Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
10272 26 пікір 12 Қазан, 2017 сағат 09:55

Бішкек: Назарбаев шекарадағы барлық шектеуді алып тастауды тапсырды

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды талқылады, - деп хабарлады қырғыз үкіметінің аппараты.

Ресми ақпарат бойынша, бұл кездесу ресейлік Сочи қаласында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында талқыланған. Исаков Назарбаевқа шекарадағы жағдай туралы айтып берген. Ол бұл жағдайда Қырғызстанның ғана емес, Қазақстанның және басқа да елдердің азаматтары зардап шегіп жатқанын атап өтті.

Келіссөздерден соң президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үкіметіне шекарадағы барлық мәселелерді шешуді тапсырды, деп хабарлады Қырғызстан үкіметі.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай 10 қазанда қиындады. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстан шекарада қатаң режимде жұмыс істей бастаған. Соның салдарынан өткізу пунктерінде ұзын кезек пайда болған.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1697
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1654
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1315