Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3259 0 пікір 4 Желтоқсан, 2010 сағат 10:09

АСТАНАДА ЕҚЫҰ САММИТІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ДЕКЛАРАЦИЯ НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛАДЫ?

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Ирина Нос. ЕҚЫҰ-ның астаналық «ХХІ ғасырдың қауіпсіз қоғамдастығына бетбұрыс» декларациясы солтүстік-атлантикалық және  еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығының құрылуына бастама беруі тиіс: президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұйымның желтоқсанның 1-2-лерінде Астанада өткен саммитінің қорытындысында айтқан ойының түйіні осы.

Дегенмен , саммитте ЕҚЫҰ мемлекеттері алдына қойған міндетіне қол жеткізерлік жоспар құрылмады, тетігі жасалмады...

 

Қазақстан үшін тарихи деп аталған оқиға туралы жазып жүрген қазақстандық және шетелдік журналистер Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің екінші күнінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз мәслихатының, алдын ала 2-ші желтоқсан, 12:30-ға деп белгіленіп, сағат сайын кейінгі шегеріле бергенінен-ақ бір түйткілдің барлығын болжаған...

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Ирина Нос. ЕҚЫҰ-ның астаналық «ХХІ ғасырдың қауіпсіз қоғамдастығына бетбұрыс» декларациясы солтүстік-атлантикалық және  еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығының құрылуына бастама беруі тиіс: президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұйымның желтоқсанның 1-2-лерінде Астанада өткен саммитінің қорытындысында айтқан ойының түйіні осы.

Дегенмен , саммитте ЕҚЫҰ мемлекеттері алдына қойған міндетіне қол жеткізерлік жоспар құрылмады, тетігі жасалмады...

 

Қазақстан үшін тарихи деп аталған оқиға туралы жазып жүрген қазақстандық және шетелдік журналистер Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің екінші күнінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз мәслихатының, алдын ала 2-ші желтоқсан, 12:30-ға деп белгіленіп, сағат сайын кейінгі шегеріле бергенінен-ақ бір түйткілдің барлығын болжаған...

Саммит аса бір асқан дауысыз Астаналық естелік декларациясын қабылдайды деп  күтілген. Себебі желтоқсанға дейін ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Астана саммиті «дайын шешімдер саммиті» болмайды деп мәлімдегенді. Бірақ, Стамбулдағы кездесуден 11 жыл өткен соң Қазақстанда кездескен ЕҚЫҰ мүшелерінің бір-біріне айтар ой-пікірлері жиналып қалса керек. Ол түсінікті де. Соңғы ондаған жылдарда Косовода, Грузияда, Қырғызстанда туындаған еларалық және ұлтаралық қақтығыстар, 20 жылдан бері ортақ тіл табыса алмай отырған Армения мен Әзербайжан сынды елдердің бір-біріне деген талаптарын өршітіп жіберді.

ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси себетіне және созылмалы шиеленістерді реттеуге  қатысты саммиттің бірінші күні ешқандай кідіріссіз мәселені рет-ретімен шешіп қойды. Еске салсақ, Еуроодақ президенті Херман ван Ромпёй «шиеленістердің күн ілгері алдын алу және болдырмау мен реттеу саласындағы» ЕҚЫҰ-ның әлеуетін нығайтуды талап еткен. Әрине, онда Қырғызстандағы «жақындағы тәжірибе» жұмсақ түрде еске алынды.

Республиканың президенті Роза Отунбаева болса, одан да тік түрде, биылғы мамыр-маусымда «бұрынғы биліктің радикалды күштері қылмыстық экстремистік пиғылдағы топтармен бірлесіп, ғасырлап тату өмір сүрген өзбектер мен қырғыздардың арасында жанжал тудырып, қанды қақтығыстарды арандатып, қарымта қайтаруға тырысты» деп атап көрсетті. Отунбаева қақтығыс себептерін зерттеп жатқан халықаралық тәуелсіз комиссия (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО мен еуропалық бірқатар елдердің үкіметтерімен және АҚШ үкіметінен қолдау тапқан) жұмысын аяқтап келе жатқандығын, оның нәтижесі 2011-ші жылы қаңтардың аяғында жарияланатыны туралы делегация басшыларын хабардар етті.

Айтпақшы, Х. ван Ромпёй, ЕҚЫҰ алда да өз қызметін бейімдей түсуі тиіс дегенімен шешім қабылдау тетіктерін жақсартудың бір де тәсілін атамады. ««Реттелмеген» немесе «созылмалы» сынды сөздерді пайдалану, осы шиеленістердің ерекше категорияға – үмітсіз шиеленістер категориясына тісіп кету қаупін тудырады» деп айту арқылы... , өз ұсынысын терминологиялық түзетулерге дейін түсірді. Грузин-абхаз шиеленісін ЕО басшысы да, немесе ЕҚЫҰ-дағылар да ондай шиеленістер қатарына жатқызбайтын шығар деп үміттену ғана қалады.

Бұл ретте, мәселенің мәнісіне деген кереғар – ресейлік көзқарастың барлығы, ЕҚЫҰ делегация басшыларын көп алаңдатпайтыны айдан анық көрініп тұрды. Дмитрий Медведевтің Оңтүстік Осетия мен Абхазияға қатысты грузиялық агрессия болғандығы туралы кезекті мәлімдегеніне қарамай, Еуропа мен АҚШ Ресей ұстанымы жарамайтындығын анық байқатты. Олар Абхазия мен Оңтүстік осетияны тәуелсіз территориялар деп мойындайтындай ниет танытпады. АҚШ мемхатшысы Хиллари Клинтон «плюс 2» форматында ресми келіссөздерді қайтадан басталу мүмкіндігінің катализаторы болып, одан соң тақырыпты ЕҚЫҰ-ның басқа делегация басшылары да қолдап кетті. Ұлыбритания премьер-министрінің орынбасары және лордтардың құпия Кеңесінің төрағасы Ник Клегг Біріккен Корольдық Грузияны «халықаралық мойындалған шекара аясында» ғана танитынын мәлімдей отырып, Ресейден Абхазия мен Оңтүстік Осетиядағы әскерлерін алып шығуды талап етті. Оған жауап ретінде Медведев ЕҚЫҰ-да «барлығы үшін бірдей ойын ережелерін» енгізуді ұсынды. Ол, осы ұйымның өзінде де мүмкін боларлық экономикалық немесе әскери-саяси қауіп-қатердің алдында бәрі тең болғанымен, кімдердің де одан да «теңірек» болатынын ашық меңзей отырып айтты. Оның пікірінше, шиеленістің бейбіт жолмен шешілуіне «Грузия басшылығы 2008-ші жылы тамызда Оңтүстік Осетияға жасаған» қарулы шабуылдан соң емес, ол басталмай тұрып сенуге болатын еді. Отырыс барысында, қатысып отырған дипломаттардың пікірінше, расында автор мұны 100 пайыз растай алмады, Грузия президенті Михаил Саакашвили ресей басшысын тыңдағысы келмегені соншалықты, отырыстан шығып кетіпті. Оның басқа да себебі болуы мүмкін ғой...

ЕО және АҚШ өкілдері мен осы уақытта саммит залына кірген Саакашвилиге күтпеген жерден, Медведевті Сербия президенті Борис Тадич қолдады. Бірақ ол бірден өзіне өзекті тақырыпқа көшті. Оның Косовоны мойындамаған елдерге айтқан алғысы Приштиндегі ЕҚЫҰ далалық миссиясына айтылған міндей болды. Миссия Косовоның мәртебесіне қатысты «бейтараптығын сақтауы тиіс» еді және «албандықтар еместердің өмірін жақсартумен айналысуы» тиіс болатын еді, деді ол.

Айтпақшы, ресейлік делегациядан сәл әріректе орналасқан Михаил Саакашвили, ұстамды түрде шиеленісті бейбіт жолмен шешуден басқа амал көріп тұрмағанын айтты. Оның айтуынша, 1994-ші жылдан бері жарты миллион босқын өз тағдарларының шешілуін ЕҚЫҰ-дан күтіп отыр. Саакашвили көп сөйледі, ал Медведев ол кезде өзінің ұшағының Астана әуежайында дайындалып жатқанын білетін...

Дегенмен ол ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағалары мемлекеттерінің делегация басшыларының (РФ президенті Дмитрий Медведев, Франция премьер-министрі Франсуа Фийон және АҚШ мемхатшысы Хиллари Клинтон) отырысына қатысты. Аталған топ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Серж Саргсянды таулы-карабахтағы шиеленісті реттеуге бағытталған табанды қадамдарға бару туралы келісімге келтірді. Армения мен Әзербайжан басшылары таулы-карабах шиеленісін толығымен реттеу туралы өздерінің міндеттерін қуаттады, ал үш тең-төраға ел олардың «бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізуге қажет» шешімдерін мойындады. Расын айтқанда, ұсыныстардың борпылдақ болып шыққаны сонша (немесе БАҚ-тарға берген мәлімдеме мәтінінде солай жазылып кетті ме?), «атысты тоқтату режимін бекітуге және барлық саладағы сенім шараларын іске асыруға бағытталған қосымша қадамдар жасайтын» уақыт жетті-мыс деп жазылыпты.

1-ші желтоқсанда түс ауа ресей президенті өзіне бекітілген бағдарламасын (бірінші сессияға қатысуы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және саммиттің басқа да қатысушыларымен екіжақты кездесуі, ЕҚЫҰ-ның Минск жұмыс тобы) бітіріп, Мәскеуге ұшып кетті. «Басшы ретінде» қалған РФ СІМ басшысы Сергей Лавров өзінің баяндау әдісімен, дипломатиялық реңтегі бірақ аппеляциясыз сипатта грузиндік БАҚ-тарға берген сұхбатында, егер Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің қорытынды құжатында «Грузиядағы шиеленіс» туралы айтылмайтын болса, Ресей ол құжатты қолдамайтындығын айтты.

Және Ресей қорытынды құжатта Женева пікірталасының (онда РФ, АҚШ, ЕО, ЕҚЫҰ және БҰҰ бітістірушілер ретінде қатысады) жұмысын қолдауға дайын екендігі аңғартты. Онда Абхазия мен Оңтүстік Осетия үдерістің тең қатысушылары ретінде бар. «Грузияның бұрынғы шекарасы аумағында территориялық тұтастығы туралы әңгіме болуы мүмкін емес», - деді ресейлік дипломат. Лавров грузиялық журналистерді аяғынан құлатқандай болды. Ал олар, осы елдің бүкіл делегациясы сияқты, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінде айтылған Батыстың қолдауынан кейін жігерленіп-ақ жүрген болатын. Сондықтан да грузиялық журналистер түске дейін-ақ өздерінің БАҚ-тарына Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті аяқталды, декларация қабылданды және онда Грузия туралы оның қалағандары жазылды деп хабарлап та қойған ... Шын мәнісінде талқылаудың аяқталуына әлі тым ерте еді.

Күтіп жүрген кезімізде журналситердің арасында әр түрлі болжамдар айтылып жатты. Баз біреулер АҚШ мемхатшысының ЕҚЫҰ саммитіне қатысуы декларация қабылдауға жеткіліксіз, ал Барак Обама болса ғой... деп жатты. Басқалары Францияның ішкі саяси ахуалдары Николя Саркозиге осында келіп ЕҚЫҰ саммитін жандандыруға мүмкіндік бермегені-ай, сондықтан да бәрі тым баяу жүріп жатыр деді. Үшіншілері, ең тексерілген дереккөзінен алған ақпаратқа сілтемелеп, «тез арада кетіп қалған» өзбек делегациясын кіналады. Солардың, Ауғанстан өз проблемасын өзі шешуі тиіс және Қырғызстандағы ұлтаралық қақтығысты шешуде ЕҚЫҰ шарасыздық танытты деп айтқан Өзбекстан  сыртқы істер министрі Владимир Норов саммитті ұйымдастырушылардың жоспарын бұзып жіберді-мыс деді. Енді саммитке қатысушылар Өзбекстан делегациясынсыз не істерін білмей, саммит те саммит болмай, декларация жобасы жоба түрінде қалатын болды-мыс, деп айтып жатты...

Форумның екінші күнінің соңына қарай таратылған, баспасөз-мәслихатын бұрын мәлімденгендей, Қазақстан басшысы емес, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өткізетін болыпты деген қауесет жағдайды одан сайын қыздыра түсті. Саммит үш тараптың – іс басындағы төрға ретінде Қазақстанның, алдағы төраға - Литваның, және астаналық осы шараның негізгі «айыпкері» ЕҚЫҰ-ның өзінің қатысуымен бірлескен мәлімдемемен аяқталуы тиіс болатын.

Ал, президент Нұрсұлтан Назарбаев  саммиттің төртінші, шешуші отырысын ашқанда және жаңа ғана ЕҚЫҰ тұрақты кеңесі Астана естелік декларациясын мақұлдады деп мәлімдегенде, нәтиже саммитті ұйымдастырушылар жоспарлағандай болғаны түсінікті болды.

«Судьяның» ағаш балғасының соққысымен Нұрсұлтан Назарбаев саммиттің ортақ құжатының қабылданғанын бекітті. Бірақ оның мәтінін журналистер көп кейін ағылшын тілінде алды.

Сонымен, құжаттың бірінші пункті (авторланбаған аудармада) – іс жүзіндегі «Ванкуверден Владивостокқа дейін» қауіпсіздендіру қажеттілігі туралы және шешілмей қалған мәселелерді қисынды аяғына дейін міндетті түрде жеткізу керектігі туралы кіріспе сөз. Екінші пункте ЕҚЫҰ-ның бұрын қабылдаған құжаттарының сабақтастығы туралы, сондай-ақ демократиялық нормалар мен адам құқықтары туралы айтылады. Үшіншісі – ЕҚЫҰ-ның барлық мүшелерін теңестіреді, бірақ ешқандай мемлекет аталмайды. Төртіншісі - конфронтацияларды өткенге қалдырып, жарқын болашақ құру қажеттігін сипалай айтып өтеді (декларацияның атына қараңыз).

Оның артынша негізгі міндеттер – демократияны нығайту, сөз бостандығы, адам құқықтарын санап шығады.  Одан кейін азаматтық қоғам құру маңыздылығы айтылады. Жетінші позиция кемсітушілік пен толеранттықтың жоқтығының қауіптілігі, энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздік маңыздылығы айтылады. Сондай-ақ, жаңа дағдарыстарды болжау мен оны болдырмау қажеттілігі айтылады. Және бұл, Қазақстан басшысының Астанада ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік және болжам институтын ашу жөніндегі ұсынысының тікелей көрінісі деуге болар.

Сегізінші пункте халықаралық нормалар мен ережелер негізінде әскери қақтығыстарды болдырмау туралы айтылады. Өз территорияларында шиеленістер өршіген елдер өкілдері екі күн бойы Астанада «қызылкеңірдек болып жатқаны» дәл осы.  Бірақ декларацияда бір де мемлекет аталмайды...

Одан кейін әңгіме лаңкестікпен күрес, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, эмиграциямен күрес т.б. болып кете береді. Онбірінші пункте Корфу процессі туралы айтылады және Нұрсұлтан Назарбаев қорытынды конференцияда айтқан: еуроатлантикалық және уроазиялық аймақтардың арасындағы сызық алынып тасталуы керектігі туралы тезис бар.

Он екінші пунктте ЕҚЫҰ СІМ басшыларының 2011-ші жылы 6-7-ші желтоқсанда Литва астанасы Вильнюсте бас қосатындығы айтылады. Он үшінші пункте ЕҚЫҰ төрағалығын кезекпен алатын 2011, 2012, 2013-ші жылдары тиісінше, Литва, Ирландия мен Украинаны құтықтау айтылады.

Шын мәнісінде, саммит резолюциясы Грузияның территориялық тұтастығы туралы да, РФ қарулы күштерінің Оңтүстік Осетиядан шығарылу керектігі туралы да, созылмалы шиеленістерді «жібіту» тәсілдері туралы да ешқандай нақтылығы жоқ құжат болып шыққаны ғой.

Естелік Астана декларациясы несімен есте қалар екен? ЕҚЫҰ саммитін Қазақстан елордасында өткізілуімен бе? РФ басшысы Дмитрий Медведевтің Ұйымның 20-25 жыл бұрын қабалданған жарғысының ескіргендігі туралы мәселені көтергендігімен бе? Немесе Астанадағы саммит декларациясы тек естелік түрінде – «нәтижелерге негізделген» қандай да нақты жоспарының жоқтығымен ғана есте қалады деп, өкініш білдірген делегацияның бір бөлігінің қорытынды сөздерімен бе?

Мысалы, Канада, ЕҚЫҰ мен Ауғанстан арасындағы өзара іс-қимылдардың нығаюына, сондай-ақ осы өңірден төніп тұрған трансұлттық қауіп-қатерді жоюға алаңдаушылық танытты.

Молдова Астанада 11 жылдық үзілістен соң туындаған құжатқа зая кеткен күш жігерге өкініш білдірді. Бірақ, қандай да құжатты үйлестіре алмау ЕҚЫҰ беделіне нұқсан келтірген болар еді деген, саммит резюмесін шығарудың көп сағат кешігуін түсіндіретіндей ескерту айтып барып...

Ресей ымырашылдықтың жоқтығын жұмсақ түрде келісуші тараптардың жекелеген қатысушыларымен (бәлкім, Грузияны меңзеп тұрған болар) идеологияланған көзқарасты ұстануымен деп түсіндірді. Әрине, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің осындай түрдегі мінез көрсетуі, Ұйымды қайтадан саяси басымдық тұтқынына айналдыра береді деген күдік білдірді.

Бұл ретте АҚШ 11 жылдан бері бірінші рет өткізіліп отырған ЕҚЫҰ саммитінде біздің заманымыздың негізгі проблемалары – Грузия, Молдова мен Таулы Карабахтағы созылмалы шиеленістер көрініс таппағанына келісе алмады. Сондықтан Астана декларациясын қабылдауды АҚШ өкілі, Литваға өсиет айта отырып, алдыға апарар ең дұрыс жол деп атады. Ал Литва келесі жылы бәлкім әрекет жоспарын қабылдайтын шығар...

Бірақ, ЕҚЫҰ онбір жылдан кейін саммит жинағаны шындық. Қорытындысында Астана естелік декларациясының (ұмытылмасын дегендіктен болар) құжаттарына қоса ілеспе құжаттар топтамасында шиеленістерді өркениетті жолмен шешуді қалайтын елдердің айтқан және ұсынған ұсыныстары, жеке пікірлері де енетін болды. Азаматтық қоғамды сақтау, бостандықтар мен құқықтарды нығайту, елдердің экономикалық қалыптасуын сақтау жолымен. Бейбітшілік жолмен. ЕҚЫҰ аясында болсын, тіпті одан да тыс болсын ол орнығуы тиіс.

0 пікір