлкім халық күнделікті жалғандықтан, сөз бен істің қиыспауынан, әсіре өзін мақтаушылықтан, ел байлығын оңды-солды шашып, оған деген жауапкершіліктің жоқтығынан шаршаған болар. Бұл менің жеке пікірім. Ал сіз қалай ойлайсыз? Билік уәде берген 2030 жылы ғана Қазақ елінде жұмақ орнайды ма, әлде сол күйімізде қала береміз бе?

Жауап: Жұмақтың орны Жұмақта. Біз болсақ жердеміз. Білерім бір нәрсе - жақсы өмірді әлде біреу келіп құрып бермейді. Ұйымдасқан тірлік, жалпыға ортақ мақсат-мүдде қажет. Онсыз 2030 емес, тіпті 2300 жылға дейін күтсек де, дәнеме шықпайды.

 

Саммит өтісімен Саудабаевтың саудасы бітеді екен деген сыбыс шығып жатыр. Жалпы Сіз Қанат Саудабаев туралы не ойлайсыз? Ол қаншалықты мемлекеттік тұлға?

Жауап: Сыбыс атаулыға өз басым құлақ аспауға тырысамын. Мәселе белгілі бір министрлердің бір-бірімен орын алмасуларына келіп тірелмейді ғой. Қайсысы нақты не атқарды, қандай бағдарламаны орындады, ал енді қандайын аяқсыз қалдырды - осыны ойлаған жөн.

 

 

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза: "Биыл ЕҚЫҰ-ны басқара отырып Қазақстан Қырғызстанда және басқа да аймақтарда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде алғырлығын, табандылығын танытты" деді. Жақында тәуелсіз басылымдардан "Қырғызстанның ішкі ахуалының тұрақтай бастауына Қазақстанның еш қатысы болған жоқ" деген пікрлерді оқыдым. Бұл пікрілерді ресми Бішкек емес, саяси партия өкілдері айтыпты. Олар дұрыс айтып отыр ма?.. Советхан.

Жауап: Қырғызстандағы жағдайды реттеуге Қазақстан көршілес ел ретінде де, ОБСЕ төрағасы ретінде да үлесін қосты. Десе де менің ойымша бұл жұмысты белсендірек іске асыруға болар еді. Себебі қырғыздардың бүлігі ушығатын болса, бүкіл аймаққа, оның ішінде Қазақстанға зор қауіп-қатер төнеді. Шекарамызды тарс жабумен мәселе шешілемейді.

 

Советхан дегеннен шығады, жақында Астанада "Саммитхан" есімді бір ұл дүниеге келіпті. "Азиада" деген есімді Алматыда бір қыз бала иеленіпті. Осы не өзі, қазақтың әсіре көңілшектігі ме, есімге мән бермейтіндігі ме? Осы "Абай.кз" сайты есімдер туралы ескеріп, мән беретін мәселе көтеріп жатыр. Оқыған боларсыз? Біз аз елміз, бүгін аты жөніміз Саммит, Азиада болып кете берсе, ендігі жылдары БҰҰ, ШЫҰ, Кеден деген аттар пайда болып, ақыры соңында бірімізді біріміз танудан қалып жүрмейік. Қытайда бір әумесер өзіне "собачка" деп ат қойып алып, оны қытай жастары интернетте қатты сөккен еді. Ел болатын ел есіміне де мән береді екен. Сіз не дейсіз?Мүсәпір

Жауап: Адамға ат қою оның тағдырына тікелей әсер етуші маңызы зор шешім ғой. Және де оның ұлттық, діни болмысының көрсеткіші болып табылады. Толығымен келісемін, қазақ болғаннан кейін ат қою ісінде өзіміздің төл құндылықтарымызды ескерген жөн. Десе де бұл әр отбасының жеке ықтияры мен жауапкершілігі. Сондықтан бүлдіршініне Саммитхан деп есім бергенін ата-анасының құзырына қалдырған жөн шығар.

 

Сіздің есіміңізді Расул деп кім қойған? Дінге сенесіз бе? Еліміздегі әсіредіншілдердің күш алып бара жатқаны туралы не дейсіз? Оларды тоқтату енді мүмкін бе? Ислам атын жамылып кеп жатқан ағымдардың артында кімдер тұр? Қазақстанда оларды кімдер қолдап, қолпаштап отыр деп ойлайсыз? Осы күні биліктегі әрбір тұлғаның "бір діні" бар деген не сөз? Қайыммұнар

Жауап: Есімімді қойған әкем. Ондағысы көбіне діншіл көзқарастан емес Расул Ғамзатов деген ұлы ақынның өлеңдеріне тәнті болғандықтан. Еліміздегі әсіредіншілдердің күш алып бара жатқанына келсек. Меніңше жағдай шын мәнісінде алаңдаушылық туғызады. Біріншіден, сөз болып отырғаны діни сауаттылықтың жетіспеуі салдарынан көптеген кірме діни ағымадардың елімізде кең құлаш жаюы. Оның ішінде тарихи дәстүрлерімізді ысырып тастап, Сауд Арабиясы немесе Мысыр үлгісіндегі Ислам тәртіптерін орнатуға ұмтылушылар ұлғайып барады. Екіншіден, жат секталардың пайда болуы, түрлі себептермен, айталық, кедейшіліктен, жұмыссыздықтан, билік орындарына сенімі төмендуінен т.б. олардың жақтастарының көбеюі. Өз алдына шешуші себептердің бірі - дәстүрлі дінімізді уағыздаушы мекемелердің әлсіздігі. Ал енді осындай келеңсіз үрдістер бақылаудан шығып қалса, істің басы насырға шабатыны белгілі. Не істеу керек? Шаралар көп. Мәселен, шет елдердегі медреселерде азаматтарымызды, әсіресе буыны қатпаған ұл-қыздармызды оқыту практикасын доғару керек. Әлбетте, Діни басқарманың құзырын, кәсіби деңгейін арттырған да жөн. Сонымен қатар дін саласындағы қаржыларды реттеуші, бұл тұста жемқорлыққа жол бермеуші арнайы мекеме құру. Мұсылман әлемінде бұндай мекемелер Уақфтар басқармасы немесе министрлігі деп аталады. Ал енді ең бастысы халықтың әл-ауқатының жақсы болуы, ресми билікке сенім әрі құрметпен қарауы жағымсыз ағымадарға еріп кетпеуінің бірден-бір кепілі екенін түсіну керек.

 

CАММИТ неге биздин мемлекеттик тил - казах тилинде отпеди? Алдымен казахша сойленип, кажет болса орысшага, агылшыншага аударып туруга болатын еди гой. Байгус казах деген улттын туган тили дуйим елдин алдында бейшара кейипке тусип, жетим баланын халин кешти. Биздин ел озге алдында оз артын ози ашкандай болды гой. "Конак аз отырып, коп сынайды" деген казекеме келген конактар миыгынан кулип кететин шыгар, Сиз калай ойлайсыз?

Жауап: Бұл сұрағыңызға жоғарыда жауап бердім деп ойлаймын.

 

Расул мырза, РФ президенті Медведев Гүржі мен Осетия туралы әңгіме қозғалса, Астана саммитінде қабылданатын декларацияға қол қоймаймын деп отыр. Қалай болар екен? Біз осындай саяси белсенділігіміздің салдарынан болып, бейтараптылығымыз бен көп векторлы саясатымызды жоғалтып алып жүрмес пе екенбіз? Қазақстан көп векторлы саясат ұстағанымен біресе, Ресейге, біресе Қытайға, енді бірде Батысқа тәуелділігін байқатып алады емес пе? Мәлік

Жауап: Қазақстанның геосаяси жағдайында көпвекторлы саясатқа балама жоқ деп санаймын. Мәселе дәл осы ұстанымды іс жүзіне ұтымды асыруда. Айталық, 10 жылдай бұрын Орталық Азияға өз үстемдігін жүргізу мақсатында алып үш күш - Ресей, Қытай және Батыс бір-бірімен бақталас болса, қазір атлаған үштік Ресей мен Қытайдың екілігіне айналып бара жатқандай. Тиісінше, біздің оларға туәелділігіміз артуда, ал ара-салмақты сақтаутадағы әрекеттену кеңісітігіміз тарылуда. Нағыз көпвекторлылықта керісінше болу керек, яғни аймақпен ынтамақтасушы тараптар мейлінше көп, олардың үлесі мейлінше тең дәрежеде бөлінуі шарт. Екі ортада өздеріміз де мемлекет ретінде мықты, халқы пен билігі, байы мен жарлысы тұтас ел болуға ұмтылуымыз керек. Сонымен қатар аймақтағы көршілірімізбен одақ құру шараларын мықтап қолға алғанымыз жөн.

"Абайдың" жігіттері В. Путиннің «Кто качает нефть, тот качает права..." деген сөзін іліп қойыпты. Біздің саммитте сол "қара алтынның" арқасында өткен жоқ па, қалай ойлайсыз?

Жауап: Шет елдердің Қазақстанға қызығушылығанда біздің мұнай байлықтарымыз айрықша орын алатыны рас. Алайда бар нәрсені тек мұнай факторымен байланыстырған ағаттық болар еді. Олай болса Қазақстанның мемлекет ретіндегі әлеуеті, алып отырған геосаяси орны, аймақтағы құдіреті қайда қалмақ? Айтпағым, қай оқиғаны болса да, жан-жақты, кешенді түрде қарастырып барып, қорытынды жасау қисынды.

 

A.kum Rasul aga! Siz oralmandar jaily, kosh kon sayasaty jaily ne aitasiz? bul salany kalai jetildiruge boladi? Syrttagy kazaktardy elge koptep tartu ushin ne isteumiz kerek dep oilaisyz? Rahmet!

Жауап: Ең алдымен оралман сөзінің өзі маған ерсі естіледі. Оның орнына, мысалы, неге Отандас демеске? Екіншіден, әр мәселеде сандық жағымен бірге сапалық жағы бар екенін ұмытпаған абзал. Сан қуып, беталбаты қандастарымызды шетелден шақыра берумен өз басым келіспеймін.  Ол үшін алдын ала жағдай, жұмыс орындары, тиісті адаптация мен мамандыққа үйрету курстары, құжаттандыру, басқа да тетіктерді қалыптастыру керек. Осылай болмағандықтан, қаншама отандасымыз туған елге оралып, қазір жайсыз-күйсіз жүр? Ал қаншасы келген жақтарына қайтып кетті? Бұл реттеге менің нақты ұсыныстарым біршама, көп орын алады. Бастысын ғана атап өтейін - шеттен қайтқан отандарымыздың ісімен айналасатын арнайы әрі құзыреті мол министрлік жасақталуы керек.

 

Кіші жүз бөлініп: "Оралда құрылтай жасаймыз! Қазақстаннан бөлініп кетеміз!" деп мәлімдеме жасауына қалай қарайсыз? Олардың жасамақшы құрылтайы дұрыс па?

Жауап: Өз басым бұндай әңгімелерді естіген емеспін. Ал шыға қалған күнде, кіші жүздің баласы болсам да, құптамаймын. Неге екенін түсіндірудің қажеті жоқ шығар. Онсыз да түсінікті - Қазақстанның күші тұтастығында. Бұл маңда бір ғана қосарым - қандай да ел тұрақты, гүлденген, мықты болам десе, бірқалыпты, аймақтары мен өңірлірі, қаласы мен даласы бірі артық бірі кем емес, тең дәрежеде дамуын қамтамасыз ету керек.

Бүгін саясат саханасында жүрген ултшыл руқты мықты жастардан кімдерді атар едіңіз..

Жауап: Құдайға шүкір, елі мен жеріне берілген, жігерлі, ақылы толысқан азаматтарға Қазақ халқы қашан да бай болған. Олардың арасында өзім ғана танитындарды тізсем, бірнеше беттен асып кетеді. Бастысы жүзге, руға, шыққан өлкесіне, немесе ана тілін білу-білмеуіне қарай бөліскен деген жаман әдеттен арылғанымыз жөн. Бүйте беретін болсақ, құримыз.

Расул мырза, тәуелсіздік үшін жанын қиған қазақ боздақтарын елеусіз қалдырып, Тәуелсіздік мерекесіне мүлде назар аудармай, Петр-1-дің туылған күніне бар жанын салып дайындалып жатқан билікке қандай баға беріп отырсыз? Құрбан айт пен Наурызды ұнатпайтын билікті, қандай елдің азаматы деп ойлаған жөн? Ресейдің мемлекеттік тілінде жүргізілген Самитті Қазақстан басқарды деген ақылға қаншалықты сиымды?

Жауап: Төл мерекелерін ұлықтау - қай халықтың болмасын халық деген қасиетті ұғымға лайық  екендігінің белгісі болып табылады. Сол себепті Қазақ елінде христиандық жаңа жыл, Иса пайғамбардың туған күні, день Валентина секілді күндердің соншама тойлануын түсіне бермеймін. Түсінгім де келмейді. Бірақ мемлекеттік, ұлттық немесе діни мәндегі айтулы күндердің тиісті дәрежеде аталып өтпеуі былай тұрсын, қынжылтатыны тарихымыздағы кейбір ұлы күндердің мүлдем ұмыт болып бара жатқанында. Мысалы 1990 жылдың 25 қазаны. Бұл Қазақстан өзін ең алғаш мәрте Егеменді ел ретінде жариялаған күн. Меніңше, жаңадан әлдебір мереке күндерін ойлап табудан гөрі, мысалы Индустриализация күні, өткенге ізет танытып, өнеге алатын күндерді мадақтағанымыз керек.

Төрткүл дүниенің назары екі күн бойы біздің елімізге ауды деп жатырмыз. Өкінішке орай олай болмай шықты. Шетелдік журналистер қазақтың асын ішіп табағына түкіргендей болып отыр. Неге олар саммит туралы ақпарат танытуға сараңдық танытты? Күні бойы шетелдік телеарналардағы жаңалықтардан көз алмай қадағалап отырдым. Мүлде мәлімет бермеді десе болады. Соншалықты жағдай жасап қонақжайлылық танытқанда бізге айтқан рахметі сол ма?

Жауап. Шетелдік ақпарат көздерінде Астана саммиті байқаусыз қалған жоқ. Бәлкім кейбіреу күллі әлем ішкен асын жерге қойып, бұл басқосуды телміріп қарайды деп күткен де болар. Бірақ олай болмайды ғой. Дүние жүзінде басқа да ірілі-ұсақты жаңалықтар, оқиғалар, түйткілдер күнделікті орын алып отырады. Ал енді шетелдік журналистерге қазақтың қонақжайлығына кенеліп, біз жайлы жеткіліксіз хабар таратты деп те ренжудің қажеті шамалы. Әркім өзінің ісін өз дегенінше орындайды. Жалпы, журналистерді тойдырса, қалталаларын ақшаға толтырса болды, өз дегенімді жазғызам иә айтқызам деген базарлық пікір алысқа апармайтыны хақ.

РАСУЛ мырза! ЕҚЫҰ саммитінде Армения ПРЕЗИДЕНТІНІҢ, ана тілінде сөйлеуі, өз Елінде жүріп,өз Елінің заңына да қайшы келіп, мемлекеттік-ана тілін менсінбей өзге тілде сөйлейтін қазақ шенеуніктеріне САБАҚ бола ала ма? Болат Нәукенұлы Бөтеев

Жауап: Сабақ болса игі.

СІЗ ЕЛШІЛІК ҚЫЗМЕТТЕРДЕ БОЛДЫҢЫЗ. ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫСТЫ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ САЯСАТЫН ҚАЛАЙ БАҒАЛАЙСЫЗ, БҰЛ ЕЛДІҢ ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫҢЫЗШЫ.

Жауап. Сауд Арабиясын біз көп ретте Қасиетті Мекке мен Мәдине орналасқан мемлекет ретеніде ғана қабылдаймыз. Бірақ бұдан өзге осы елден үйренер тұстары жоқ емес. Мәселен, Қазақстан секілді ірі мұнай көздеріне иелек ете отырып, бұл мемлекет айналдырған 10-15 жыл ішінде осы салаға толық мемлекеттік бақылау орната алды. Тиісінше бүгін Саудия мұнайы 100 пайыз осы елдің, сондағы халықтың игілігіне жұмыс жасайды. Өкінішке орай бізде олай емес. Сауд Арабиясының бізге деген саясатына келсек, ол Қазақстанға бауырластықпен қарайды, шама-шарқынша біздің бастамаларды қолдауға тырысады.

Расул мырза: сіз орыс тілді қазақсыз, сіздің саясаттанушы екеніңіз белгілі, орыс тілінде оқып орысша ойлап, орысша сөйлеп қазақ деген ұлттың мүддесін қорғауға болама? маған орыс тілді қазақтардың бірдемесі жетіспей, ақсап тұрған сыяқты көрінеді..не үшін тығырыққа тірелген қазақ ұлты дүниеге сіздер сыяқты орыс тілділердің көзімен қарау керек? сіздің пайдаланатын кенңістігіңіз әрине Ресейдің ақпарат құралдары... не үшін қазақ ұлтының көзқарасымен қарамаймыз дүниеге? келешекте Президенттің орнына сіздер сыяқты орыстілді қазақта билікке келсе, қазақ не істеуі керек? бұл мүмкінбе?орыс тілді топ, орыс тілді қазақ деген шыныменде бір ұлтқа айнала бастады, олардың өз идеялогтары, өз көсемдері, өз партиялары, өз мінберлері, өз діндері, ақпарат-баспа сөз құралдары пайда бола бастады, тіпті бәріде солардың қолында деседе болады..Олжастан тартып сізге дейін орысша сөйлеп, оысша әндетіп келесіздер..тіпті қазақшада кітап жаза алмайсыздар. сіздерді жаны таза, ары таза, ұлттық рухы сөнбеген қазақ ұлты қалай қабылдау керек? жаны шырылдаған халқымның үні сіздердің құлақтарыңызға жетеме?

Жауап: Өзімді ең әуелі қазақпын деп сезінемін. Орыс, ағылшын, араб тілдерін еркін меңгергенімді кемістік деп санамаймын. Тіпті керісінше. Ал енді қазақпын деп кеудесін ұрып жүргендердің талайы жеме-жемге келгенде бұғып қалатындарына көзім әлде қашан жеткен. Мен үшін қазақ деген тек ана тілін білгенімен иә болмаса ауылда туылғанымен ғана анықталмайды, жүрегі қазақ деп соғуы керек, қазақ екенін жалаң сөзбен, айқаймен емес, іспен дәлелдеуі керек.

Расул мырза, Астана саммитінің қорытынды құжаты туралы пікіріңізді білсек, жалпы Декларация қабылданғанымен басты мәселелер бойынша келісе алмадық қой, бұл жөнінде не ойлайсыз? Ұйымның болашағын қалай көресіз?

Жауап: Қандай да декларация бұл ең алдымен қағаз бетіне түскен сөздер ғана.. Олардың мәнін іске асыру үшін қол қоюшы мемлекеттердің шынайы құлшынысы мен бірізділігі керек. ОБСЕ-де осы жағынан алып қарағанда жетіспеушіліктері баршылық. Әйтпесе Астана декларациясының алдында қабылданған Хельсинки актісі немесе Париж Хартиясының қағидаттары бүгінгідей бұзылмас еді.

Қазақ тілінде берілетін саяси сараптамаларға, қазақ тілінде пікір білдіріп жүрген саясаттанушылардың деңгейіне, мерзімді баспасөздегі мақалаларға көңіліңіз тола ма? Сол қазақ тілді саясаттанушалар қаншалықты мәселені талдай алып жүр және қарапайым халыққа жеткізе алып жүр ме?

Жауап: Халықаралық саясатқа қатысты баспасөзде шығып жүрген шолулар мен сараптамаларға көңілім толмайды. Бірақ мәселе кәсіби деңгейдің төмендігінде деп санамаймын. Білікті азаматтар қазақ арасында қай салада да жеткілікті. Әділ бәсекелестік арқасында оларға тек жол ашу керек. Екіншіден, Қазақстандағы Ресей БАҚ-тарының өрісін мүмкіндігінше тарылту керек.

Расул мырза! Билік жақсы болсын, жаман болсын ең бастысы бар. Дегенмен, сіздің ойыңызша қазіргі биліктің елге жағымды болуы үшін не жетпейді деп ойлайсыз? Егер пікірім біреуге жақпай қалады екен деп ойласаңыз, жауап бермеуіңізге болады, ренжімеймін.

Жауап: Бұл тұста жаңалық ашпайтын шығармын. Қажеті белгілі нәрселер, мәселен, жемқорлықтың көзін құрту, әділдік пен қарапайымдылық, мемлекетшілдік көзқарас,, кәсібилік пен біліктілік, қарапайым халыққа жақын болу, т.б.

Расул мырза, бүкіл әлем назарын Астанада өткен Саммитке аударды, бүкіл әлем. Қалай қуанбайсың, қуанасың әрине, өйткені бүкіл әлем Қазақстанды танып жатыр. Бірақ саммитті мемлекеттік тілімізде өткізбегеніне не себеп? Бұрмаламай шынын айтып жауап беріңізші, біздің мемлекетіміз қашан қазақ тілінің мәртебесін көтереді? Өзіңіз қазақ тілі жайында не ойлайсыз?
Самат, Алматыдан

Жауап. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандығының өзі, осы мемлекеттің барлық азаматтарына оны білу және қастерлеуді міндеттеу үшін жеткілікті, біріші кезекте мемлекеттік қызметкерлердің өзі үшін. Мәселен, біздің Конституция бойынша Елбасы міндетті түрде қазақ тілін білуі шарт, тіпті арнайы емтихан да тапсырады. Менің таңым бар - басқа мемлекеттік қызметкерлердің елбасынан несі артық? Сайып келгенде сол Конституция бойынша бізде барлық азаматтар тең емес пе?

Qalai dese de, Sammit Qazaqstanda otkeni biz ushin abyroi bolmaq.Al alemdik saiasi sahnada Qazaqstan orny qandai bolsa da, biz qarapaim buqara ony ozgerte almaimyz. Al endi osy oqygany oz ishimizde barynsha oryndy ari tiimdi paidalanu qolymyzdan kelmek. Slogan konil audaru qazhet.

Жауап: Жоғарыда сұрағыңызға жауап берген сияқтымын. Бірақ маған ұнағаны Қазақстан атауының латынша жазғаныңыз - Qazaqstan деп. Себебі әлі күнге шейін осы қарапайым мәселедегі олқылықты жоя алмай келеміз. Орыс үндеуіне еліктеп, К әрпін қате пайдаланамыз. Нәтижесінде тіпті негізгі құжатымыз - паспортымызда 2001 жылға дейін Kazakstan деп жазылса, одан кейін Kazakhstan деп жазылып жүр. Ұят нәрсе. Ал өзіміздің Қ әрпі ағылшын тілінде дәл осы Q әрпі арқылы берілетінін тиісті орындар  түсінбей-ақ қойды, мысалы, Quran, Qatar, Iraq атауларында секілді.

 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар