Жексенбі, 12 Мамыр 2024
EXPO - 2017 2236 0 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 14:32

ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстан тарихындағы ең жемісті стратегиялық жобалардың біріне айналды

Елордада өткен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстан тарихындағы ең жемісті стратегиялық жобалардың біріне айналды, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы жұма күні Астана әкімі Әсет Исекешев халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге атсалысқан астаналық әкімдіктің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

«ЭКСПО-2017» көрмесі экономиканың барлық салаларының дамуына, туристік саланың өсуіне түрткі болған қосымша қозғаушы күшіне айналып, бүкіл еліміздің әлемдік аренадағы ең тиімді имиджді жобаларының бірі атанғаны сөзсіз», - деді Ә.Исекешев.

Астана әкімінің пікірінше, көрменің арқасында елорда жаңа еуропалық бейнеге еніп, өзгеріп, өркендей түсті. Қызмет көрсетудің, жайлылық пен қауіпсіздіктің жаңа деңгейі пайда болды.

«Біздің елордамыз, «ЭКСПО-2017» көрмесінің арқасында өзгеріп, одан бетер қарқынды дами бастады», - деп көрсетті Ә.Исекешев.

ЭКСПО-2017 барысында, тіпті, қылмыстар саны да азайды. Бұған қосымша бейнебақылау камераларының орнатылуы септігін тигізді.

«Есеп беріп отырған кезең ішінде 2178 бейнебақылау камералары орнатылып, астанадағы қылмыстар саны едәуір төмендегені хақ. 2017 жылдың 8 айында тіркелген қылмыстардың саны 18 % азайып, яғни 28 791-ден 23 595-ке дейін кеміді», — деп хабарлады Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, ЭКСПО көрмесінің барлық 93 күні ішінде ешбір штаттан тыс оқиға орын алмаған.

«Көрме өтті, алдымызда Астананың 20 жылдығы келе жатыр. Бізге осы деңгейді сақтап қалу маңызды», - деп еске салды Астана әкімі өзінің қызметтестеріне.

«Біз қала ретінде Президенттің қойған міндетін орындадық. Астана тұрғындарына осындай мейірімді, бейбіт және татулық атмосферасын жасауға көмектескендері үшін ерекше алғыс білдіреміз. Осы бір жағымды атмосфераны сақтап қалуымыз керек», - деп мәлімдеді Исекешев EXPO көрмесін өткізуге атсалысқан үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімінде.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1952
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2224
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1831
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543